Балалар жылулық шеңберіне жиналып, өлең жолдарын қайталып айтады.
Балалар өз ойларын айтады.
ІІ. Негізгі бөлім
Балалар, қалай ойлайсыңдар, жылы сөздерді сендерге кімдер айтады?
-Иә, балалар сендерге жылы сөздерді аталарың, әке, әжелерің аналарың айтады екен.
-Ал, осы адамдарды бір сөзбен кімдер деп айтамыз?
-Онда бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз кімдер туралы әңгіме қозғайды екенбіз?Балаларды екі орталыққа бөлемін.
Бірінші орталықтағы балаларға отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып,өздерінің отбасы мүшелерінің қызметтері мен қарым-қатынастары туралы айтып беруді тапсырады.
Екінші орталықтағы балаларға бірнеше қуыршақтарды пайдаланып,отбасы мүшелерін топтастыру және олардың отбасындағы туыстық қарым-қатынасын анықтап айтып беру тапсырылады(әңгімелесу барысында амандасу,қоштасу,алғыс айту секілді әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді пайдаланады)
Сергіту сәті
Иіліп оңға бір, иіліп солға бір,
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Д/о: «Жылулық тілегі»
Ойынның шарты:ойынға қатысушы барлық балалар ата,апа,ана,әке,ағаның,ал допты ұстаған бала баланың рөлін ойнайды.
Бала допты лақтырған кезде,қағып алған бала(ата,әже,әке,ана,аға)допты кері қайтарып теңеу сөз,жылы сөз,лебіз немесе тілек айтады.
ІІІ.Қортынды
Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Балалар шеңбер бойына тұрады.
Допты қағып алған бала жылы сөз немесе тілек, теңеулер айтады. Мысалы:
-Мен сені қатты жақсы көрем.
-Сен менің қошақанымсың.
-Жұлдыздай жарқырай бер.
+
-
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің картасы
Күні:11.10.2017
Білім беру саласы:Әлеумет
Бөлімі:Қоршаған ортамыен танысу
Тақырыбы: Жолдағы қауіпсіздік.
Мақсты:Ортанғы топ: Жолдағы тәртіп ережелерін білу.
Ересек топ:Далада және жаяужолшада тәртіп ережені білуге ықпал ету. Сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Міндеттері:Ортанғы топ: Балаларда жүретін бөлік, ось сызығы жайлы біліктерді қалыптастыру
Ересек топ:Сұраққа толық жауап беруге үйрету. Байқағыштыққа, өз өміріне сақ болуға тәрбиелеу
Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та , Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам) Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
ІІ. Негізгі бөлім
Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.Неге ? Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .
Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді. Тақтада Қызыл – Тоқта ! Сары – Сақтан ! Жасыл – Жол ашық! Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға ! Сары көзін ашқанда , Қарап қалма аспанға ! Жасыл көзін ашқанда , Өте бергін , жасқанба ! Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.