Просмотр содержимого документа
«Технологиялық карта ересек топтарға»
№ 1. Ұйымдастырылған оқу іс-әретінің
технологиялық картасы
Ересек топ – Родничок ай – Қыркүйек апта – 1 ______________
Білім саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Менің балабақшам
Мақсаты: Балабақша туралы түсінік беру, бақша атын, қай көшеде орналасқанын айта білуге дағдыландыру. Балалардың сөздік қорларын байыту, шағын әңгіме құра білуге үйрету. Ойыншықтарды қазақ тілінде атап, белсенділіктерін арттыру, шағын өлеңдерді жаттап алуға үйрету.
Міндеттері -
Білімділік: Балабақша өмірімен таныстырып, білімдерін жетілдіру
Дамытушылық: Ой – қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Қамқорлыққа тәрбиелеу
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдіс –тәсілі: Түсінік беру, сұрақ – жауап, суретпен жұмыс, іздену жұмысы, дидактикалық ойын «Орнын тап», артикуляциялық жұмыс
Сөздік жұмыс: Балабақша, қызметкер, топтар, балалар, тәрбиеші
Билингвалды компонент: Балабақша – детский сад, қызметкер - сотрудник, топтар - группы, балалар - дети, тәрбиеші – воспитатель, бірінші қабат – первый этаж, екінші қабат – второй этаж
Технологиялар: Мурашковска
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту
Көрнекіліктер: Сурет, кабинеттер, бөлмелер
Сауықтыру міндеттері: саусақ жаттығуы «Менің отбасым», дем алу жаттығулары «Түрлі – түсті жапырақ», көзге арналған жаттығу «Жаңбыр»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Саяхат сабақ
Әрекет кезеңдері
Маман
іс – әрекеті
Балалар
іс - әрекеті
Есеп
Мотива-циялық – қозғаушы
Шаттық шеңбер: Амандасу
Мен тек жақсы ойлаймын
Мен тек жақсы естимін
Мен тек жақсы көремін
Мен тек жақсы айтамын.
Сұрақ – жауап өткізу
Шеңберге тұрады
Амандасады
Айтады, қимыл жасайды
Жауап береді
Ұйымдастыру – іздену
Балабақша
Меңгеруші кабинеті, түсінік беру, амандасу.
Әдіскер кабинеті, түсінік беру, амандасу
Музыка залы, амандасу, саз жетекшімен танысу
Саппен жүріп саусақ жаттығуын жасау:
Бас бармақ – ата
Сұқ саусақ – әже
Ортан терек – әке
Шылдыр шүмек – ана
Кішкене бөбек – мен
Топтық жұмыс: Сөздер және сөз тіркестерін айту
Балабақша, Тәрбиеші, Балалар, Ойыншықтар.
Екінші қабат, бірінші қабат. Баспалдақпен жүру.
1 қабат кабинеттерімен танысу.
Дем алу жаттығуы:
«Түрлі – түсті жапырақ»
Балалар алақандарына жапырақтарды алады да, дем жұтып, жапырақты үрлейді.
Саппен жүріп жаттау айту
Топ, топ басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса, жаса атын күн
Жаса, жаса - Қазақстан
Кабинетке оралу
Дыбыстық жұмыс.
Ша – ша – бақша,
Шық – шық – ойыншық.
Көзге арналған жаттығу: Жаңбыр
Жаңбыр, жаңбыр жаушы.
(жоғарыға қарайды.)
Тамшы, тамшы, тамшылар.
(төменге қарайды.)
Су қылдырмай біздерді.
(көзбен айналдырады.)
Терезені соқпашы. (Тура қарайды)
Іздену
Суреттегі бейнелерді дәптердегі суреттер арасынан іздеп табу, атын атау, өзара байланыстыру.
Карточкамен жұмыс.
Атаған затты ойыншықтар арасынан іздеп табу, атын атау.