kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: "Ертегілер еліне саяхат."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект ценари .Для средный группы. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Ертегілер еліне саяхат."»












І-ші кіші «Құлыншақ» тобы











Тәрбиеші: Н.К.Нурмагамбетова.






2017 жыл



Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.

Мақсаты: Балаларды заттардың айқын бейнесін көрсете білуге, композиция құруға үйрету, ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, қиялдарын, эстетикалық талғамын, техникалық дағдаларын қалыптастыру.

Көрнекілік: ширма – «бауырсақ» ертегісі, атрибуттар, көрме, тақтай, клеенка, ермексаз, седеп, сүрткіш.

Әсем безендірілген залға кірегн балалар қонақтармен амандасып болған соң, жарты шеңбер құрып тұрады.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы. Біз керемет «ертегілер еліне» тап болдық. Ең алдымен бәрімізге нұрын шашып тұрған «күнмен» амандасайықшы.

«Армысың, ару Күн?!»

Енді бір-бірімізге осы күннің шуағынан алған жылуымызды білдірейік!



Балалар: «Қайырлы күн, ден сау болсын!, Анамды сыйлаймын!, Апайды жақсы көремін!, Үлкенді сыйлаймын!, Бәріміз доспыз!, Бақытты баламыз!» т.б. жылы лебіздер білдіреді.

Жүргізуші: Балалар, қандай әдемі тілектер айттыңдар, рахмет! Енді мен сендердің білімдеріңді сынап көремін. Қане, бәріміз көптеген ертегілер кейіпкерлерінен «көрме» ұйымдастырылған бұрышқа келіп орналасып, айнала отыра қалайық.

Сол кезде есіктен «Ерден ата» кіріп келеді.

Балалар (орындарынан тұрып): Сәлеметсіз бе, Ерден ата!

Ерден ата: Амнсыздар ма, балаларым, қандай әдемі болып кеткенсіңдер!

Жүргізуші: Ерден ата, жақсы келдіңіз, төрлетіңіз. Біз бүгін ертегілер еліне саяхат жасап келдік. Сізді жолықтырғанымыз қандай жақсы болды.

Ерден ата: Жақсы балаларым, онда мен сендерді сынап көрейіе. Ертегілерді көп білесіңдер ме?

Балалар: Әрине, Ерден ата, көп білеміз!

Жүргізуші: Ерден ата, не дегеніңіз, бздің балалар ертегі көп біліп қана қоймайды, ертегілерді жақсы көреді де, солай емес пе, балалар?

Балалар: Иә!

Ерден ата: Олай болса, ертегілер қалай басталады?

Балалар: «Баяғы заманда», «Бір күні», «Ерте заманда», «Ерте, ерте, ерте екен, Ешкі жүні бөрте екен» - деп басталады.

Ерден ата: Дұрыс айттыңдар, балаларым. Енді мен сендерге жұмбақ жасыиамын, ал сол жұмбақтың шешімі ертегінің атына қатысты болады. Сендер ертегінің атын, және мына үстел үстінен сол ертегінің кейіпкерлерін көрсетесіңдер.

Жүргізуші: Ерден ата, біздің балалар жұмбақтарыңызды шешеді, тапқырлықтарын өзіңіз көріп риза боласыз.

Ерден ата: Олай болса, дұрыстап тыңдаңдар. Баяғя заманда шал мен кемпір өмір сүріпті. Олар көмекке қызын ,қызы итін, тиі мысығын шақырыпты.

Балалар: «Шалқан» ертегісі – деп, жауап береді.

Ерден ата: Дұрыс балаларым. Енді келесісін тыңдаңдар.

«Атадан да қаштым,

Ападан да қаштым,

Қояннан да қаштым...»

Балалар: «Бауырсақ» ертегісі.

Ерден ата: Зөдерің білгір екенсіңдер! Ертеде бір қыз болыпты. Оның досы болыпты. Бір күні үй сыпырып жүріп, қыз мейіз тауып алыпты...

Балалар: «Мақта қыз бен мысық».

Ерден ата: Әрине, енді тағы... Лақтарым, шұнақтарым!

Балалар: «Ешкі, жеті лақ пен қасқыр».

Ерден ата: Маң-маң, маң басқан,

Шудаларың шаң басқан.

Бұл – қай жануар?

Балалар: Түйе.



Ерден ата: Әрине дұрыс, бәріңде алғыр, білімді балалар екенсіңдер, өздеріңнің ептіліктеріңді таныттыңдар.

Жүргізуші: Балалар, түйе жыл қайыруда бар ма?

Балалар: Жоқ, бойына сеніп жыл қайырудан бос қалған, оның үстінен тышқан өрмелеп, құлағының ұшына шығып кеткен екен.

Жүргізуші: Иә. Балалар, жыл басына ие болған кім?

Балалар: Тышқан – жал басы.

Жүргізуші: дұрыс, сөйтіп түйе жыл санаудан құр қалған екен. Ерден ата, біздің балалар өздерінің шеберліктерін мүсіндеу арқылы да көрсетпекші. Сіз отырып тыңдаңыз.

Балалар, жаңағы аталған ертегілердің ішінен өздеріңе ұнаған ертегіні таңдап алыңдар.

Балалар: «Бауырсақ» ертегісі ұнайды.

Жүргізуші: Олай болса, осы ертегіні қысқаша мына ширма бойынша еске түсірейік.

Балалар: Бауырсақ орманда алдымен қоянмен кездесті. Ол – қорқақ, түсі сұр, ал қыста ақ болады.(себебі өз жауынан қорғану үшін). Құлағы ұзын, құйрығы кішкентай, домалақша.

Бауырсақ екінші қасқырмен кездеседі. Қасқыр – жыртқыш аң, аңқа, түсі сұр, көкшіл. Құйрығы ұзын, құлағы, мұрны сүйгірлеу.

Үшінші жолы бауырсақ аюмен кездесті. Аю – батыр, түсі қоңыр, құлағы жарты шеңбер.

Төртінші жолы түлкімен кездеседі. Түлкінің түсі – қызғылт сары, сәбіз түстес, қу түлкінің құлағы үшбұрыш, құйрығы бұлаңдаған үдпілдек.

Жүргізуші: Енді бауырсақтың аңдармен қайда кездескенін еске түсірейік. Олар қайда кездесті?

Балалар: Орманда.

Жүргізуші: Орманда нелер өседі.

Балалар: Саңырауқұлақтар, шыршалар, ағаштар.

Жүргізуші: Олай болса, осыларды да мүсіндеу кезінде еске сақтаңдар, яғни мүсіндеп көрсетіңдер.

Ерден ата: Балалар, осы аталғанаңдардың қимылдарын сала аласыңдар ма?

Жүргізуші: Әрине, Ерден ата, олар қимылын жасап көрсете алады. (осы кездебір сәт бой сергітіп алады). Қане, балалар, шарымыздың желі азайып қалыпты. Шарды үлкен етіп үрлейік (музыка әуеніне үлескен балалар шеңбер бойымен жүреді, қимылдарды салады).

Жүргізуші: Енді, балалар, еске түсірдік, өздеріңнің қалауларың бойынша бауырсақтың қоянмен, қасқырмен, аюмен, түлкімен кездесуін мүсіндеп көрсетіңдер. Әркім өз орнына барып отырады. Бұрыңғы тәрбие жұмыстарынан жануарлар мен аңдарды мүсіндеуді еске түсірейік.

Балалар: Ермексазды жұмсартып, оны 3 бөлікке бөлеміз. Оның 1-ші бөлігінен домалақтау арқылы басын, 2-ші бөлігінен денесін, төрт аяғын жасаымыз., 3-ші бөлігі құйрығы болады.

Жүргізуші: Өте дұрыс, бұны бұрынна білеміз (пластикалық әдіс). Енді жануарлардың құлағын, мұрнын қалай шығарамыз?

Балалар: Түлкі мен қасқырдың мұрнын үш саусақпен шығарамыз, құлақтары – үшбұрыш, екі саусақпен шымшу арқылы жасаымыз. Аюдың құлағы жарты шеңбер. Саусақпен жалпақтау арқылы шығарамыз.

Жүргізуші: Жақсы, енді бәрміз өз еріктерімізбен бауырсақтың кездесулерін таңдап алып мүсіндеп көрсетейік.

Ерден ата: Қандай керемет жұмыс!

Жүргізуші: Енді мына үстелдің үстіне жасаған жұмыстарыңды ертегінің желісі бойынша қойыңдар. Бірінші қатарға – қояе мен бауырсақтың кездесуін, екінші қатарға – аю мен бауырсақтың кездесуін, үшінші қатарға – қасқыр мен бауырсақтың, төртінші қатарға – түлкі мен бауырсақтың кездесуін қойыңдар.

Ерден ата: Балаларым, бәрің де шеберліктеріңді көрсеттіңдер, сендерге ризамын.

Жүргізуші: Иә, Ерден ата, біздің балалар керемет мүсінші екендеріне бүгін көздеріміз жетті. Шынында да мына үстел үстінде «Бауырсақ» ертегісі пайда болды. Қандай керемет! Бұл жасаған жұмыстарымызды төменгі топ балаларына арнап ұйымдастырған көрмемізде көрсетеміз. Олар аға-әпкелерінің шеберліктеріне сүйсінсін, үлгі алсын. Ерден ата, біздің балалар осы ертегіні мүсіндеп қана қоймай, сахналап та бере алады.

Ерден ата: Қандай өнерлі балалар, қане, сахналап көріңдер. Мен тамашалайын.

Балалар бастарына атрибуттарды киіп, сахналап береді.

Ерден ата: Балаларым, сендерге көп рахмет, өркендерің өссің, өте білімді де өнерлі балаларекенсіңдер. Осы алған беттеріңнен қайтпай, әрдайым биік шыңдардан көріне беріңдер. Сендердің білімдеріңді, өнерлеріңді басқа балаларға да үлгі етіп айтып жүретін болдым. Седерге рахмет! Аман-сау болыңдар шырақтарым!

Балалар: Сау болыңыз, Ерден ата!

Жүргізуші: Балалар, шынымен де бүгін көп еңбек еттіңдер. Бәрің де қалыспай ат салыстыңдар, өздеріңнің білімділік пен шеберліктеріңді көрсете білдіңдер. Өздерің таңдаған ертегінің кейіпкерлерін тамаша етіп мүсіндеумен бірге, сахналап та өнерлеріңді ортаға салып, Ерден аталарыңды риза еттіңдер. Мен де сендерге риза болдым.бәріңе де рахмет! Өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Осымен «Ертегілер еліне саяхатымыз» аяқталды. Сау болыңыздар!




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тақырыбы: "Ертегілер еліне саяхат."

Автор: Нурмагамбетова Нургуль

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 387061

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Та?ырыбы «Ертегілер еліне саяхат»"
    ["seo_title"] => string(36) "takyrybyiertieghilierieliniesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "261226"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449080363"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Білім беру саласы: Коммуникация. Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: "Ертегілер еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(80) "bilim_bieru_salasy_kommunikatsiia_soilieudi_damytu_tak_yryby_iertieghilier_ielin"
    ["file_id"] => string(6) "408295"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491883466"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ертегілер еліне саяхат"
    ["seo_title"] => string(26) "ertegiler_eline_saiakhat_2"
    ["file_id"] => string(6) "557387"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1599920458"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "К?ркем ?дебиет  "Ертегілер еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(47) "korkiem-diebiiet-iertieghilier-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "317274"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460309025"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ертегілер еліне саяхат "
    ["seo_title"] => string(32) "iertieghilier-ielinie-saiakhat-1"
    ["file_id"] => string(6) "152943"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1420921516"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства