Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу күні: 06.03.2019ж
Тәрбиеші:Абдибекова З.Ж.
Білім беру саласы:«Коммуникация»
Пән: Көркем әдебиет.
Өтпелі тақырып: «Салт-дәстүрлі және фольклар»
Тақырыбы: Ертегі «Бауырсақ.
Мақсаттары.
Тәрбиелік: Еңбекке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық : Ұлттық тағам туралы айтып, қарапайым сұрақтарға жауап беру, дамыту.
Оқыту: Артистік өнерге машықтандыру, дауыс ырғағын өзгерте отырып, кейіпкерлердің дауысына сала білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Оқыту-дамыту технологиясы,Ойын технологиясы.Сұрақ-жауап түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету:Тақырыпқа байланысты суреттер,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
- Қайырлы таң, көздерім! Қайырлы таң, құлақтарым! Қайырлы таң, қолдарым!
- Қайырлы таң, аяқтарым! Сендер ояндыңдар ма? Ия біз ояндық!
- Көздерім көріп тұр
- Құлақтарым естіп тұр
- Қолдарым қол соғып
- Аяқтарым топылдатты. Біз ояндық! Жарайсыңдар балалар!
