Барлығы бірге көктем жайлы өлеңді айтады. Көктем қандай көңілді, Күміс жаңбыр төгілді. Мөлдір аспан ашылып, Күн пердесі сөгілді. Балалар, көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? (Көктемде күн жылынады, айналаның бәрі жасыл түске оранады, ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді.) Біз сендермен осы күнге дейін қандай ағаштар түрлерін салдық (Күзгі ағаш, қысқы ағаш, шыршаларды салдық.) Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымыздан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен болып өседі. Бүгін біз гүлдеп тұрған алма ағашының суретін саламыз.бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр, сары түстер қажет болады. Ең бірінші ағашты саламыз, төменнен жоғарыға қарай жіңішкерте сызу арқылы діңін саламыз, діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағын ашық қоңыр түспен жеңіл жаға отырып, жіңішкерте, бұтақтарын көлбеу саламыз, жағу тәсілі арқылы гүлдерін ашық күлгін түспен саламыз. Ең бірінші ағаштың діңі, бұтақтары, гүлдерін саламыз, діңі жоғарыдан төмен қарай жіңішкереді, сондықтан діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағын ашық қоңыр бояуды жеңіл жағамыз. Саусақ жаттығуы: Ұшты-ұшты көбелек, Би биледі дөңгелеп. Гүлін көріп алманың, Ағашқа қонды көбелек. Сосын бояуды қылқаламмен қағазға жайлап тигіземіз. Қылқаламның қозғалуы ағаштың бұтағының бағытын білдіреді. Жеңіл қоғалыспен сүйкей жағу тәсілімен жапырақтарды,гүлдерін саламыз. Осының бәрін қосымша шөптерді, күнді, бұлтты салуға болады, композиция жасалады.
.Қорытынды:
-Балалар сендер ненің суретін салдындар?
-Қандай гүлдермен түрлерімен таныстық? Сонымен балалар біз көп нәрселермен таныстық, сабақ сендерге ұнады деп ойлаймын қазір енді осы өздеріңе ұнаған гүлдердін түрлерін атап сабақты аяқтаймыз.