Просмотр содержимого документа
«Технологиялық карта кіші топтарға»
№ 2. Ұйымдастырылған оқу іс-әретінің
технологиялық картасы
2 – ші кіші топ – Ақбота ай – Қыркүйек апта – 3 ____________
Білім саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Ас атасы - нан»
Мақсаты: Нан туралы түсінік беру, сана – сезімдерін дамыту. Қадірлікке тәрбиелеу
Міндеттері -
Білімділік: Нан туралы білімдерін жетілдіру
Дамытушылық: Сөздік қорларын дамыту
Тәрбиелік: Еңбекке тәрбиелеу
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдіс –тәсілі: Түсінік беру, сұрақ – жауап, суретпен жұмыс, іздену жұмысы, артикуляциялық жұмыс, жаттау, ертегі – Бауырсақ
Сауықтыру міндеттері: саусақ жаттығуы «Менің отбасым», дем алу жаттығулары «Байсалды, ақырын дем аламыз», көзге арналған жаттығу «Жел», сергіту сәті «Әтеш».
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Топ – топпен
Әрекет кезеңдері
Маман
іс - әрекеті
Балалар
іс - әрекеті
Есеп
Мотива-циялық – қозғаушы
Шаттық шеңбер:
Амандасу
Сәлем әлем
Сәлем саған
Сәлем сізге
Сәлеметсізбе
Сұрақ – жауап өткізу
Қонаққа Ата мен әже келеді
Қонақ диалогы
Шеңберге тұрады
Амандасады
Айтады, қимыл жасайды
Жауап береді
Қонақпен амандасады
Диалогта сөйлеседі
Ұйымдастыру – іздену
Ас атасы – нан
Түсінік беру, әңгімелесу, мағлұмат ету, диалог өткізу.
Саусақ жаттығуы:
Бас бармақ – ата
Сұқ саусақ – әже
Ортан терек – әке
Шылдыр шүмек – ана
Кішкене бөбек – мен
Суретпен жұмыс, суреттегі бейнелерді атау, суретті сипаттап, талдау жасау. Салыстыруды еске түсіру.
Әңгімелесу – Мынау кім?
Қасында кімдер отыр?
Не сұрауда?
Бауырсақ пішінін айту
4. Дем алу жаттығуы: «Байсалды, ақырын дем аламыз»
Мұрынмен баяу дем алу. Кеуде ауаға толған кезде, дем алуды тоқтату, кідіріс жасап, шыдау. Сосын байсалды дем шығару ( 5-10рет).
Дыбыстық және сөздік жұмыс.
Бидай, ұн, қамыр, нан, бауырсақ
Сергіту сәті: «Әтеш».
Таңата әтеш оянады. Тартылу, қолдар жоғары,
дем алу - шығару.
Жаттығуға дайындалды. Кеуде тұсында
қолдармен серпілту.
Оңға – солға бұрылды, Оңға – солға бұрылу.
Отырып – тұрды барынша. Отырып - тұру.
Тұмсығын ол тазалады. Басты оңға – солға ию.
Суға шапшаң секірді! Отырады.
Топтық жұмыс: Іздену
Суреттегі бейнелерді карточкалар арасынан іздеп табу, атын атау. Алгоритм құрастыру: