Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Жасыл шөп.»
Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 12.03.2019ж.
Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.
Білім беру саласы: «Шығармашылық».
Пән:Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Жер – Ана!»
Тақырыбы: Жасыл шөп.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Балалардың бейнелеу әрекетіне қызғушылығын ояту.
Дамытушылық: Балалардың көркемдік қабылдауларын дамыту.
Оқыту:Қарапайым заттарды бейнелеу тәсілдерін меңгерту.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы ,денсаулық-сақтау технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер.үлгі.фломастер,альбом қағаздары.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Таңғы шеңбер:
Топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық!
Жаса,жаса, алтын күн!
Жаса,жаса жарқын күн.
Ойыншық бұзауды кіргізу. Бұзау оларға келіп, сәлем беріп, өзімен сурет салуға қарындаш - фломастер алып келгенін көрсетеді. Балалар тәрбиешінің қимыл – қозғалысын бақылап отыр. Ойыншықпен амандасады.
2.Негізгі бөлімі:
Бұзау өзінің жасыл шөпті жақсы көретін айтады. Өзіне жасыл шөп бергенін өтінді. Түстің түрін айтты: жасыл фломастер. Жасыл фломастер жасыл түсті салады. Таяқ суретші калай сурет салатынын көрсетіп жатыр, және оның көлденең із қалдыратынын: теменнен - жоғарға шөп өсетінін.
Әр баланың, фломастер алғанын қалайды, және онымен қалай қолданылатынын көрсетіп жатыр. Балаларға дәптерде сурет - салуды сұрайды. Қызығушылық туғызып жатқан балаға көмек көpceтіп жатыр.
Саусақ жаттығуы:
Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Оларды атап шақырар, Әрқайсысының аты бар. Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.
Бұзау тәрбиешінің артынан қайталап отыр. Фломастерді қарап тәрбиешінің қимыл қадағалап отыр. Балалар тәрбиешінің айтқаның тыңдап ұғып отыр. Тәрбиешінің айтқан сөзін қайталап отыр - жасыл шөп тәрбиешінің ауада жоғарыдан төмен қимылын қайталап жатыр
3.Қорытынды:
Балалар біз қандай сурет салдық?
Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды.
Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды.