kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таным. Бидай өнімдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бидай өсіру туралы балалардың білімдерін жетілдіру. Нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу, ұғындыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таным. Бидай өнімдері»

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық.

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: Бидай өнімдері.

Мақсаты: Бидай өсіру туралы балалардың білімін жетілдіру. Нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу. Бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсету. Балаларды еңбекке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Бейне таспа,бидай масағы,дәнді дақылдар, нан түрлері.

Сөздік жұмыс: Егістік, бидай.

Билингвальді компонент: Егістік –поля, бидай – пшеница.

Оқу қызметінің барысы:

1 - Кіріспе бөлім.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме балалар. Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Балалар бізде бүгін ерекше күн, өйткені бізге көптеген қонақтар келіпті. Қонақтарымызбен амандасайық. 3 тілде амандасады: - Сәлеметсіздерме, здравствуйте, гудмонинг.

Тәрбиеші: - Балалар шаттық шеңберіне тұрайық, алақан жылуын сезінейік, бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар. Қәне орнымызға жайғасайық.

-Балалар, бүгін аптаның қай күні?

-Сейсенбі.

-Жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі.

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күн салқындайды,жауын – шашын көп болады, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері бар.Күн салқындап жиі – жиі жауын – шашын болады. Адамдар жылы киімдерін киеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсе бастайды. Жеміс – жидектер, көкөністер піседі, сонымен қатар дәнді дақылдарда пісіп ел егінді жинайды. (Қорапшаға салынған дәнді дақылдарды көрсету).

-Енді бүгінгі оқу қызметімізде осы дәнді дақылдардың ішінен бидаймен танысатын боламыз.

(Осы кезде есік жақтан дыбыс естіледі).

-Балалар бізге біреу келген сияқты. Бұл кім болды екен?

-Аа Кесірбек екенғой. Балалар бұл қайдан келе қалды?Қолында бидай сабағы бар. Оны не үшін үзіп – жұлып сындырып жүр екен?

Кесірбек: - Ооо мында балалар бар екенғой. Балалар, келіңдер ойнаймыз.

Тәрбиеші: -Кесірбек , сен қайдан жүрсің. Неге мұны сындырып жүрсің? (Қолынан бидай сабағын алады).

Кесірбек: - Не болды соншама? Жәй шөппен ойнағым келген. Мен бұл шөпті егістіктен алғам. Ертең күн суытса, қар астында қаладығой.

Тәрбиеші: -Жоқ – жоқ, Кесірбек, бұл жәй шөп емесқой. Бұл бидай, бидайдың масағы. Бұл егістікте өседі. Кесірбек сен біздің балалармен отырағой, ал мен сендерге бидайдың қандай жолмен өсетіні, нан болып дастарқанымызға келетінін түсіндіріп берейін.

-Балалар біз нанды қайдан аламыз?

-Дүкеннен.

-Балалар қараңдаршы нанның бірнеше түрі бар екен. Ақ бөлке, қызыл күрең тоқашта, сап – сары бауырсақта, батонда бар екен. Ал енді осы нандарды неден пісіреді? (Тәрбиеші балаларға нанның бір неше түрін көрсетеді.)

Балалар: -Ұннан.

Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар. Ал енді сол ұн қайдан келеді, соны бүгінгі оқу қызметімізде білетін боламыз. Балалар сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешімін таба аласыңдарма?

Балалар: Иә табамыз.

Тәрбиеші: - Ұзын бойлы сарылар,

Қойынында наны бар. Бұл не?

Балалар: -Бидай.

Тәрбиеші: -Дұрыс қазір мен сендерге бидай туралы түсінік беремін. Мынау бидай масағы, мынау бидайдың ұзын сабағы, ал мынау мұртшалары. Егер мына бидайдың сыртындағы қауыздарын аршитын болсақ, онда одан мынандай бидайлар шығады. Оның дәнегін ұнтақтаса ұн пайда болады. Балалар нанның қандай жолмен біздің дастарқанымызға келетінін мына бейне таспа арқылы тамашалайық.

(Бейне таспа көрсетіледі).

Тәрбиеші: -Бидай астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Бидай негізі азық – түліктік дақыл. Оның дәні, кебегі, сабаны құнарлы мал азығы, құрама жем өнеркәсібінің шикізаты.

Алдымен жерді жыртады. Сосын оған дәнді тастайды, бидай егеді. Дәндерден жаңа сабақ өсіп шығады. Әр сабақтың басында көптеген дәндер пайда болады. Сабақтарды орып алып олардан шыққан бидай дәндерін қағып алады. Бидайды диіерменге апарады, Диіерменде бидайды тартып ұн алады. Ұнды наубайханаға апарып нан өнімдерін пісіреді. Дайын нан өнімдерін дүкенге апарып сатады. Міне балалар бидайдың ұн болып, ұнның нан болып біздің дастарқанымызға келу жолдарын біліп алдыңдар.

Билингвальді компонент: Балалар бүгін біз оқу қызметімізде жаңа сөздер үйрендік. Ал енді осы сөздердің орыс тілінде қалай айтылуын үйренейік.

Егістік – поля, бидай – пшеница.

Жарайсыңдар, балалар. Ал енді шаршаған боларсыңдар, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті: Видео арқылы жаттығулар жасайды.

-Жарайсыңдар, балалар, орнымызға жайғасайық. Енді оқу қызметімізді арі қарай топтық жұмыс арқылы жалғастырайық.

Топтық жұмыстың шарты: Барлығымыз топтасып жұмыс жасаймыз. Топтық жұмысымыз 4 кезеңнен тұрады.

1-кезең . . Таратылған үлестірмелі карточкалар ішінен дәнді дақылдарды ажырату және аттарын атау.

2-кезең. Күз туралы, нан туралы тақпақтар, мақал – мәтелдер айту.

3-кезең. Сұрақ – жауап, сурет бойынша күз мезгілінің ерекшліктері жайлы әңгімелеу.

4- кезең. Бидай сабақтарына бидай дәнектерін жапсыру арқылы масақ дайындаймыз.

(Балалардың жұмыстарын Кесірбек пен аралап, жасаған жұмысын тақтаға ілу).

3-Қорытынды бөлімі:

Асқар Тоқмағамбетовтың өлеңі:

«Бидай мен қаңбақ» айтысы, көрініс (Басына атрибуттар киген үш бала ортаға шығады)

Өзі қаңбақ болсын,
Онда қайдан салмақ болсын,
Тұрақтай алмай тегістікке,
Тірелді бір күн егістікке.
Бидайға қаңбақ тым қатты,
Дауыспен былай тіл қатты:
— Сен осы бидайсың ба?
— Бидаймын.
— Ақыл айтсам тыңдайсың ба?
— Тыңдаймын.
— Ашып айтсақ дұрысын,
Осы қай тұрысың?!
Жүрмейсің, көрмейсің, кезбейсің,
Не бар, не жоқты да сезбейсің.
Көктемде шығып,
Бастарың салбырап,
Күз болса бұғып,
Тұрғандарың маужырап...
Мен болсам міне,
Күні мен түні
Ұшарымды жел біліп,
Қонарымды сай біліп,
Сайран салып жүргенім,
Қызық өмір сүргенім...
— Ей, қаңбақ! — деді бидай,
Қанасына симай:
— Ашып айтсақ дұрысын,
Осы қай жүрісің?
Белгілі тұрағың жоқ,
Бас түгіл құлағың жоқ,
"Уф " десе қонасың,
"Суф " десе қонасың,
"Уф " десе ұшасың,
Қаңғырған қаңбақсың,
Кімге тұлға болмақсың ?
Біз болсақ міне,
Күні мен түні
Жинағанымыз дән,
Айналамыз толған ән...
Абырой да, бақ та,
Атақ та, даңқ та
Ерлік те, жеңіс те —
Барлығы осы егісте...
Бидайдың сөзі осымен бітті,
Қаңбақ жөніне зытты...
Дұрысын айтқан:
Бидай ма, қаңбақ па, —
Оны өздерің салмақта.

Кесірбек: Балалар сендер өте өнерлі, ақылды, зерек екенсіңдер. Мен енді бидайды, бидайдан нан жасалатынын және оның қандай жолдармен біздің дастарқанымызға келетінін білдім. Рақмет сендерге, сау болыңдар.

Тәрбиеші: Сау бол Кесірбек сен енді ештеңкеге кесіріңді тигізбей жақсы болып жүр.Мына тоқашты сен жейғой, қоқымын түсірме.Өйткені сен наның қандай жолмен біздің дастарқанымызға келетінін білдің.

Бекіту.

-Балалар дастарқанымызға нан қалай келеді екен?

-Сол үшін қаншама адамдар тер төгеді екен?

-Нан туралы тыйым сөздер білеміз бе?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Қорытындылау: -Балалар, қане барлықтарымыз орнымыздан тұрып шеңберге тұрайық.

Тәрбиеші: -Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнадыма?

Балалар: Иә ұнады.

-Сендерге оқу қызметіміз несімен ұнады?

Балалар: -Маған топтық жұмыс ұнады.

-Бидай туралы білдік.

-Нан біздің дастарқанымызға қандай жолдармен келетінін білдік.

-Жарайсыңдар , балалар.

(Осы кезде аспазшы кіріп келеді, қолында бәліші бар).

Аспазшы: Балалар сендер оқу қызметінде отырғанда мен сендерге дәмді бәліш пісірдім, сендер бәлішті оқу қызметі аяқталған соң шәй мен жей қойыңдар.

Балалар: Рақмет.

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,

Нанда адамның еңбегімен ары бар, - дей отырып бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз. Оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін сендерді мақтау қағазымен марапаттаймын. Қонақтарымызбен қоштасайық. Үш тілде қоштасады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Таным. Бидай өнімдері

Автор: Турсынбаева Роза Утепбергеновна

Дата: 03.02.2021

Номер свидетельства: 572192

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдеріні? т?рбиелік м?ні "
    ["seo_title"] => string(54) "k-azak-khalk-ynyn-u-lttyk-kiimdierinin-t-rbiielik-m-ni"
    ["file_id"] => string(6) "198412"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428405117"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдері"
    ["seo_title"] => string(29) "kazakkhalkynynulttykkiimdieri"
    ["file_id"] => string(6) "277480"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452922046"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Ашық тәрбие сағаты: «Денсаулық әліппесі»"
    ["seo_title"] => string(41) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_diensaulyk_lippiesi"
    ["file_id"] => string(6) "451905"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516698896"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Қазыбек бидің шешендігі"
    ["seo_title"] => string(30) "k_azybiek_bidin_shieshiendighi"
    ["file_id"] => string(6) "383229"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485258836"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Әдебиеттік оқу "Қазыбек бидің толғауы" ашық сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(62) "diebiiettik_ok_u_k_azybiek_bidin_tolg_auy_ashyk_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "355439"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478318461"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства