Просмотр содержимого документа
««Табиғаттың гүлденуі»»
Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 23.05.2019ж.
Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.
Білім беру саласы: «Таным».
Пән: Сенсорика.
Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»
Тақырыбы: Түрлі түсті сакиналар.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл.
Дамытушылық:Балалардың өздерінің эмоциясын босаңсыуңа ойын еркін жеткізе білуіне жағдай жасау.
Оқыту: Түрлі түсті геометриялық пішіндерді ажырата білу.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы ,сұрақ-жауап әдісі.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
2.Негізгі бөлімі:
Бөлме ішіне түрлі –түсті шарларды ілу. Тақтаға түрлі - түсті дөңгелектер ілінеді.
Шарларды көріп балалардың ойынға деген қызығушылықтары артады.
Балаларға тақпақты айтқызу Балалар қане, біз қазір топ ішіне түрлі –түстерге саяхат жасаймыз.
Қызыл, сары, көк түсті. Міне шарлар көп тіпті. Қане қайсысын таңдайсың, түсін біліп алғайсың.
Шарлармен түрлі –түсті дөңгелектерді бөлменің ішіне алыс –алыс қойылады. Балаларды машинаға отырғызып айналып жүру. Қандай аялдамаға келдік? Оның пішіні неге ұқсайды?
Қызыл түсті шар, аялдамасына келдік, оның түсі допқа ұқсайды.
Осылай қойылған шарлармен дөңгелектерді айналып шығады.
3.Қорытынды:
Бүгін қандай жұмыс жасадың? Қандай түстер бар? Көк,сары, қызыл түстерді.
Шарлар арқылы түстерді, ойын арқылы топтастыруды.
Сұрақ жауап арқылы сабақты бекіту.Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.