Бізге біреу асығып келе жатқан шығар?Кім болуы мүмкін
Кәне мен қарап көрейін
Балалар,ешкім жоқ,бірақ есіктің қасында бірдене жатыр.Маған мына жұмбақты шешіп көріңдер жауабын мен сендерге көрсетемін.(балалар мұқият тыңдайды,қар ұшқыны деп жауап береді)
II. Негізгі бөлім:
Балалар,қар қайдан пайда болады?
Теңіздер,көлдер,өзендердегі сулар буға айналып,жоғары көтеріледі.Жоғары көтерілген сайын температура салқындай түседі.Будан кристаллға айна лады,олар біріккен кезде қар ұшқындары пайда болады.
Менде сендерге қар ұшқындарын жинап алыңдар,маған әкеліңдер.( Балалар қар ұшқындарын біреуден жинап тәрбиешіге әкеліп береді)
Қараңдаршы,қар ұшқындары әр түрлі.Кәне,кім маған қар туралы тақпақ айтып жібереді. (Бір бала қар туралы тақпақ айтады.)
Сергіту сәті:
Музыка әуенімен жасау
Ақырын жерге отыру,тұру
Қолдарын көтеру
Бір біріне жақындап дөңгелену
Артқа кету,жеке айналу,ақырын жерге отыру
Кейде қар ұшқындары бір бірден түседі
Олай қандай ауа райында болады? Аяз болғанда деп айтады
Ал кейде олар көптен, бірнеше қар ұшқындары бірігіп түседі.
Қар ұшқындары жерге көп түскен кезде,жерде қар күртігі пайда болады.
Қараңдаршы,шыршаның қасындағы тазикға қар түсіп,қар күртігі болып қалыпты.(бала лар таңдана қарайды)
Осы қармен бүгін біз тәжірибе лер жасаймыз.
1 тәжірибе. Балалардың алдында ыдыста қар болады. Қар қандай?( Қарды ыдыстарына қасықпен салады. Қар ақ,жұмсақ,мұздай деп жауап береді)
2 тәжірибе.Балаларға лупа беріледі.Қар көп нелерден тұрады?( Балалар лупамен қарды қарайды. Қар көп қаршалардан тұрады деп айтады)
3 тәжірибе.Қардан не жасауға болады (Балалардың жауабы)
4 тәжірибе.Қардың үстіне сурет салуға болады (Балалар қардың үстіне сурет салады)
5 тәжірибе.Жылы жерде қар ериді.Суға айналады (Балалар қарайды)
Қорытынды:
Қар қандай болады?
Қар нелерден тұрады?
Қардан не жасауға болады?
Қар жылы жерде неге айналады?( Балалар сұраққа жауап береді)