Мотивациялық -қозғаушылық | Шаттық шеңбері Армысың алтын күн! Армысың жер ана! Бүгінгі күніміз, Қуаныш силасын. -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? -Атап айтайықшы? -Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы? Жарайсыңдар, балалар! | Іс қимылмен жасайды. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал, қанекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге, Қайырлы күн қонақтар! Қайырлы күн достар! -Көктем. -Үш ай бар. -Наурыз, Сәуір, Мамыр. -Күн жылынады, қар ериді,ағаштар бүршік жарады, құстар ұшып келеді. |
Іздену-ұйымдастырушылық | Ғажайып сәт. -Балалар ненің дыбысы? Осы кезде көңілсіз аю келеді. -Сәлеметсің бе, аю, қош келдіңіз! Аю: -Балалар, мен сендерден қөмек сұрай келдім. Менің достарыммен бірге тұрып жатқан үйім қирап қалды. Маған үй тұрғызуға көмектесесіңдер ме? -Ендеше, балалар экранға назар аударайықшы. Экраннан үйшік ертегісін тамашалайды. -Балалар, аю үйшік ертгісіндегі кейіпкер екен. -балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі құрастыру. -Қане, экранға назар аударайық. -Қараңдаршы , сендер суреттен нелерді көріп тұрсыңдар? -Олар, сиыр, қой, түйе (бұларджы бір сөзбен қалай атаймыз?) -Олар неліктен үй жануарлары деп аталады? -Олар қайда тұрады? Жарайсыңдар, балалар! Әр тіршілік иесінің өзінің тұратын жері болады, ал біз адамдар қайда тұрамыз? -Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қане, мына суретке назар аударайық, бұл суреттен нені көріп тұрмыз? -Балалар сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар, қандай көшеде, нешінші үйде тұратындарыңды білесіңдерме? Слайд бойынша әртүрлі үйлерді көрсете отырып таныстырамын. Адамдар ертеде өздеріне ыңғайлы баспана тұрғызу керектігін білген. Сондықтан ыңғайлы, жылы болу үшін өздеріне үйлер салып алған.ертеде ата-бабаларымыз киіз үйде тұрған.қазір үйлердің түрі өте көп. Мысалы: ауласы бар жеке үйлерді бір қабатты үй дейміз. Ал, бірнеше қабатты үйлерді көп қабатты үйлер дейміз. Көп қабатты үйлерде пәтерлер көп. Әр пәтерде жеке-жеке отбасылар тұратындығы жайында түсіндіріп өтемін. Енді, балалар өз қалауымыз бойынша геометриялық пішіндерді пайдаланып үй құрастырайық. Балалар жұмысын мадақтау арқылы жинап алу. Сергіту сәті. Біз жас ұлан құрылысшы, Зәулім үйді тұрғызып. Биік болса үйіміз, Шаттанамыз қуанып. Балалар, енді ғажайыпстанға саяхаттап қайтайық. Қауіпсіздік ережелерін айтамын. Құрылысшы баларды қарсы алады және үйді қалай тұрғызу керектігін балаларға түсіндіреді. Түсіндіре отырып, ұй тұрғызады. Құрылысшымен қоштасып, балабақшаға қайтады. | Балалар аюмен сәлемдеседі. -Әрине көмектесеміз. Балалар көмектесуге келіседі. Назарларын экранға аударады. -Үй жануарларын. -Үй жануарлары. -Өйткені оларадамдардың жанында жүреді. -Қорада тұрады. -Үйде тұрамыз. -Әртүрлі үйлерді. -балалар өз үйлерін, көше атауларымен атап айтып береді. Балалар мұқият тыңдайды. Балалар, өз қалаулары бойынша үй құрастырады. Балалар сергіп алады. -балалар қуаныштарын білдіреді. Балалар, құрылысшының үйді қалай тұрғызатындығын тамашалап, түсініп алады. |
Рефлексивті- түзетушілік | Қорытындылау. Дид-қ ойын: «Кім қайда тұрады?» Мақсаты: балалардың танымдық қабілетін дамыта отырып, кімнің қайда тұратындығы жайында білімдерін кеңейту. Оқу қызметін қорытындылау. Балаларды мақтап, мадақтап, жұлдызша арқылы бағалайды. | Балалар ойынға жауап бере отырып, оқу қызметінен алған білімдерін пысықтады. |