kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жиын. Бір – к?п. Заттарды орта? ?асиетіне ?арай топтар?а біріктіру

Нажмите, чтобы узнать подробности

№1 технологиялы? карта

Та?ырыбы: Жиын. Бір – к?п. Заттарды орта? ?асиетіне ?арай топтар?а біріктіру.

Ма?саты:

а) балаларды заттар тобыны? (жиынны?) орта? белгілерін тауып, заттарды белгілі бір ?асиетіне ?арай «?лкен», «кіші» деген топтар?а біріктіре алу?а ?йрету; бір жеке затты тауып к?рсету; бір элементтен т?ратын жиын туралы т?сінік ?алыптастыру; «бір» ж?не «бернеше» («к?п») терминдерін енгізу;

?) д?птерде берілген тапсырмалармен ж?мыс істеу ?абілетін арттыру; балаларды? зейіні мен тал?ылау ?абілетін дамыту;

б) ?лкендер е?бегін ба?алау?а т?рбиелеу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жиын. Бір – к?п. Заттарды орта? ?асиетіне ?арай топтар?а біріктіру»


1 технологиялық карта

Тақырыбы: Жиын. Бір – көп. Заттарды ортақ қасиетіне қарай топтарға біріктіру.

Мақсаты:

а) балаларды заттар тобының (жиынның) ортақ белгілерін тауып, заттарды белгілі бір қасиетіне қарай «үлкен», «кіші» деген топтарға біріктіре алуға үйрету; бір жеке затты тауып көрсету; бір элементтен тұратын жиын туралы түсінік қалыптастыру; «бір» және «бернеше» («көп») терминдерін енгізу;

ә) дәптерде берілген тапсырмалармен жұмыс істеу қабілетін арттыру; балалардың зейіні мен талқылау қабілетін дамыту;

б) үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу;


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

«Анамызға дастархан жаюға көмектесейін» ойыны. Себетке жазық немесе көлемді материалдар салып әкелеміз (жемістер, көкөністер, тәтті тағамдар, қарбыз). Балаларға ойын ойнауды ұсынамыз.

-Анамызға себеттегі заттарды шығарып, оларды топтастыруға көмектесейік. Бәріміз бірге орындайық. Балалар, сендер қандай ұсыныстар айтар едіңдер?

Жиынды ішкі жиындарға бөлуге көмектеседі: көкністер, жемістер, тәтті тағамдар, қарбыз.

-Біздің қолымызда неше жеміс бар? Олар көп пе әлде бірнешеу ме?

-Көкөніс, тәтті тағамдар нешеу екен?

-Қарбыз туралы не айтуға болады? Қарбыз нешеу екен?

Педагог балаларға жаңа дәптерді қарап шығуды ұсынады. Екі бетке орналасқан сабақ тапсырмаларымен таныстырады. Дәптерді қалай пайдалану керектігін үйретеді. Бірінші шартты белгімен («қоршап сыз» - ) таныстырады және балаларды тапсырманы шартты белгі бойынша «оқып шығуға» үйретеді.

Ұжымдық жұмысты жалғастыру үшін

1-тапсырманы орындауды ұсынады.

Балалардың қолындағы бұлшық еттерді дамыту үшін сергіту сәтін өткізеді.

Балалар төмендегі жаттығуларды

Балалар ойынға құлшына кіріседі.






Заттарды көкөніс, жемістер, тәтті заттар деп бөлу керектігін айтады. Заттар тобын бір сөзбен айтады.



Қарбыздың қандай топқа жататынын табуға қиналады.

Қарбызды бөліп қояды – олар біреу.

Сөз арасында «көп» және «бірнеше» сөздерін қолданады.

Оларды санына қарай бір-біріне қарама – қарсы қояды: жеміс – аз, ал қарбыз – біреу. Көкөніс көп, ал қарбыз біреу, т.б.








Дәптерді ашып,

1-тапсырманы орындайды.

Ұйымдастырушықы - ізденістік

орындауды ұсынады:

1) «Қоян» - жұдырығымыз түюлі. Содан соң сұқ саусақ пен ортақ саусағымызды шығарамыз. «Қоян» құлағын шығарады.

2) «Сақина» - жұдырығымыз түюлі. Басбармақ пен сұқ саусақтарыңда бір-біріне қосыңдар.

3) «Саусақтардың сәлемдесу» - алақанымызды жоғары көтеріп, саусақтарымызды бір-бірімен айқастырамыз.

Балаларға 2-тапсырманы орындауды ұсыгып, «боя» деген шартты белгімен таныстырады. Тапсырманы жеке орындауға және алмалар мен алмұрттарды белгісіне қарай топтастыруға уақыт беріледі. Содан соң сұрақ қояды:

-Әр топта неше үлкен және неше кіші алма бар екен?

Балаларды сөз арасында: «бірнеше» немесе «көп», «бір» деген сөздерді қолдануға итермелейміз. Сергіту минутын өткіземіз.

Саусақтарын жаттықтыру:

2-тапсырманы орындайды, бір зат пен көп (бірнеше) затты бояйды. Заттарға: «Кішкентай алмалар мен бір үлкен алма», «Кішкентай алмұрттар мен бір үлкен алмұрт» деген атаулар береді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Бүгін қандай сөздер кездестіргенін сұрайды. Балаларды «анасына көмектескені үшін» мақтайды. Олардың тақырыпты қалай түсінгенін сұрайды. «Жапсыр» деп аталатын жаңа шартты белгімен таныстырады және жапсырманы қай жерде табатынын, 3-тапсырманың сол жағына көп алма, оң жағына бір алма жапсыру керектігін түсіндіреді. Тапсырманы орындағаны үшін балаларға алғыс айтады, сабақтан кейін оқу құралдарын мұқият жинап қою керектігін түсіндіреді.

Қорытынды, ойыннан алған әсерлерімен бөліседі. 3-тапсырманы орындай отырып, жаңа тақырыпты қалай түсінгендігін айтады.

Оқу құралдарын үстелдің шетіне жинап қояды.


Күтілетін нәтиже:

біледі: «бір және көп», «бірнеше» терминдерін;

игереді: заттарды белгілі бір қасиетіне (белгісі) қарай топтастыру туралы жалпы түсінікті, баспа дәптерімен жұмыс істеу жөніндегі түсінікті;

меңгереді: бір затты көрсетуді, заттарды бір белгісіне қарай топтарға біріктіруді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жиын. Бір – к?п. Заттарды орта? ?асиетіне ?арай топтар?а біріктіру

Автор: Назымбек Сания Даулетбековна

Дата: 07.01.2016

Номер свидетельства: 273286


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства