Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№ 6 технологиялық картасы
Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер»
Білім беру саласы: | Таным |
Бөлімі: | Құрастыру |
Тақырыбы: | Табақша (қағазбен жұмыс) |
Мақсаты: | Бүктеу тәсілін қолдана отырып, қағаз парағын көлемді өзгерту іскерліктерін қалыптастыру. |
Ойлау қабілеттерін дамыта отыра, салыстыруға, түсіндіруге Қағаздан жасалған заттарды басқа заттардың арасынан тауып алып, ажыруға дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. | |
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Қағаз, тиін, көп тәтті тағамдар, табақша, үлгі, қағаздан ойыншықтар; пластмассадан, темірден, ағаштан жасалған заттар, |
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс –әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық –қозғаушы | Тиін келеді: Сәлеметсіңдер ме балалар! Тәрбиеші: сәлеметсің бе тиін! Тәрбиеші: балалар тиін бізге бір тапсырмасымен келген сияқты. Тиін иә: мені сеңдерге қоян жіберді, үйіне қонақтарды шақырды, көп тәтті тағамдарды дайындады, ал қоятын ыдыстары жетпей тұр. Тәрбиеші: балалар қоянға көмектесеміз бе? Орманға барамыз аюға жидектерін жинасамыз. Тәрбиеші қоңырауға соғып балалар екі орталыққа бөлініп бірі шығармашылық орталығына барып қоян мен тиінге сыйлықтар жасап жапсырады. Қалған балалар құрылыс орталығына барады. | Балалар тиінмен амандасады тапсырысын тыңдайды Иә көмектесеміз Екі орталыққа бөлініп бірі шығармашылық орталығына барады, бірі құрастыру орталығына барады. |
Ұйымдастыру іс-әрекеті | Тәрбиеші тиінді ортаға алып балаларға тиін бізге қарап отырады. Балалар сонымен қоянға біз не жасап береміз? Балалар табақша құрастырамыз деп тәрбиеші түсіндіреді. Тәрбиеші: өткен оқу іс әрекетіне алған білімдерін естеріне не жасағандарың түсіріп қайталайды. Тәрбиеші тақтадағы табақшаның суреттерін тақтаға іліп қойып талдайды. Табақша қандай? Табақша қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Табақша не үшін керек? Табақшаға тағы не салуға болады? Тәрбиеші: Балалар біздің табақшамыз төрт бұрышты болады. Неге төртбұрышты болатынын білесіңдер ме? Тәрбиеші: Қоянның жасаған тәтті тағамдары шашылып қалмау үшін табақшанын қыры болады Табақшаны жасау тәсілімен таныстырады, түсіндіреді. Табақшаны жасау үшін бізге қағаз керек.
Тәрбиеші: балаларға міне табақшамыз дайын болды. Тәрбиеші: балаларға табақшаны көрсетіп, қайта сұрақ бекітеді. Дидактикалық ойын: «Не артық?» Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыта отыра, салыстыруға, түсіндіруге үйрету. Қағаздан жасалған заттарды басқа заттардың арасынан тауып ажыратып білуге үйрету. Құралдар: қағаздан жасалған ойыншықтар; пластмассадан, темірден, ағаштан жасалған заттар Шарты: Балалардын алдарында заттар қатарымен тұрады. Балалар заттардын арасынан тек қана қағаздан жасалған заттарын тауып алу керек. Тәрбиеші балаларды орталықтағы үстелдерге жақындауын сұрайды, табақшаны құрастыруға кіріседі. (балалар сеңдердің жұмыстарын тиін қарап отырады) Сергіту:Саусақ жаттығулары (шеңберге тұрады) Орнымыздан тұрайық, Бойымызды жазайық. Саусақтарым бүгілсің, Шаршағандарың бассын. Қайта орнымызға отырайық, Табақшаны құрастырайық. Тәрбиеші жұмыс барысын бақылай отырады (балалардан қағаздың түсін, пішінін сұрап қадағалайды) Тәрбиеші: тиін міне қара саған мына табақша ұнайды ма? Тиін тамаша, қоянға ұнайды. Тәрбиеші:табақшаны береді: «Міне тиін мына табақшаны қоянға апарып. Тиін рахмет деп балалармен қоштасады. | Тыңдайды, түсінеді естеріне сақтайды Балалар ойлана жауап береді (табақшаға тамақ салуға болады) Балалар ойланады. Балалар ойынның шартын тыңдайды, түсінеді, тапсырманы орындайды. Балалар өз орындарына отырады, қағазды алады тәрбиешінің көмегімен табақшаны құрастырады. Шығармашылық орталығында балалар жапсырған сыйлықтарын тиінға сыйлайды Балалар тиінмен қоштасады. |
Рефлексивті-түзетуші | Балалар бүгін қандай да бір қызықпен кездестіңдер ме? Қандай қызықпен кездестіңдер? Тиін не үшін келді? Қандай көмек бердің дер? Табақшаға не салады, не үшін керек? Табақшаны неден жасадық? Жарайсыңдар балалар енді өздерін де осындай табақшаны жасай аласыңдар ма? Ойланады, жауап берді. | Иә Тиін келді Балалар көмек сұрап келді Қағаздан табақша жасадық. Табақшаға алма, алмұрт салады. Қағаздан |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: | Қағаздын бұрыштары мен қарама-қарсы беттерін бүгіп, үстінен басып білу керек. |
Нені игереді: | Қағаздын қасиеттерін біле отыра көркемдік талғамдарын игереді. |
Нені біледі: | Қағаздан жасалған заттарды басқа заттардаң айыра біледі. |