Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Көңілді ойындар»
Ортаңғы«Жұлдызша» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 28.02.2020ж.
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным».
Пән:
Өтпелі тақырып: «Техника және біз»
Тақырыбы: Көңілді ойындар
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ойын арқылы, ойлау қабілетін, танымын жетілдіру табандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:Берілген сұрақтарға ойланып , дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
Оқыту: Заттық құралдармен пайдалануға үйретуді жалғастыру
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы ,сұрақ-жауап әдісі.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге
- Балалар, бүгінгі сабағымызға бізге қоян да қонаққа келемін деп, орманда адасып қалыпты. Қане, орманға барып оны тауып алайық.
Балалар, орманға келдік қане қарайықшы қоян қайда адасып жүр екен. Оңға қарайық, солға қарайық. - Өте жақсы, олай болса оны тобымызға алып кетейік
2.Негізгі бөлімі:
- Балалар, үстелдің үстіне қараңдаршы, қандай заттар тұр? - Ендеше біздің бірінші ойынымыздың аты. «Түсін ажырат» деп аталады. - Балалар, қоянға мына шарлардың түсін ажыратуға көмектесейікші. - Өте жақсы, түсін ажыраттық. Енді шарларға қарайықшы, шарларда суреттер бейнеленген екен. Бұл ненің суреттері? - Дұрыс айтасыңдар олай болса, келесі «Пішіндерді дұрыс орналастыр» деген ойын ойнаймыз. - Өте жақсы, енді қоянның ойыншықтарына қарайықшы. Келесі ойын «Салыстыр» деп аталады. - Балалар, мына ойыншық қалай аталады? Мына машина қандай? Ал мына машина қандай? (Осылай барлық ойыншықтарды салыстырады) - Мына доп қандай? - Мұнда бір доп, ал мұнда қанша доп? Олай болса, балалар сендермен осы доптар арқылы алақанымызға жаттығу жасап алайық. Сиқырлы доптарды қолымызға алып доп туралы тақпағымызды айтайық. Добым, добым домалақ Қайда кеттің домалап Үстел үстін бүлдірдің Тәрелкені сындырдың. - Өте жақсы балалар, келесі ойынымыз «сәбіз теру». Қане, жылдам-жылдам қоянға сәбіз теріп берейік? - Балалар, менің қолымда неше сәбіз? - Ал, сендер қанша сәбіз жинадыңдар? - Өте жақсы
3.Қорытынды:
Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды.
Сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар білімдеріңді көрсеттіңдер. Ал енді қоян орманға қайтам дейді. Оған «Сау бол» деп айтайық.