Дамытушылық:табиғат құбылысын эмоционалды, қиялын, фантазиясын дамыту
Оқыту: табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білім беру;
Педагогикалықтехнологиялар:Түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап әдісі
Ресустарменқамтамасызету:Суреттер
Билингвалдықкомпонент: табиғат – природа, ана -мать
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері.Педагог балаларды шеңберге жинайды. - Амансыңдар ма, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Қане, бәріміз шеңбер құрып, өлең жолдарын айтайық.
2.Негізгі бөлім:
Әңгімелесу. - Бүгін «Өзін-өзі тану» әлемінің төртінші «Табиғат» атты аялдамасына тоқталамыз. Енді дәптерлеріңді ашып, «Табиғат» аялдамасында ғы суреттерге назар аударайық.- Суреттен не көріп тұрсыңдар?- Дұрыс айтасыңдар балалар біз бұл аялдамада табиғаттың жомарттығы мен сұлулығы жайлы біліп, оны қорғау мен аялауды үйренеміз.Өзіммен - өзім.Үнтаспадан жағымды табиғат дыбыстары естіледі.- Барлығымыз ыңғайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарыңа туған жерлеріңді, оның әсем табиғатын елестетіңдер.- Енді көзімізді ашып, сезінген, ойлаған ойларымызбен бөлісейік.- «Табиғат» дегенді қалай түсінесіңдер? Әңгімелесу.Тәрбиеші балаларға «Табиғат - Ана» ертегісін оқып береді, балаларға сұрақ қояды:
- Табиғат – Ананың ұлдары адамдарға қандай игілікті істер жасады?- Табиғат
– Ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеуі керек? ДәйексөзТәрбиеші балаларға «Табиғат қорғау – Отанды қорғау» деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Ойын – жаттығу. «Табиғатпен сырласу»
Тәрбиеші ойын шартын түсіндіреді:Өзеннен өту.Тауға өрмелеп шығу.Шалшық сулардан өту.Ормандағы қалың ағаштардың арасынан өту.Ашық алаңға жетіп, қуанып, демалады. Дәптермен жұмыс - «Табиғат – Ана» ертегісінің мазмұны бойынша сурет салып, әңгімелеп беріңдер. Ғажайып сөздерТәрбиеші балаларға:Табиғат – Ана.Табиғатқа қамқорлық жасаймыз - деген өнегелі сөздерді үйретеді. 3.Қорытынды:
Жүректен жүрекке:Тәрбиеші балаларға шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтуды ұсынады