Мақсаты: Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Тіл білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру v
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Тілім менің тірлігімнің айғағы."»
Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Тәрбиеші: Есмагулова Г.
Білім беру саласы: Коммуникация.
Пән: Сөйлеуді дамыту .
Тақырыбы: "Тілім менің тірлігімнің айғағы."
Мақсаты: Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Тіл білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру Оқыту: Тіл туралы тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету. Көрнекіліктер: Суреттер.
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Негізгі бөлім: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ,бәріміз бірге шешуін табайық.
Қызыл түлкі ықпайды, Өз інінен шықпайды Қане, кім шешуін табады? Балалар бұл тіл.
Балалар енді сендермен тіл туралы мақал-мәтел айтып көрші «Тіл – ақылдың өлшемі», «Өнер алды – қызыл тіл» .
Ал енді жаңылтпаш айтайықшы, көңілді болсын. -Ұшқыш жақсы ма? Үш құс жақсы ма? -Ақ тайлақ ақ па? Қара тайлақ ақ па? 1.Балалар осы біздің қазақ халқының ұлттық киімдерін білеміз кәне атайықшы? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.). . 2.Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат). 3.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру) т.б. 4. Балалар біздің тұнғыш ғарышкеріміз кім ? Ол Тоқтар Әубакиров ағамыз.
Мен сендерге тіл туралы тақпақ оқып беремін ,біріміз бірге қайталайық. «Тілім менің» Туған тілім-бабам тілі-өз тілім, Туған тілім-анам тілі-өз тілім Туған тілім-далам тілі-өз тілім Туған тілім-адам тілі-өз тілім. Туған тілім – тірлігімнің айғағы Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін.