kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Әке -шаңырақтың негізгі тірегі» аудандық сыныптан тыс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Әке -шаңырақтың   негізгі  тірегі»

Мақсаты: Әке мен ер азамат ұғымының нарқы мен мәнін ұғыну және қастерлеу туралы ой бөлісу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, ұлағатты сөздер.

Әдісі: Ой қозғау, пікірталас.

Тренинг:

Барысы

I.Кіріспе бөлім.

Тәрбиелік шараның тақырыбын хабарлау,  жағдаяттарды талдау мақсатында әкелермен ой бөлісу.

     Жүргізуші:  «Ана – сая болар бағың болса,

     Әке – асқар тауың» дейді қазақта.

     Бір күн бар, жылытар күн, жұбатар күн.

     Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

     Мейлі ол шаңырақ  сәтті болсын, сәтсіз болсын,

     «Әке» деген сезімді ұмытар кім,  -  дей отырып, сіздерге арналған «Әке  - шаңырақтың негізгі тірегі» тәрбиелік шараны жариялауға рұқсат етіңіздер. 

Жүргізуші: «Жақсыдан жаман туады,  бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі шарамызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау». «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.

     Жүргізуші: Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос.  Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше.

     Көне тәсілдегі бір бала бар – атаға жете туады, бір бала бар  - атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын әкенің өзі.

     Келесі көрініске назар аударайық.

Көрініс

Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:     - Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, - депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

                   Балам анау не деп сұрапты

  •  
  • Ол түйе – деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
  • Ол түйе, түйе! Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? – деп ренжіпті. Сонда әкесі: «Балам, кішкене кезінде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсамда, сенің « Анау не?, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағына беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетінді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып ажалға мойын ұсынғаным артық, мен жерге түсір» депті.

Әкелерден осы көріністен қандай ой түйгендері сұралады.

Сұрақ: әке баласына неге ренжіді?

Жүргізуші: Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір шапағат көзі – Әке. Әкенің бұл рөлі бала шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қос қабағынан, жанарынан танғыштықпен   нығая реттей береді. Әрине, ер азамат өзінің әкелік борышын ұмытпағанда, сүйіспеншікте тұрғанда, өнегелі өміршен салтын, қадыр қасие, бүкіл отбасын ауылды ағайын туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Келесі бір әңгімені зейін қойп тыңдасақ.

Әңгіме

         Әкесі жұмыстан келе сала «Жұмыс дегенің құрып кетсін! Жатып алып демалғанға не жетсін?, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты ақымақтар ғана істесін», деп өзінен өзі ызаланады. Осыны естіген 5-ші сыныпта оқитын баласы да «Сабақ күннен күнге қиындап барады, басты ауыртып керегі не, бәрібір түсінбеймін», деген сөзді жиі айтып, оқуға салқын қарай бастайды.

Бұл көріністен әкелердің ойы талқыланады.

         Жүргізуші: 1. Әкеден қандай тәрбие күтуге болады?

2. Бұл отбасындағы баланың тәрбиесі қандай болмақ?

         Айтқаны заң, өзі үйдің тірегі, алтын қазығы болған ер азамат нарқы неге арзандады? Әкесінен бата алмай, алыс сапарға шықпайтын, әкесінің атын өз есімін  бұрын айтатын қазақ баласының өмірінде  әкенің беделі неге түсті? Бүгін осы тақырыпта ой қозғасақ? Әке – ер азамат беделінің қаншалық екенін байқау үшін мынадай тапсырмалар беріледі.

         Отырған оқушыларға: Жақсы әкенің даналығы – балаға мың жылдық азық, дейді дана халқымыз, осы мақалға қандай сипаттама береміз? Әке асқар тау, неге әкені асқар тауға теңейді?, Мәнін қалай түсіндіре аласыз?

         Жүргізуші: «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде кім оны орындамаса, айтыпты, деген екен педагог Жан Жак Руссо. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда, Әкелер өз міндетін қалай орындап жүр екен? Сіздерге сауал.

  1. «Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз» депті бір кемеңгер. Бұған пікіріңіз қандай?
  2.  Ауылдағы балалардың ең ересегі сіздің ұлыңыз, үлкендердің бірнеше рет ескерткеніне қарамастан олар үй маңына доп ойнауды доғармады, ақыры көршіңіздің терезесін сындырды, сіздің әрекетіңіз?
  3.  « Әйеліңе балан жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейді.  Сіз ақылды қалай айтасыз?
  4.  Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты, оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабақ белсенділігі, мінезі төмендеген сияқты. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Енді не істейсіз?
  5. Жеткіншегіңіз жақсы оқиды. Тәртібі де оңды. Сабақтан қалмайды, бірде сынып жетекшісі сабаққа келмегенін хабарлап айтты, сіздің әрекетіңіз?

Қойылған сауалдарға жауап қайтарады, тәрбие туралы ойларын ортаға салады.      

         Қорытынды бөлім: Адайдың жетінші, сегізінші, оныншы қара сөздерінде бала туралы, ақыл үйренумен насихат тыңдау мәселелері сөз болады.

         «Жас бала анадан туғанда, екі түрлі мінезбен туады; - біреу ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары: Біреу білсем.көзі көрген, құлағы естігенннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі-жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Бұл қара сөзде қаралған бала тәрбиесіне негізгі көмекші бірден- бір ата- ана екендігі айдан анық. Бала болашығына негіз салушы – ата- ана.                                    

 

                    

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Әке -шаңырақтың негізгі тірегі» аудандық сыныптан тыс шара»



Тақырыбы: «Әке -шаңырақтың негізгі тірегі»

Мақсаты: Әке мен ер азамат ұғымының нарқы мен мәнін ұғыну және қастерлеу туралы ой бөлісу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, ұлағатты сөздер.

Әдісі: Ой қозғау, пікірталас.

Тренинг:


Барысы

I.Кіріспе бөлім.

Тәрбиелік шараның тақырыбын хабарлау, жағдаяттарды талдау мақсатында әкелермен ой бөлісу.

Жүргізуші: «Ана – сая болар бағың болса,

Әке – асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар, жылытар күн, жұбатар күн.

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім, - дей отырып, сіздерге арналған «Әке - шаңырақтың негізгі тірегі» тәрбиелік шараны жариялауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі шарамызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау». «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.

Жүргізуші: Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше.

Көне тәсілдегі бір бала бар – атаға жете туады, бір бала бар - атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын әкенің өзі.

Келесі көрініске назар аударайық.

Көрініс

Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп: - Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, - депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

Балам анау не деп сұрапты


  • Ол түйе – деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:

  • Ол түйе, түйе! Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? – деп ренжіпті. Сонда әкесі: «Балам, кішкене кезінде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсамда, сенің « Анау не?, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағына беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетінді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып ажалға мойын ұсынғаным артық, мен жерге түсір» депті.

Әкелерден осы көріністен қандай ой түйгендері сұралады.

Сұрақ: әке баласына неге ренжіді?

Жүргізуші: Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір шапағат көзі – Әке. Әкенің бұл рөлі бала шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қос қабағынан, жанарынан танғыштықпен нығая реттей береді. Әрине, ер азамат өзінің әкелік борышын ұмытпағанда, сүйіспеншікте тұрғанда, өнегелі өміршен салтын, қадыр қасие, бүкіл отбасын ауылды ағайын туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Келесі бір әңгімені зейін қойп тыңдасақ.

Әңгіме

Әкесі жұмыстан келе сала «Жұмыс дегенің құрып кетсін! Жатып алып демалғанға не жетсін?, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты ақымақтар ғана істесін», деп өзінен өзі ызаланады. Осыны естіген 5-ші сыныпта оқитын баласы да «Сабақ күннен күнге қиындап барады, басты ауыртып керегі не, бәрібір түсінбеймін», деген сөзді жиі айтып, оқуға салқын қарай бастайды.

Бұл көріністен әкелердің ойы талқыланады.

Жүргізуші: 1. Әкеден қандай тәрбие күтуге болады?

2. Бұл отбасындағы баланың тәрбиесі қандай болмақ?

Айтқаны заң, өзі үйдің тірегі, алтын қазығы болған ер азамат нарқы неге арзандады? Әкесінен бата алмай, алыс сапарға шықпайтын, әкесінің атын өз есімін бұрын айтатын қазақ баласының өмірінде әкенің беделі неге түсті? Бүгін осы тақырыпта ой қозғасақ? Әке – ер азамат беделінің қаншалық екенін байқау үшін мынадай тапсырмалар беріледі.

Отырған оқушыларға: Жақсы әкенің даналығы – балаға мың жылдық азық, дейді дана халқымыз, осы мақалға қандай сипаттама береміз? Әке асқар тау, неге әкені асқар тауға теңейді?, Мәнін қалай түсіндіре аласыз?

Жүргізуші: «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде кім оны орындамаса, айтыпты, деген екен педагог Жан Жак Руссо. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда, Әкелер өз міндетін қалай орындап жүр екен? Сіздерге сауал.

  1. «Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз» депті бір кемеңгер. Бұған пікіріңіз қандай?

  2. Ауылдағы балалардың ең ересегі сіздің ұлыңыз, үлкендердің бірнеше рет ескерткеніне қарамастан олар үй маңына доп ойнауды доғармады, ақыры көршіңіздің терезесін сындырды, сіздің әрекетіңіз?

  3. « Әйеліңе балан жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейді. Сіз ақылды қалай айтасыз?

  4. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты, оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабақ белсенділігі, мінезі төмендеген сияқты. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Енді не істейсіз?

  5. Жеткіншегіңіз жақсы оқиды. Тәртібі де оңды. Сабақтан қалмайды, бірде сынып жетекшісі сабаққа келмегенін хабарлап айтты, сіздің әрекетіңіз?


Қойылған сауалдарға жауап қайтарады, тәрбие туралы ойларын ортаға салады.



Қорытынды бөлім: Адайдың жетінші, сегізінші, оныншы қара сөздерінде бала туралы, ақыл үйренумен насихат тыңдау мәселелері сөз болады.

«Жас бала анадан туғанда, екі түрлі мінезбен туады; - біреу ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары: Біреу білсем...көзі көрген, құлағы естігенннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі-жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Бұл қара сөзде қаралған бала тәрбиесіне негізгі көмекші бірден- бір ата- ана екендігі айдан анық. Бала болашығына негіз салушы – ата- ана.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«Әке -шаңырақтың негізгі тірегі» аудандық сыныптан тыс шара

Автор: Амангалиева Асель Саматовна

Дата: 10.11.2017

Номер свидетельства: 438103


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства