Біз бүгінгі оқу қызметімізде адамның жақсы қасиеттерінің бірі сүйіспеншілік туралы әңгімелесеміз. Слайдтан Сара Назарбаеваның суретін көрсетіп таныстырамын.Сүйіспеншілік туралы оның түрлерін көрсетемін. Балалар сүйіспеншілк әр адамның жүрегінде өмір сүреді.Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады.Сүйіспеншілік жүректе орналасады,ал мейірімді адамды барлығы жақсы көреді. Сүйіспеншілікті қалай көрсетуге болады? Өздеріңе сүйіспеншілік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер? Дәйек сөз: Бүгінгі оқу қызметіміздің дәйек сөзі: «Жақсылық еткен-алғыс алады» Мәтінмен жұмыс: «Сары тауық пен балапандары» М.Төрежанов 1.Әңгіме не туралы? 2.Сары тауық пен балапандар қайда қалды? 3.Балапандар неге таласты? 4.Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды? 5.Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді? 6.Ал сендер мейірімділікті,қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер? Сергіту сәті: «Шөп,шөп шөжелерім» әуенімен балалар балапандар биін билеп береді. Әңгімелеу: Ал енді балалар,менің сіздерге сыйлығым бар,қане назарымызды экранға аударайық. «Адамдардың сүйіспеншілігі» (видео) 1.Жас бала құлап қалғанда өтіп бара жатқан адам не істеді? 2.Адамдар немен айналысып жүр? 3.Бұл видеода сендер не байқадыңдар? 4.Видеода қандай адамдар болды? 5.Олар бір-біріне қандай іс-әрекет жасап жүрді? 6. Ал біз осылай жасаймыз ба? Шығармашылық жұмыс:балалар бүгін біз сендермен Отан,Табиғат,Ана,Әже,Ұстаз тақырыбында аппликация жұмысын жасаймыз. Дайын суреттер берілген сол суреттерді желімнің көмегімен плакатқа дұрыс орналастыруымыз керек. Жүрекшелерге көңіл-күй сыйлайды. | Тәрбиешіні тыңдап отырады. Балалар сұрақтарға жауап береді: -Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады. Мәтінді мұқият тыңдайды. Балалар сұрақтарға жауап береді. Сергіту сәтін жасайды. Балалар назарына видео ұсынылады.Балалар сұрақтарға жауап береді. Шығармашылық жұмыстарды орындайды. Жүрекшелерге көңіл-күй түрлерін бейнелеп, қонақтарға сыйлайды. |