kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Ә дыбысы бар сөйлем құратып, сөздік қорын дамыту.

Әдемі жазу дағдысына үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі.»

Ашық оқу іс-әрекеті Күні: 9.02.2016 жыл Тобы: Мектеп алды даярлық тобы Білім беру саласы: Қатынас Тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі. Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Ә дыбысы бар сөйлем құратып, сөздік қорын дамыту. Әдемі жазу дағдысына үйрету. Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап; ой қозғау;ой толғау; логикалық ойын дамыту; бақылау; мәнерлеп оқу қабілетін дамыту. Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі : әже (суреті); әтеш (суреті); әке (суреті); әңгелек (суреті); дәрігер (суреті); шарлар;сиқырлы қалам; Маша кейіпкері; талдардың суреттері, көпір. Билингвальды компонент: Әже – бабушка, Әке-Отец, Әтеш- Петух,Әпке- Сестра.

Ашық оқу іс-әрекеті

Күні: 9.02.2016 жыл

Тобы: Мектеп алды даярлық тобы

Білім беру саласы: Қатынас

Тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Ә дыбысы бар сөйлем құратып, сөздік қорын дамыту.

Әдемі жазу дағдысына үйрету.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап; ой қозғау;ой толғау; логикалық ойын дамыту; бақылау; мәнерлеп оқу қабілетін дамыту.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі : әже (суреті); әтеш (суреті); әке (суреті); әңгелек (суреті); дәрігер (суреті); шарлар;сиқырлы қалам; Маша кейіпкері; талдардың суреттері, көпір.

Билингвальды компонент: Әже – бабушка, Әке-Отец, Әтеш- Петух,Әпке- Сестра.

Оқу іс-әрекетінің барысы: 1.  Ұйымдастыру. Өткенді қайталау. “ Көңілді вагон ” әнімен балалар топқа кіреді. Кәне кімнің бойы ұзын, Паравозы ол пойыздың. Қатар-қатар тұрайық, Пойызды біз құрайық. Ал, паравоз баста алға, Бәрімізді басқар да. Пш-пш біз кеттік, Жүрісті біз үдеттік. Гу- гу гуілде, Қалып қойма біріңде. Пш-пш біз кеттік, Жүрісті біз үдеттік. -Балалар,біз тағы бір бекетке келіп тоқтадық.Балалар бұл аялдама ерекше екен. Аялдаманың аты сиқырлы әріптер әлемі деп аталады екен. Балалар мұнда апайларда бар екен. Ендеше бәріміз апайлармен амандасып алайық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1. Ұйымдастыру.

Өткенді қайталау.

Көңілді вагон әнімен балалар топқа кіреді.

Кәне кімнің бойы ұзын,

Паравозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Ал, паравоз баста алға,

Бәрімізді басқар да.

Пш-пш біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік.

Гу- гу гуілде,

Қалып қойма біріңде.

Пш-пш біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік.

-Балалар,біз тағы бір бекетке келіп тоқтадық.Балалар бұл аялдама ерекше екен. Аялдаманың аты сиқырлы әріптер әлемі деп аталады екен.

Балалар мұнда апайларда бар екен. Ендеше бәріміз апайлармен амандасып алайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

-Апай,мына шарлардың әдемісін-ай! Арасында әріптер де бар. -Кәне,шынында да әріптер жазылған екен.Зер салып қарайықшы,кешегі танысқан әріпіміз көрінбей ме? -Бар,бар. (Қане бәріміз есімізге көрейікші) -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз, дауыссыз дыбыстарды ше? -Ендеше,осы әріптермен сөздер құрастырып көрелік. Өткен тақырыпты бекіту шарларда жазылған әртүрлі әріптерге сөздер құрату. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Балалар бүгінгі өтетін жаңа әріпке байланысты мен сендерге жұмбақ жасырайын қанекей шешімін тауып көрейікші. Жұмбақ жасыру. Үлпілдеген ақ қанат Күзетшідей қырағы. Таң азаннан қақпада Айғай салып тұрады. (Әтеш)

-Апай,мына шарлардың әдемісін-ай! Арасында әріптер де бар.

-Кәне,шынында да әріптер жазылған екен.Зер салып қарайықшы,кешегі танысқан әріпіміз көрінбей ме?

-Бар,бар. (Қане бәріміз есімізге көрейікші)

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз, дауыссыз дыбыстарды ше?

-Ендеше,осы әріптермен сөздер құрастырып көрелік.

Өткен тақырыпты бекіту шарларда жазылған әртүрлі әріптерге сөздер құрату.

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Балалар бүгінгі өтетін жаңа әріпке байланысты мен сендерге жұмбақ жасырайын қанекей шешімін тауып көрейікші.

Жұмбақ жасыру.

Үлпілдеген ақ қанат

Күзетшідей қырағы.

Таң азаннан қақпада

Айғай салып тұрады.

(Әтеш)

-Балалар әтеш сөзі Ә дыбысынан басталып тұр екен. Ендеше біз бүгін Ә дыбысы және әрпімен танысамыз.

Ә дыбысы туралы түсініктерін қалыптастыру. Дауысты жіңішке дыбыс екенін түсіндіру.

- Балалар, Ә әріпін айтып көрейікші.

- Ә әрпін әндетіп, кедергісіз айтамыз, ендеше Ә әріпі дауысты дыбыс.

- Ә дыбысын қандай текшемен белгілейміз ?

- Балалар, Ә дыбысына қатысты тағы қандай сөздер айта аласындар?

- Дәрі, әке, әтеш сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ә дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ә дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады.

« Машаға көмектес ойыны » :

- Мына бала қандай мультфильм кейіпкері?

- Алға Маша!

- Сәлем достар! Мен саяхатымда кедергілерге тап болдым.Маған көмектесіңдерме.

Шарты: Сызбада Машаның жолы көрсетілген.Жолда қиындықтар яғни түрлі тапсырмалар берілген.Егер балалар көмектескен болса Машаға көмектескен болып табылады.

1-тапсырма. Маша көпір арқылы өтуі керек. Бұл көпір өте қорқынышты, себебі көпірдің кейбір тұстары сынып тұр. Бұл көпірден сәтті өтуі үшін адасқан әріптерді тауып көпірді құрастыру буын сөздерді оқыту. (Дәрігер)

2-тапсырма. Маша ну орманға келді. Ну орманда ағаштың басындағы сөздерді буынға бөліп оқытып дыбыстық талдау жасату. ( Әтеш,Әке, Сәбіз )

Тәрбиеші: Балалар ойын сендерге ұнадыма. Ендеше бәріміз Машамен қоштасайық. Сергіту сәті: Әлди, әлди ақ бөпем Ақ бесікке жат бөпем Жылама бөпем жылама Көздің жасын бұлама Ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә Ұйықтағай балам Әлди, әлди бөпешім Ұйықтай қойшы бөпешім Тербетейін жатағой Тәтті ұйқыға батағой Ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә Ұйықтайғой балам  (Балаларға әрі қарай жалғастырып айтуға көмектесу: өз ойларын шығарып, жалғастырады.)

Тәрбиеші: Балалар ойын сендерге ұнадыма. Ендеше бәріміз Машамен қоштасайық.

Сергіту сәті:

Әлди, әлди ақ бөпем

Ақ бесікке жат бөпем

Жылама бөпем жылама

Көздің жасын бұлама

Ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә

Ұйықтағай балам

Әлди, әлди бөпешім

Ұйықтай қойшы бөпешім

Тербетейін жатағой

Тәтті ұйқыға батағой

Ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә

Ұйықтайғой балам

(Балаларға әрі қарай жалғастырып айтуға көмектесу: өз ойларын шығарып, жалғастырады.)

2.Тіл ұстарту жаттығуы. Ән,ән,ән Қамба толы дән. 3.Дәптермен жұмыс: Жазу жұмыс. Педагог ә дыбысын ауада жазып көрсетеді, сонан соң балалардың өздеріне жазғызады. Дәптердегі үлгі бойынша ә дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі ә дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Сол сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырады. III. Қорытындылау. -Ал балалар,біздің уақытымыз келді. Бүгін жақсы жұмыс жасадыңдар. Әрі қарай саяхатымызды жалғастыруымыз керек. Көңілді вагонға орналасуымыз үшін ” Сиқырлы тізбек “ ойынын ойнайық. Билет арқылы оқушыларды бағалау Ал бізге барлық әріптерді үйрететін кітап « Әліппе » деп аталады (таныстыру). Таныстырар әріппен Мынау кітап- Әліппең. « Әліппе » деген аты оның Басталған қай әріптен? (Ә) Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту. —  Мінекей балалар,біз бүгінгі сабағымызда достықпен,татулықпен бірігіп еңбек еттік. Біріміздің білмегенімізді біріміз толықтырып жолдасымызды жолда тастамадық. Достығымыздың жалауы әрқашан биік болғай деп әнімізге басайық.

2.Тіл ұстарту жаттығуы.

Ән,ән,ән

Қамба толы дән.

3.Дәптермен жұмыс:

Жазу жұмыс.

Педагог ә дыбысын ауада жазып көрсетеді, сонан соң балалардың өздеріне жазғызады. Дәптердегі үлгі бойынша ә дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Торкөздегі ә дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Сол сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырады.

III. Қорытындылау.

-Ал балалар,біздің уақытымыз келді. Бүгін жақсы жұмыс жасадыңдар. Әрі қарай саяхатымызды жалғастыруымыз керек. Көңілді вагонға орналасуымыз үшін ” Сиқырлы тізбек “ ойынын ойнайық.

Билет арқылы оқушыларды бағалау

  • Ал бізге барлық әріптерді үйрететін кітап « Әліппе » деп аталады (таныстыру).

Таныстырар әріппен

Мынау кітап- Әліппең.

« Әліппе » деген аты оның

Басталған қай әріптен? (Ә)

  • Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту.

— Мінекей балалар,біз бүгінгі сабағымызда достықпен,татулықпен бірігіп еңбек еттік. Біріміздің білмегенімізді біріміз толықтырып жолдасымызды жолда тастамадық. Достығымыздың жалауы әрқашан биік болғай деп әнімізге басайық.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі.

Автор: Орынгалиева Аиганым

Дата: 13.04.2017

Номер свидетельства: 408981

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Саба?ты? та?ырыбы: ? ? дыбысы ж?не ?рпі"
    ["seo_title"] => string(32) "sabaktyntakyrybyggdybysyzhnierpi"
    ["file_id"] => string(6) "269728"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450893216"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Саба?ты? та?ырыбы: "? дыбысы ж?не ? ?рпі" "
    ["seo_title"] => string(37) "sabak-tyn-tak-yryby-dybysy-zh-nie-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "192808"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427526464"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "?? дыбысы ж?не ?рпі "
    ["seo_title"] => string(17) "dybysy-zh-nie-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "196602"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428075575"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "? дыбысы ж?не ?рпі.Сауат ашу."
    ["seo_title"] => string(24) "odybysyzhnierpisauatashu"
    ["file_id"] => string(6) "298135"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456297553"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "? дыбысы ж?не ?рпі"
    ["seo_title"] => string(19) "u-dybysy-zh-nie-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "280026"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453309153"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства