Просмотр содержимого документа
««Табиғаттың гүлденуі»»
Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 21.05.2019ж.
Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.
Білім беру саласы: «Шығармашылық».
Пән:Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»
Тақырыбы: Бақ бақ даласы.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Балаларды қарындашпен сурет сала білуге үйрету. Ойлай білу қабілетін дамыту. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларға қағаз, қарындаш көрсетіп, оларға қағазда қарындашпен сурет салуға болатынын түсіндіру.
Оқыту:Жұмыс соңында түстердің қалай әсем үйлескенін атап өту.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы ,денсаулық-сақтау технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер.үлгі.бояу,альбом қағаздары.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Таңғы шеңбер:
Топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық!
Жаса,жаса, алтын күн!
Жаса,жаса жарқын күн.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Көктемнің қандай өзгерістері бар?
Балалар сұрақтарға толық жауап беріп дәлелдейді.
2.Негізгі бөлімі:
Сюрприздік сәт:
Топқа көңілсіз көбелек ұшып келеді.
Тәрбиеші көбелек неге көңілсіз екенің сұрайды.
Көбелек өзінң қонатын гүлі
бар ,ал достарының қонатын гүлдері жоқ сондықтан оның көнілі болмай тұрғанын айтады.
-Балалар қарандаршы қандай керемет гүл!
-Балалар бұл бақ-бақ гүлі деп аталады.
–Қәне, бірге қайталайықшы-«Бақ-бақ»
-Гүлдің түсі қандай?
-Бақ-бақ гүлі туралы тақпақ айтып кетейікші.
Балалар тақпақты қайталайды
Үлбіреген бақ-бақ Үлпілдеген аппақ
Уф- десем бақ-бақ Ұшасын ғой қап-қап!Тәрбиеші бақ –бақ гүлдің сабағы ,жапырақтары бар екенің түсіндіріп кетеді.
Тәрбиеші балаларға бақ-бақ гүлін саусақты сары бояуға батырып, нүкте арқылы салуды көрсетеді.
Саусақ жаттығуы:
Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Оларды атап шақырар, Әрқайсысының аты бар. Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.
Тәрбиеші балаларға көбелектің достарына бақ-бақ гүлін салып беруді ұсынады.
Тәрбиеші сурет салу кезінде балалардың дұрыс отыруын, қағаз бетіне жақын еңкемеуін қадағалайды.
3.Қорытынды:
Тәрбиеші балаларға салған суреттерін көбелектерге ұсынады.
Балалар салған гул суреттеріне көбелектерді қондырады.
Балалар біз қандай сурет салдық?
Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды.