Ортаңғы тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.Тақырыбы:Қар
Ортаңғы тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.Тақырыбы:Қар
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы»
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Құрастыру.
Тақырыбы:Қар
Дамытушылы: шығармашылық қиялын, көркемдік талғамын дамыту
Оқыту: Қағазды ұсақ жырту тәсілін қолдана отырып, қағаз парағын көлемді өзгерту іскерліктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті құралжабдықтар: ақ қағаздар, үлгі суреттер. Сөздік жұмыс: қар кесегі, ұсақ қағаз қиындылары.
І.Ұйымдастырушылық кезең:
Балалар кәнеки барлығымыз терезенің алдына жақындайық,даладағы жауып тұрған қарды бақылайықшы. Содан соң орындарымызға отырып, суреттерге көңіл бөлулеріңді сұраймын. Балалар терезенің алдына келіп, бір-біріне бөгет болмайтындай тұрып, жауып тұрған қарды бақылайды.
Суреттерде нені көргендерін, айнала қоршаған ортада жыл мезгіліне байланысты болып жатқан өзгерістер жайында әңгімелесеміз.
-Қар қандай болады?
-Қай мезгілде жауады? -Қыс мезгілінде қар жауады, күн суытады.
Қысқы орман көріністерін көрсетемін.
Сөздік жұмыс жүргізіледі.Сөздік жұмысында олар «жеңіл», «үлпілдеген», «ұлпа қар», «бүгін алғашқы қар жауды» деген сөздерді қайталап айтқызамын. Сөздік жұмысын қайталайды Содан соң осы ұлпа қарды көз алдыларына елестетіп, тыныс алу жаттығуларын жасауды ұсынамын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.Тақырыбы:Қар»
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы»
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Құрастыру.
Тақырыбы:Қар
Дамытушылы: шығармашылық қиялын, көркемдік талғамын дамыту
Оқыту: Қағазды ұсақ жырту тәсілін қолдана отырып, қағаз парағын көлемді өзгерту іскерліктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті құралжабдықтар: ақ қағаздар, үлгі суреттер. Сөздік жұмыс: қар кесегі, ұсақ қағаз қиындылары.
І.Ұйымдастырушылық кезең:
Балалар кәнеки барлығымыз терезенің алдына жақындайық,даладағы жауып тұрған қарды бақылайықшы. Содан соң орындарымызға отырып, суреттерге көңіл бөлулеріңді сұраймын. Балалар терезенің алдына келіп, бір-біріне бөгет болмайтындай тұрып, жауып тұрған қарды бақылайды.
Суреттерде нені көргендерін , айнала қоршаған ортада жыл мезгіліне байланысты болып жатқан өзгерістер жайында әңгімелесеміз.
-Қар қандай болады?
-Қай мезгілде жауады? -Қыс мезгілінде қар жауады, күн суытады.
Қысқы орман көріністерін көрсетемін.
Сөздік жұмыс жүргізіледі.Сөздік жұмысында олар «жеңіл», «үлпілдеген», «ұлпа қар», «бүгін алғашқы қар жауды» деген сөздерді қайталап айтқызамын. Сөздік жұмысын қайталайды Содан соң осы ұлпа қарды көз алдыларына елестетіп, тыныс алу жаттығуларын жасауды ұсынамын.
ІІ.Негізгі кезең:
Балаларға ақ қағаздарды таратып , сол қағаздарына алғашқы жауып тұрған қарды сүйкеп жағу тәсілімен салуды үйретемін.
Балаларға бұлттардан жапалақтап жауып келе жатқан қарды қылқаламмен, жердегі жатқан қарды тіс пастасымен салу жолдарын үйретемін.
Сергіту сәті:
Қар жауыпты далаға,
Қар жауыпты қалаға.
Сырғанаймыз енді біз,
Отырып ап шанаға.
Балалар осы жеңіл де ұлпа ақ қарды алақандарына ұстап, дереу еріп кетпесін деп ұшырып жіберіп, тыныс алу жаттығуларын орындайды.
Бір-бірін бөгет жасамайтындай орналасып, ақ қағазды үзіп-үзіп алып алдарындағы көкшіл қағазға жапсырады.Төмпешіктеріне қардың суретін нүкте тәрізді жағып, үйіп қояды. Сүрткіштерге қолдарын сүртеді.
Қорытынды:Балалардың аяқтаған жұмыстарын тақтаға іліп қойып, осы әдемі көріністі талқылаймыз. Жұмыстарына қарап өз ойларын айтуға талпынады.
-Аппақ қарға ұқсайтын тістерімізді көрсетіп , бір-бірімізге күлкі сыйлауды ұмытпайық.
Бір-біріне күлкі сыйлап, сабақты көңілді аяқтайды.