kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тастың қасиеттерімен таныстыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект занятий про свойства камней. с ребятами проводится эксперимент, про то какими разными камни бывают. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тастың қасиеттерімен таныстыру"»



«Тексерілді»

Балабақша әдіскері:

С.Э.Бопылова








Жас мамандар отырысының

ашық оқу іс – әрекеті


Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Экология

Тақырыбы: «Тастың қасиеттерімен таныстыру»








Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

жедел басқару құқығындағы

«№11 Балдырған балабақшасы»

МКҚК – ның №10 «Балдәурен» ересек тобының тәрбиешісі Джусибалиева Б.Л.







2014/2015 оқу жылы

№10 «Балдәурен» тобында ұйымдастырылған ашық оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Экология

Тақырыбы: Тастың қасиеттерімен таныстыру.

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды тастың қасиеттерімен таныстыру.

Дамытушылық:Танымдық қабілеттерін дамыту, ізденімпаздық қызметі арқылы ақыл – ой, көз өлшемі, логикалық ойлауын дамыту, сөйлеу белсенділігінің деңгейін жоғарылату және сөздік қорын байыту, қол түйсігімен сезгендерін сөзбен жеткізе алуға бейімдеу, таным белсенділігі, проблемалық зерттеу әрекеттерінің алғашқы дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз құрбыларына құрмет білдіру, жанашырлық және көмек ұсыну сезімдеріне тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс:Үлкейткіш құралы, зерттеу, паралон, зертхана, жартас.

Алдын ала жұмыс: еліміздің таулы ландшафттар суреттерін қарастыру, балалармен тау туралы әңгімелесу.

Демонстрациялық материалдар: тау – тастар туралы слайд

Керекті құралдар:тастар жиынтығы, үлкейткіш құралы,паралон, стакандағы су.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті







Мотивациялық -қозғаушы

Тәрбиеші:

-Балалар бүгін бізде ерекше күн, өйткені бізде ашық оқу іс – әрекеті және бізге көптеген қонақтар келген екен. Қане барлығымыз шаттық шеңберін құрып, келесі сөздерді айтып, келген қонақтармен амандасайық.

Шаттық болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген,

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

-Сәлеметсіздер ме, апайлар, сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Балалар топқа келген қонақтарды көрді, шаттық шеңберін құрды.

















Іздену ұйымдастырушы

Тәрбиеші:

-Балалар, бүгін біз «Көңілді доп» ойынын ойнаймыз.

Ойынның шарты: сендерге допты лақтыру арқылы сұрақтар қоямын, сендер допты қағып алып, сұраққа жауап беріп, допты маған лақтырасыңдар.

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?


-Күз мезігілінде неше ай бар?



-Күз мезгілінде ауа – райы қандай болады?






-Балалар бір аптада неше күн бар?




-Бүгін аптаның нешінші күні,

қалай аталады?

-Балалар табиғат дегеніміз не?



-Табиғат нешеге бөлінеді?


-Тірі табиғатқа не жатады?





-Ал өлі табиғатқа не жатады?


-Дұрыс балалар, мен сендерге көркем сөз оқып берейін.

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады,

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқыса шығады.

-Балалар мен не туралы оқыдым, дұрыс тас туралы көркем сөз екен, олай болса балалар, бүгін біз экология оқу іс – әрекетінде тастардың құпиясымен танысамыз.


-Балалар, сендер саяхатқа шыққыларың келе ме, олай болса автобусқа мініп, зертхана саяхатқа барайық.

-Балалар бүгін біз осы тастардың құпиясы мен қасиеттерін білу үшін зерттейміз.

-Заттарды зерттеумен кімдер айналысады?

-Зерттеуге арналған аспаптармен жабдықталған бөлмені зертхана деп атайды. Қазір бізге зерттеушілер тастың қасиеттерін зерттеп, дәлелдеп көрсетеді, ал қалғандарымыз олардың жасаған тәжірибелерін бақылаймыз.

Тас дегеніміз не? Тас қалай, қайдан пайда болады? Алдымен мен сендерге тас туралы түсінік берейін, сендер интербелсенді тақтаға назар аударып, мені мұқият тыңдап отырыңдар.

(Тау – тастар туралы слайд көрсету).

-Тастардың түстері де, пішіндері де әртүрлі болады. Барлығымыз білетін үй салатын тастар болады, олардан құрылысшы ағаларымыз үлкен – үлкен үйлер, ғимараттар салады. Үй салатын тастар төртбұрышты болып келеді оларды кейде кірпіш деп атайды. Міне мына суретте құрылысшылардың үй салып жатқан суреттері бейнеленген.

Сонымен қатар шебін тастар болады. Шебін тастар әр түрлі болып келеді, үлкен және кіші тастар және түрлі – түсті шебін тастар. Үлкен шебін тастарды көбінесе жолдар салғанда, темір жолдарда көптеп пайдаланады. Ал шебіннің кіші түрлерін үйлердің ірге тастарын қалағанда пайдаланады екен. Ал түрлі – түсті шебін тастарды қаланы безендіруге қолданады.

Теңіз жағалауында сырты тегіс май тастар көптеп кездеседі. Олардың түстері мен пішіндері әртүрлі болып келеді.

-Ал мына тастар балалар – керамзит тастар деп аталады. Керамзит тастар салмағы жағынан өзге тастарға қарағанда жеңіл болады, оларды гүл отырғызған кезде, гүлдердің тамырына ауа келіп тұруы үшін түбектің төменгі жағына салады. Сонымен қатар керамзит тастарды үйлердің едендерін жылыту үшін де қолданады екен.

-Балалар, табиғатта асыл тастар да көптеп кездеседі. Асыл тастарды әшекей заттарды безендірген кезде пайдаланады. Мысалы сырға, жүзік, білезік және алқаларды асыл тастармен безендіреді. Міне мына суреттерде сол асыл тастармен безендірілген зергерлік бұйымдар көрсетілдген.

-Ал осы айтып отырған тастарымыз қайдан пайда болады? Тастарды таулардан алады. Жаңбыр жауған кезде тауларда жартастардың арасына су кіреді, сол сулар қыста қатып жартастардың арасын кеңітеді. Жартас дегеніміз таулардың арасындағы жыралар. Жыл сайын жарық үлкейіп отырады. Сонан соң таудан тас бөліктері сынып түседі. Осылайша тас пайда болады екен. Қане балалар, «жартас» деп айтайықшы.

Сергіту сәті: «Құм, тас, су»

«Құм» дегенде, балалар әр жерде шашыраңқы болып жүреді, «су» дегенде толқын жасап қозғалады, «тас» деген кезде өз қолымен мүсін жасап тұра қалады.

-Балалар енді зерттеуімізді бастайық.

1 – тәжірибе: «Түсі мен пішінін анықтау»







2 – тәжірибе: «Көлемін анықтау»








3 – тәжірибе: «Сыртқы жағын анықтау»




4 – тәжірибе: «Неге бұдырмақты?»








5 – тәжірибе: «Салмағын анықтау»






6 – тәжірибе: «Жүзгіштігін анықтау»







7 – тәжірибе: «Тас суды сіңіре ме?»








-Балалар біз алдын ала тастар туралы мақал – мәтелдер жаттаған болатынбыз, қане кім тас туралы мақал айтады.



Балалар ойын ойнауға қызығушылық танытады.




Балалар сұраққа:

-Бір жылда 4 мезгіл бар.

-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Күз мезгілінде 3 ай бар, қыркүйек, қазан, қараша айлары.

-Күз мезгілінде ауа – райы салқын болады, ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсе бастайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Бір аптада 7 күн бар, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

-Бүгін аптаның екінші күні, сейсенбі.

-Табиғат дегеніміз адам қолымен жасалмаған бізді қоршаған орта.

–Табиғат екіге бөлінеді. Өлі және тірі табиғат.

-Тірі табиғатқа адамдар, өсімдіктер, жануарлар жатады. Олар тыныс алады, қоректенеді, сезеді, өседі.

-Өлі табиғатқа ауа, су, жер, күн тас жатады.







-Тас туралы,- деп жауап береді.

Балалар тастың құпиясымен танысатынын біледі, саяхатқа шығуға келіседі.


Балалар зертханаға келіп, ғалымдармен амандасады.


-Зерттеумен ғалымдар мен зерттеушілер айналысады.












Балалар слайд арқылы тас туралы түсінік алады.














































Балалар тасты таудан алатынын білді.






Сергіту жаттығуларын жасайды.






Балалар тастарды қолдарына ұстап, қағаздағы пішіндердің үлгілерімен салыстырып, тастардың түстері мен пішіндері әртүрлі екенін біледі, айтады.

Балалар тастарды қолдарына ұстап, тастардың бірі үлкен екенін, енді бірінің кішкентай екенін салыстырып, анықтап, тастардың көлемі әртүрлі екенін айтады.

Балалар тастарды қолдарымен сипап көріп, олардың тегіс және бұдырмақты болатынын байқайды.

Балалар үлкейткіш құрал арқылы тастардың бетіндегі шұңқырлар мен дақтар, басқа да өрнектер тасты бұдырмақты қылып көрсетіп тұрғанын айтады.

Балалар тастың ауырлығын байқау үшін паралонмен салыстырып өлшейді, тастың ауыр екеніне көздері жетеді.

Балалар тастың жүзгіштігін ыдыстағы суға паралонмен тасты салып, салыстырады, паралон судың бетіне қалқып шығады, тас суға батып кетеді.

Балалар паралонмен тасты суы бар екі стакан суға салып байқайды. Нәтижесінде паралоны бар стаканда су қалмайды, ал тас суды сіңіре алмайтынын байқайды.

Балалар тастар туралы мақалдар айтады:

Динара:

Керек тастың ауырлығы жоқ.

Сырғалым:

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

Гүлназ:

Тау мен тасты су бұзар,

Ел арасын қу бұзар.

Ерғали:

Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

Бейбіт:

Асыл тастан,

Ақыл жастан.

Айназ:

Темір – шеге тасқа кірмейді,

Ақыл – надан басқа кірмейді.

Әйгерім:

Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

Рефлексі - коррекциялаушы

-Міне балалар, біз тастың қасиеттерін зерттедік, енді көргендерімізді қорытындалайық. Олай болса балалар тастың түсі мен пішіні бірдей ме?


-Тастың көлемі бірдей ме?



-Тастың сыртқы жағы қандай?




-Тастың бұдырмақ екенін қандай құралмен анықтадыңдар?

-Тастың салмағы қандай?

-Тас суда жүзе ме? Неліктен?


-Тас суды сіңіре ала ма? Неліктен?



-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі зерттеулер сендерге ұнады ма? Бүгінгі іс – әрекетке барлығыңыз жақсы қатыстыңыз. Мақтау, мадақтау. Іс – әрекетті қорытындылау.

Балалар көргендерін қорытындылайды.

-Тастардың түстері мен пішіндері бірдей емес, әртүрлі.

-Тастың көлемі бірдей емес, олар әр түрлі болады.

-Кейбір тастар тегіс, кейбір тастар бұдырмақты болып келеді.

-Үлкейткіш құралмен анықтадық.

-Тастың салмағы ауыр.

-Тас суда жүзбейді, себебі тас ауыр.

-Тас суды сіңіре алмайды, себебі, тас ауыр.

-Ұнады, - деп жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: тастардың қасиеттерін анықтау үшін зерттеу жасайды, тастар туралы

мақалдар айтады.

Түсінеді: тастардың пішіні мен түстері, көлемі әртүрлі болатынын;

Қолданады: зерттеу үшін үлкейткіш құралдарды, тасты және суды қолданады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Тастың қасиеттерімен таныстыру"

Автор: Джусибалиева Бибигуль Лесовна

Дата: 07.02.2017

Номер свидетельства: 389156

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Тастар мен тас көмірлер"
    ["seo_title"] => string(25) "tastar_mien_tas_komirlier"
    ["file_id"] => string(6) "408396"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491908796"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Жанды ж?не жансыз таби?атпен таныстыру"
    ["seo_title"] => string(38) "zhandyzhniezhansyztabigatpientanystyru"
    ["file_id"] => string(6) "284460"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453985378"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Алгоритм ж?не оны? ?асиеттері "
    ["seo_title"] => string(35) "alghoritm-zh-nie-onyn-k-asiiettieri"
    ["file_id"] => string(6) "127031"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415261813"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ашы? саба? : "Ауа деген не?""
    ["seo_title"] => string(28) "ashyk-sabak-aua-dieghien-nie"
    ["file_id"] => string(6) "309730"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458844129"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ашы? саба? : "Ауа деген не?""
    ["seo_title"] => string(30) "ashyk-sabak-aua-dieghien-nie-1"
    ["file_id"] => string(6) "309731"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458844137"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства