kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Табиғат құбылыстары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Рассказываеться об измениниях природы.  Картины времен года.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Табиғат құбылыстары"»

Тақырыбы: «Табиғат тіршілігі»

Білім саласы: «Әлеумет»

Бөлім: «Экология»

Тақырыбы: «Табиғат тіршілігі»

Мақсаты: Қоршаған ортаның табиғат тіршілігі арасындағы байланысы және өлі мен тірі табиғат жайлы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Тақырыптық және табиғатты бейнелейтін суреттер, кесте

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңберін құру.

  • Балалар, сендердің алдарыңда шар бар. Оны қолымызға алып, жүрегімізге жақындатайық. Ғажайып жылу лебі сезіліп тұр. Жылулықты сездіңдер ме? Ал ендеше осы жылулықты келген қонақтарымызға ұсынайық.

  • Балалар, бүгін Құрбан айт мейрамының үшінші күні. Бұл күндері адамдар бір-бірлеріне жылы тілектер айтады. Кәне, біз де «Құрбан айт барлығымызға қабыл болсын!» деп, тілектер айтайық.

Балалар:

  • Деніңіз сау болсын!

  • Жұмысыңыз жемісті болсын!

  • Біз сияқты балаларыңыз талапты болсын!

  • Отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін!

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі.

  • Балалар, қарандаршы, мына суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Әрине күз мезгілін. Бұл күзді тағы біз қалай айтамыз?

  • «Алтын күз».

  • Неге «Алтын күз» дейміз?

  • Себебі, айнала, қоршаған орта барлық табиғатымыз сары түске айналады.

  • Дұрыс айтасыңдар. Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Күз мезгілінің суретін көріп тұрмыз.

  • Бұл күзді қалай айтамыз? Кәне терезеге қарап айтайықшы.

  • «Қара күз» деп айтамыз.

  • Не себептен «Қара күз» дейміз?

  • Өйткені, сарғайып түскен жапырақтар қурап, қоңыр түске айналады. Жиі жаңбыр жауады, қатты жел соғады.

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар. Күз «Алтын күз» және «Қара күз» деп екіге бөлінеді. Міне, осы құбылыстардың барлығын табиғат құбылыстары деп айтамыз.

  • Ал сендер күз туралы тақпақ білесіңдер ме?

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


****

Ой, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ!

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді жатып ап!

Табиғат құбылыстарының дыбыстарын музыка әуенімен тыңдату.

  • Балалар, тыңдандаршы, ненің дыбысын естідіңдер деп ойлайсыңдар?

  • Күннің күркірегенің, жаңбырдың жауғаның, ағаш жапырақтарының сыбдырын, сылдырап аққан судың, гуілдеген желдің, құстар мен жан-жануарлардың дыбыстарын естідік.

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар. Күннің күркірегені, сылдырлап аққан су, жапырақтардың сыбдыры, адамдар, жан-жануарлар бұлардың барлығы не?

  • Табиғат.

  • Әрине, балалар, бұлардың барлығын бізді қоршаған орта немесе табиғат дейміз.

  • Балалар, сонымен табиғат деп нелерді немесе кімдерді айтамыз?


Табиғат

Ағаштар

Адамдар Өсімдіктер



Балықтар Өзен, көлдер



Жануарлар Құстар



Жәңдіктер Таулар, тастар




Аспан Жер


Су


  • Балалар, бұның барлығы табиғат. Ал, адам, өсімдіктер, құстар, жануарлар, жәндіктер қандай табиғатқа жатады?

  • Тірі табиғатқа.

  • Дұрыс. Өйткені олардың бәрі тірі, олар ауамен дем алады екен. Мысалы: Өсімдіктерден гүлді алайық. Гүлге біз су құйып күтетін болсақ, ол әдемі, үлкен гүл боп өседі. Ал, егер су құймасақ, ол өзінің тіршілігін тоқтатып солады, өледі. Сол сияқты адамдар да не істейді? Әрине өмір сүру үшін ауамен дем алып, қоректенеді.

  • Ал тау-тастар, өзен-көлдер, таулар, аспан, су, жер бұлардың барлығы қай табиғатқа жатады?

  • Өлі табиғатқа жатады.

  • Дұрыс. Мысалы, тас өседі ме?

  • Жоқ.

Күй жүреді.

  • Қандай жақсы әуен. Мен барып қарайыншы.

  • Алақай, балалар, қараңдаршы бүгін табиғат қуанып тұрғандай. Себебі бізге жер ана келе жатыр.

Осы кезде Жер ана кіреді.

  • Қош келдіңіз «Жер ана»!

Жер ана: - Амансыңдар ма менің балапандарым! Армысыңдар барлық адамзат! Балалар, мен сендерге айт ала келдім.

Өзімен ала келген сыйын таратады.

Ойын.

Жер ана: - Балалар, менің шешілмей қалған жұмбақтарым бар еді. Осы жұмбақтардың шешімін таппай мен өз жеріме кете алмаймын.

  • Әрине, Жер ана, біздің балалар сізге жұмбақты шешуге көмектеседі. Көмектесеміз бе, балалар?

  • Иә.

Жер ана: 1. Тырс-тырс етіп тамады,

Сайға қарай ағады.

(Жаңбыр)

        1. Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл

Түссе сары.

(Жапырақтар)

        1. Қанаты жоқ – ұшады,

Аяғы жоқ – қонады.

(Жел)

        1. Мейіріммен сүйеді ол бар адамға,

Өзіне жаратпайды қарағанды.

(Күн)

Жер ана: Жарайсыңдар балалар барлақ жұмбақтардың шешімін таптыңдар. Мен сендерге өте ризамын.

  • Табиғат біздің ортақ үйіміз. Табиғатқа не ортақ?

  • Жер ортақ – барлығымыз жер бетінде жүреміз.

  • Ауа ортақ – бәріміз ауамен дем аламыз.

  • Күн ортақ – әрі жылу, әрі жарық береді.

  • Аспандағы ай, жұлдыз ортақ – түнде сәулесін шашады.

  • Жер ана сіз шаршаған шығарсыз. Отырып дем алыңыз. Ал біздің әсем де ару қызымыз Дариға сізге арнап тақпағын айтып береді.

Табиғат – ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз!


Ән: «Бұл қай кезде болады?»

Көрініс.

  • Ертеде бұлт, аспан, күн, су бәсекелес болыпты. Олар «қайсымыз күшті» деп дауласыпты.

Бұлт: Мен күштімін! Өйткені жаңбыр жауып, жерді суарамын. Менсіз ағаштар, гүлдер, өсімдіктер өспей кеуіп қалады. Сендерден мен күштімін!

Аспан: Мен күштімін! Менсіз күн мен ай, бұлт болмас еді. Сендерден мен Күштімін!

Күн: Жоқ, жоқ. Мен адамға, ағаштарға жылу беремін. Мен тіршілік көзімін. Табиғат менсіз өмір сүре алмайды.

Су: Жоқ қателесесіңдер. Менің адамдардың және барлық табиғаттың тіршілік көзімін. Мен ең күштімін!

  • Осылайша дауласып тұрғанда бір адам олардың сөздерін естіп, былай дейді.

Адам: Сендердің әр қайсыларың адамға, жануарға, өсімдікке керексіңдер.

  • Сендерсіз жерде өмір болмас еді. Сондықтан бәрін де күштісіңдер.

  • Адамның сөзін тыңдап аспан, бұлт, су, күн татуласып дос болады.

Жер ана: - Әрине Арыстан дұрыс айтады сендердін барлықтарын күштісіндер, сендерсіз мына біз тіршілік ете алмас едік, сондықтан барлықтарын мықтысындар.

Жер ана: -Ал балалар менін кететін уақытым келді мына Құрбан айт барлықтарына қабыл болсын, алланың нұры,пайғамбардын шапағаты жаусын!

Мына бауырсақтан дәм алындар!

Қош сау болындар!


  • Балалар сонымен біз табиғатсыз өмір сүре алмайды екенбіз,сол себептен табиғатты аялай білуіміз керек.

  • Осымен ашық сабағымыз аяқталды.























Ашық сабақ

Тақырыбы: «Табиғат тіршілігі»











Өткізген: Омарова К.С.



Петропавл қ



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Табиғат құбылыстары"

Автор: Омарова Кумис Саденовна

Дата: 12.12.2017

Номер свидетельства: 443778

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Та?ырып: Таби?ат ??былыстары "
    ["seo_title"] => string(31) "tak-yryp-tabig-at-k-u-bylystary"
    ["file_id"] => string(6) "127593"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1415346218"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Таби?ат ??былыстары "
    ["seo_title"] => string(22) "tabig-at-k-u-bylystary"
    ["file_id"] => string(6) "207028"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430321735"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашық сабақ "Табиғат құбылыстары ""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk_sabak_tabig_at_k_u_bylystary"
    ["file_id"] => string(6) "460988"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520402714"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) ""Табиғат құбылыстары" тақырыбындағы ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(50) "tabig_at_k_u_bylystary_tak_yrybyndag_y_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "401518"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489925649"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Таби?ат ??былыстары. Фонетикалы? талдау"
    ["seo_title"] => string(42) "tabig-at-k-u-bylystary-fonietikalyk-taldau"
    ["file_id"] => string(6) "339291"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1471173403"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства