Мақсаты: Табиғатқа деген қызығушылығын арттыру табиғи өзгерістерді байқауға тәрбиелеу. Табиғаттағы құбылыстарды байқай отырып, қызықты ойындар арқылы бала танымын дамыту, ойын арқылы тіл байлығын жетілдіріп,сөздік қорын көбейту. Сөйлеу грамматикасын дұрыс қалыптастыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тәрбиешілерге арналғна Қыс қызығы»
Қыс қызығы.
Білім беру саласы: Қатынас . Таным.Шығармашылық.
Бөлімі: Қоршаған орта.
Тақырыбы: Қыс қызықтары
Мақсаты: Табиғатқа деген қызығушылығын арттыру табиғи өзгерістерді байқауға тәрбиелеу . Табиғаттағы құбылыстарды байқай отырып, қызықты ойындар арқылы бала танымын дамыту, ойын арқылы тіл байлығын жетілдіріп ,сөздік қорын көбейту. Сөйлеу грамматикасын дұрыс қалыптастыру.
Шаттық шеңберінде қонақтармен амандасу.
Армысыздар арайлап атқан таң!
Армысыздар Аспан-ата, Жер-Ана!
Сәлематсыздар ма қадірлі ұстаздар!
Күніміз сәтті болсын!
Қане, балалар бүгін біздерге көптеген апайлар, ата- аналар қонаққа келіп отыр. Біз, бәріміз қыста қандай қызықты, әдемі сәттерді қуана қарсы аламыз. Бәріміз оқу іс-әрекетіне бірігіп ұйымшылдықпен қатысайық, жарай ма балалар. Бүгін біздер « Қыс қызығы» тақырыбында әңгіме қозғаймыз. Балалар менің қолымдағы не?Балалар жауабы: Аққала.Тәрбиеші: олай болса, біз жылулық шеңберінде осы Аққаланы кезек-кезек қолдарымызға алып ойлаған арман-тілектерімізді айтайық. Шеңберде тілектерін айтады.
Тәрбиеші: Рахмет балалар! Ал балалар мен сендерге табиғат құбылысын жұмбақтай баяндайын, сендер айтып беріңдерші бұл жылдың қай мезгілінде болады екен.
Аяз қысып,
Өрнек сызып.
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғып жастар ойнайды
Кейде ұлып,кейде ысқырып ,
Ұйтқып боран соғады,
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Б.ж:Қыста
Тәрб: Қыста қандай ойын ойналады? Біз өткен сабақтарда далада ойындар ойнадық қарластық , не жасадық?
Б.ж: Аққала,шанамен ойнадық.
Тәрб: Ал, балалар сендер осы ойындарыңды қысқы сиқырлы орманға барып жалғастырғыларыңыз келе ме?!
Б.ж: Иә
Тәрб:Ендеше біз қимылды ойын ойнай отырып сиқырлы орманға саяхатқа шығайық.
Жүріңдер балалар,
Сырғанақ тебеміз,
Құрыспай,
Құрыштай,
Шынықсын денеміз.
Таяққа бау тағып ,
Шаңғыңды майлап ал,
Биалай малақай-
Бәрін де салып ал.
Желменен жарысып
Сырғанақ тебеміз.
Балалар қысқы орман қандай тамаша. Балалар мынау не?
Б.ж: Ол аю қысқы ұйқыға кеткен .
Тәрб: қыста қандай құстарды кездестіруге болады?
Б.ж:Қарғаны,торғайды
Тәрб: Олар қыстан қорықпайды, қыста қыстап қалады. Қалай ойлайсыңдар балалар қардың түсі қандай?
Б.ж: Ақ
Тәрб: Қолымызға ұстап алақанымызға салсақ не болады?
Б.ж: Ериді, суға айналады.
Тәрб: Оны жеуге бола ма?
Б.ж. Жоқ, салқын оны жесек ауырып қаламыз.
Ғажайып сәт Аққала кіреді.Қолында сөмкесі бар.
Аққала : Сәлематсыңдар ма балалар !Мен сендердің білімдеріңізді тексеруге келдім. Кім қыс туралы тақпақ , жұмбақ,жаңылтпаш біледі екен? Қане,айта қойыңдаршы ! Мен сендерге көп тапсырмалар алып келдім, сендер тапсырманы дұрыс орындасаңдар мен сендерге сыйға дәрумендер беремін.
1б: Қонақтайды бақтарға, Жасұлан
Ақ көбелек ақ мамық,
Аунап таза ақ қарға
Балалар жүр мақтанып.
2 Тазартып бар кір шаңнан, Аяулым
Қыс өнерін бастады
Терезеге қыраудан
Сурет салып тастады.
3. Ақ киімді денелі ақ сақалды, Мұстафа
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті –басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
4. Ақ боран борады Фатима
Үскірік соғады
Ой-шұңқыр бітеліп
Ақ қарға толады.
5.Қыс келді, қыс боранды Әмина
Қырат көрпе орайды
Қыс келді, қыс уайым ба?
Қалдық біз ойынға
Аққала: 1 Тапсырма. Орманда аюдың інінің қасында бал жинайтын ыдысы бар, сендер сол ыдысты аюды оятып алмай тауып алып, қар жасап ыдысты қарға толтырыңдар.
Ойын: Қар жасау.(Ақ қағазды умаждап буктеу арқылы домалақ қар бейнесін жасап ыдысқа толтырады)Ойлау қабілетін арттыру ,жылдамдыққа баулу.
Аққала: Ал, кім жаңылтпаш айта алады?
6. Қарға ,қарға,қарғалар Көркем
Қар үстінде жорғалар
7. Құс қайтты, Шұғыла
Қыс келді.
Қыс қайтты ,
Құс келді.
2 Тапсырма . Қардан тағы не жасап ойнауға болады, ойланып көріңдер.
Б.ж: Аққала
Ойын:Аққала жасау. Балаларды ептілікке,дәлдікке,тез шешім қабылдай білуге тәрбиелеу
(Домалақ ақ доптардан қосымша тіреуіштер арқылы аққала құрастырып жасау).
Аққала: Жарайсыңдар балалар!
3 Тапсырма: Балалар енді сендерге жұмбақ жасырамын шешуін жауабын табуға тырысыңдар.
1.Мамықтай үлпа,
Қанттай ақ
Қыста жер бетін басады.Жазда сай салаға қашады
Б/ж:Қар.
2.Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады
Б/ж:Аяз.
Тәрб:Жарайсыңдар балалар.
4 Тапсырма .Аққала : үлестірмелі карталармен жұмыс жасауды тапсырамын, суреттен шын аққаланы тауып белгілеңдер.
Аққала:Балалар мына жер ыстық екен мен еріп кетпей тұрғанда сіздермен қоштасайын. Менің тапсырмаларымды ынтамен ,белсенділікпен орындағандарыңа көп рахмет, дәрумендерден дәм татыңдар.(Дәрумендер таратады) Сау болыңдар балалар!
Тәрб: Құрметті балақайлар біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміз өз мәресіне жетіп келеді, олай болса қысқы қызықтарға толы орманымызға қар жаудырып балалармен ұжымдық жұмыс жасап іс-әрекетімізді көңілді аяқтағымыз келеді. Су бояқпен « Қар жауады көңілді» деген тақырыппен қар бейнесін бейнелейік. Қош сау болыңыздар!