Білім беру саласы: «Таным».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер».
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді ажырата білуге,оларға ұқсас заттарды таба білуге,пішіндерден бейне құрастыра білуге,түстерін айта білуге үйрету.Дидактикалық ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту,зейіндерін, белсенділіктерін арттыру.Балаларды ұйымшылдыққа,тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің оқу қызметі | Балалардың оқу қызметі |
Мотива- циялық қозғау- шылық | Шаттық шеңбері: Жарқын,жарқын үніміз, Болашақтың күніміз. Балабақша үйінің, Жайнап тұрған гүліміз. Сәлеметсіздер ме,қонақтар! Қош келдіңіз бәріңіз! Қыс мезгілін қорытындылау. Ғажайып сәт: Есікті қағып, қуыршақ келеді. -Сәлеметсіздер ме,балалар? -Мен сендерді «Сиқырлы пішіндер» әлеміне шақырамын. | Шаттық шеңберіне тұрады. Қимылмен көрсетеді. Ханшайыммен амандасады. Сәлеметсіз бе. |
Ұйым- дастыру- шы-іздену | Тәрбиеші: -Балалар, «Сиқырлы пішіндер» әле- міне барғыларың келе ме? -Ал,қандай көліктермен барғыларың келеді? -Жарайды.Ендеше,поезбен барайық. Ал кеттік. Қимылды ойын «Поезд».Тіл ұстарту жаттығу. Пыш-пыш,пыш-пыш біз кеттік, Жүрісті үдеттік.Гу-гу,гу-гу гуілде, Қалып қойма біріңде. Қане,балалар,тоқтайық.Пыш-ш-ш. | Ия Поезбен Тәрбиешімен қайталайды. |
-Балалар,біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келдік. -Ой,балалар,әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Қуыршақ: Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер оны шешіңдер. Жұмбақ: 1.Допқа өзі ұқсайтын, Ерекше бір пішін бар Балалар ол қандай пішін? Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,қане домалақты ауада салайықшы.Енді домалақ пішінге ұқсас қандай заттарды білесіңдер?Дөңгелектің бұрышы барма? -Пішіннің түсі қандай? 2.Төрт бұрышы да тең түскен Төрт қабырғсы бар Бұл қай пішін? -Дұрыс,төртбұрыш. -Неге төртбұрыш дейді екенбіз? Қанекей төртбұрыштың қабырғала- рын,бұрышын санайық. -Төртбұрыш неге ұқсайды? -Төртбұрыштың түсі қандай? 3.Үш бұрышы бар,үш қабырғасы бар, ұзындықтары әртүрлі болуы мүмкін. -Ол қандай пішін? -Ия,ол үшбұрыш.Қанекей үшбұрыштың қабырғалары мен бұрышын санайық. -Үшбұрыштың түсі қандай? -Үшбұрыш неге ұқсайды? Жарайсыңдар, жұмбақтың шешімін жақсы таптыңдар. Дидактикалық ойын «Айналадағы заттардың пішіні» Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту. | Жұмбақтарды шешеді. -Дөңгелек Тәрбиешімен бірге салады. -Допқа,алмаға,күнге -Жоқ -Сары -Төртбұрыш Төрт бұрышы бар Бұрыштарын санайды. Терезеге,тақтаға,жастыққа. -Көк -Үшбұрыш Бұрыштарын санайды. -Қызыл -Үйдің шатырына Ойын ойнайды. |
Балалар қуыршақ Сәуле көңілсіз болып қалды ғой,сұрап көрейікші неге көңілсіз екен. -Сәуле саған не болды? -Менің құсым бар еді,соның үясы жоқ,өзім жасай алмаймын. Тәрбиеші: Сәуле саған біздің балалар пішіндерден ұя жасап береді. Балалар Сәулеге көмектесе- міз бе? Үстел үсті жұмыс «Құстың ұясын жапсыру». Түсіндіріп көрсету. -Ақ қағаздың бетіне бірінші төрт- бұрышты желіммен жапсырамыз. Содан кейін үстіне үшбұрышты жапсырамыз.Ортасына дөңгелекті жапсырамыз. Сергіту сәті: Бойды сергек тік ұста, Емін еркін тыныста. Оң қолыңды соз алға Қол ұшына қарада Үшбұрыш сыз ауада Сол қол босқа тұрмасын Шеңбер жасап тынбасын. Жұмыстарын аяқтады. Сәуле: Балалар мен қандай қуанып қалдым.Рахмет сендерге. Жарайды,балалар,Сәулемен қоштасып поездға отырып тобымыз- ға барайық. | -Ия көмектеміз. Тәрбиешімен бірге жапсырады. Сергіту сәтін орындайды. Сәулемен қоштасады. | |
Рефлев- сивті- түзетуші- лік | Қорытындылау: -Балалар біз қайда бардық? -Қандай пішіндермен таныстық? -Дөңгелек неге ұқсайды? Түсі қандай? -Төртбұрыш неге ұқсайды? -Түсі қандай? -Үшбұрыш неге ұқсайды? -Түсі қандай? Жарайсыңдар балалар осымен «Сиқырлы пішіндер»атты оқу қызметіміз аяқталды. | Сиқырлы пішіндер әлеміне Дөңгелек,төртбұрыш, үшбұрыш. Доп,алма,күнге.Сары. Тақта,жастық.Көк Үй шатырына.Қызыл. Балалар мадақталады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Геометриялық пішіндерді ажырата білуді.
Нені игереді: Заттардың қандай пішіннен құралатынын.
Нені біледі: Тапсырманы дұрыс түсініп орындауды.