Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 23.05.2019ж.
Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация».
Пән: Сөйлеуді дамыту.
Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»
Тақырыбы: Жасыл шөп.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Табиғат құндылығының маңыздылығын білуге үйрету.
Дамытушылық: Табиғат-Ана, оның байлықтары туралы түсіндіре отырып, табиғатты аяулауға, қорғауға тәрбиелеу.
Оқыту: Табиғатты аяулау, қадірлеу,табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерді меңгереді.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы ,сұрақ-жауап әдісі.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық!
Балалар қарандаршы бүгін бізге қонаққа құмырсқа келді
Құмырсқа достарын жоғалтып алыпты, сендерден көмек сұрап келді
-Балалар танданысады
-құмырсқа біз саған көмектесеміз
2.Негізгі бөлімі:
Балалар біз құмырсқанын достарын табу үшін далаға шығуымыз керек.
Балалар кәзір жылдың қай мезгілі ?
Балалар жерге қарандаршы қандай?
Қалима сен осы шөпті қалай сипаттар едің?
Дұрыс айтасың.
Жалғас сен ағашқа қарап не айтасың?
Балалар сендер не айтар едіңдер көктем туралы
Ал енді біз құмырсаның достарын іздейік
-Сендер білесіңдерме құмырсқалар қайда тұрады?
Құмырсқалар жеке -жеке жүрмейді, олар бірлесіп енбек етеді.Ал енді құмырсқаны өз достарына қосайық.
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Допты алып қолыма
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады
Сол жағына қарады
Тау екен деп ойлады
-Кәзір көктем мезгілі
-дала жап-жасыл
Айназ: дала жап-жасыл , жасыл кілем төсеп қойғандай
Абильмансур: ағаш ұйқысынан оянды, бүршік жарап жатыр
кәзір көктем мезгілі
-дала жылынады, ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді.Балалар келіседі
-құмырсқалар өздеріне ін қазып алып сонда тұрады
-оны илеу деп атайды.Балалар құмырсқаның илеуін тауып алады
Қорапшадан құмырсқаны шығарып жібереді.
3.Қорытынды:
Балалар қонаққа кім келді?
Ол неге жалғыз жүр?
Құмырсқанын үйін не деп айтады екен?
Далада не өсіп жатыр?
-қонаққа құмырсқа келді
-Достарын жоғалтып алыпты
-Құмырсқанын үйін илеу деп атайды
-далада жасыл шөптер өсіп жатыр.
Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды.