Дамытушылық:Балалардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту
Оқыту:Қар туралы балалардың білімін толықтыру, ақ қар күн нұрына шағылысып жылтырайды, қар еріп кетеді. Қардың пайдасы туралы айту
Көрнекіліктері:Қар, қар қиыршықтары, суреттер
Мотивациялық қозғаушы:Балалар жылдың неше мезгілі бар?
Жыл мезгілдерін атайық?
Суда мұзболады,
Жердеқарболады.
Боранборапсоғады,
Бұлқайкездеболады?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс айлары қандай?
Қазір қай ай?
- қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз?
- балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз?
- сырт киімдерді атайық?
-балаларқысмезгілісендергеұнайма?
-қыстуралықандайтақпақтарбілеміз?
Енді мен сендергежұмбақтаржасырайын.
1.Қыста ғанаболады,
Ұстасаңқолыңтоңады.
Балалар жұмбақты шешеді
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме? - Қар қандай екен? - Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады. - Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді. - Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз? - Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек. Қар қалың түскенде жолдарды қар басып қалады. Сондықтан адамдар жолды қардан тазартып отырады.
Тәрбиеші қарды қолға алып, оны қысып, қар кесегіне айналдырады; ыдыстағы жылы суға салады, ерітеді.Балалар, қар қандай? Балалар өз ойларын айтады?
Балалар қар туралы, оның салқын екенін, жылы жерде тез еріп суға айналатынын айтады.