kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сөйлеуді дамыту "Ертегілер еліне саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға ертегілер әлеміне еніп жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар ертегілер арқылы тілін дамыту.Үстел үсті және шарлар театры арқылы сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәнерін ары қарай дамыту.Логикалық ойлануын жетілдіріп адамгершілік тәрбиесіне баушу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сөйлеуді дамыту "Ертегілер еліне саяхат"»

Көкпекті ауданы

Басташы ауылы

«Абай атындағы орта мектебі»КММ

















Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат әлемі.











Тәрбиеші:Ахметкалиева Р.З


















Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат әлемі.

Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту. Үстел үсті және шарлар театры арқылы сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәдинетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлердің суреттері.

Барысы: Балаларды шеңберге тұрғызу.

Шаттық шеңбер:

Үлкен шеңбер құрайық,

Алақанды ұрайық.

Күлімдесін күн де,

Күлімдейік бізде.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын шашайық.

Таза ауаны салайық,

Жүрек жылуын сыйлайық

Енді бәрін қонақтарға сыйлайық.

Жұмбақ:

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Сырғанап балалар ойнайды.

Айтыңдаршы бөбектерім,

Бұл қай мезгілде болады?

Балалар: Қыс мезгілінде.

Сұрақ-жауап:

Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Ал қазір қандай жыл мезгілі?

Балалар: Қазір қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Балалар қыс деген сөзді қос тілде айтайықшы. Қыс-зима.

Тәрбиеші: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші.

Балалар: Қыста күн салқын болады,аяз болады,қар жауады, боран болады.

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Қыс мезгілінде үш ай бар. Желтоқсан, қаңтар,ақпан.

Тәрбиеші: Қазір қандай ай?

Балалар: Ақпан айы.

Тәрбиеші: Қыс мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?


Тақпақ: Б.Эсфира.

Қыс айлары көңілді,

Ақ қар жапты өңірді.

Үйренеміз жалықпай,

Шана шаңғы тебуді.

Тәрбиеші: Жарайсың,өте ақылды екенсің.

(Тәрбиеші қараңдаршы балалар бізге хатшы хат әкеп тастапты)

Тәрбиеші: Кәне, ашып оқиық.Кімнен екен?

Хатты ашып оқиды:Сәлеметсіңдер ме! Мен Машамын.Мен туралы ертегілерден естіген боларсыңдар.Мен, қысқы орманға серуендеп барғанмын.Ал мені Қыс ханшайымы ұстап, өзінің қарлы үйіне қамап қойды.Мұнда өте салқын.Үйіме барғым келеді.Атам мен әжемді сағындым.Мені құтқарыңдаршы!!!

Тәрбиеші: Машаны құтқарамыз ба? Қысқы орманға барамыз ба? Ертегілер әлеміне енеміз бе?

Балалар: Иә!!!

Тәрбиеші: Ендеше, бәріміз автобуспен қысқы орманға барамыз.Кәне, кеттік!

(«Ертегілер» әні қосылып,безендірілген қысқы орман алаңқайындағы орындықтарға барып отырады)

Тәрбиеші: Балақайлар, міне бізде қысқы орманға келіп қалдық.

Зал іші орманға безендірілген.

Тәрбиеші: Қысқы орман әдемі ме?

Балалар: Ия!

(Осы кезде Қыс ханшайымы залға алаңқайға кіріп келеді)


Қыс ханшайымы (ашулы дауыспен айтады)

Кім кім менің қарлы патшалығыма келген?

Тәрбиеші: Балалар, кәне,Қыс ханшайыммен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Қыс ханшайымы: ,біз Машаны іздеп жүрміз.

Қыс ханшайымы: Ха ха ха!Жалғыз өзі орманда серуендеп жүр екен.Мен оны үйіме кілттеп қойдым.Енді ло менің үйімді жинап, маған қардан дәмді тағамдар пісіреді.

Тәрбиеші: Балалар, орманда немесе көшеде жалғыз серуендеп н/е ойнап жүруге бола мА?

Балалар: Жоқ.

Тәрбиеші: Қыс ханшайымы,Машаны кешірші,оны жіберші,ол кішкентай қызғой.Атасы мен әжесі жылап жатқан болар.

Қыс ханшайымы: Ммм,егер сендер менің тапсырмамды орындай алсаңдар,жіберемін.

Тәрбиеші: Балалар тамсырмасын орындаймыз ба?

Балалар: Иә!

Бірінші тапсырма: «Жұмбақтар жасыру»

Ж.Айлан:

Суда мұз бар,Жерде қар бар,

Боран боп соғады,Бұл қай мезгілде болады? (Қыс)

Жалт-жұлт етеді,

Ұстасан еріп кетеді. (Қар)

Қ.Ерсұлтан:

Қыстағана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)

(Жұмбақтың жауабын тапқан сайын,тақтадағы жабық тұрған шалқанның суреті ашылады)

Тәрбиеші: Балалар ненің суреті шықты?

Балалар: Шалқан ертегісінің суреті сықты.

Қыс ханшайымы: Дұрыс, ендеше келесі екінші тапсырма. «Шалқан» ертегісін сомдау.

Тәрбиеші: Балалар, шалқан ертегісін үстел үсті театры арқылы сомдаймыз.Кәне ертегілермен айтыңдар,қай кейіпкерді сомдайсыз.(Автор ата, әже,немере,қыз,күшік,мысық,тышқан)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар!Ертегіні өте жақсы сомдадыңдар.Балалар шаршаған боларсыңдар,кәзір серігіп алайық.

Сергіту сәті:

Боран соғады оң жақтан,

Боран соғады сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар, ал сендер ертегілерді білесіңдер ме?

Балалар: Ия!

Үшінші тапсырма: «Ертегінің атын тап?»

Магнитті тақтадағы көрсетілген ертегі суретіне қарап, қай ертегі екенін айту керек.

Қыс ханшайым: Жарайсыңдар!Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер,рахмет!

Төртінші тапсырма мына жұмбақты шешкенде белгілі болады:

Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен әжеден.

Орманда кеше жүр еді,

Домалап шықты алдымнан. (Бауырсақ)

Төртінші тапсырма: «Бауырсақ» ертегісін шарлар арқылы сомдау.(Шарға кейіпкерлердің суреті жапсырылады,балалар қолдарына ұстап ойын түрінде сомдайды)

Ата,Әже,Бауырсақ,Қоян,Қасқыр,Аю,Түлкі.

Тәрбиеші : Керемет, балалар, өте жақсы сомдадыңдар!

Бесінші тапсырма:назар аударайық.Жеке жұмыс:

«Лақтарды дұрыс жол тап» («Жеті лақ»ертегісі бойынша).

Шарты: Лақтарды анасына апаратын жолдың үстінен сызып батыр.Егер жолдан қаттелессең, лақтар қасқырға барып, қасқыр лақтарды жеп қояды. (Балалар үстел жанына барып сызады)

Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар ,қандай ақылды балаларсыңдар.Тапсырманың бәрін жақсы орындадыңдар.Ендеше мен Машаны босатайын. (Зал ішіне орманға Машаны лестіріп келеді).

Маша: Рахмет, сендерге балалар! Сендер көмектеспегенде не істер едім.Тонып қамауда жүрер едім. Қыс ханшайымы сізгеде рахмет .Мен енді үйімнің қасынан ешқайда кетпеймін.Балалар сендерде орманға, көшеге жалғыз ойнап шықпандар жарай ма?Менің сендерге сыйлығым бар еді орман арасынан адасып жүргенде көптеген құлпынай жинап алып едім Талшын Сырғабайқызына берейін,апайларың топ ішінде өздеріңе таратар.Мен атам мен әжемді сағындым,үйіме қайтайын.Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Біздің қайтатын уақтымыз болды.Қыс ханшайымы,балаларға,енді ұрынба,сау бол!

Балалар: Сау болыңыз,Қыс ханшайым!

Тәрбиеші: Балалар, автобуспен балабақшаға қайтайық.

(Бәрі бірінеің артынан бірі жүріп қайтады)

Қорытынды: Сұрақ-жауап:

Біз қайда бардық?

Кімге көмектестік?

Тәрбиеші:

Осымен оқу қызметі аяқталды. Рахмет, балалар! Қонақтармен қоштасайық .

Балалар: Сау болыңыз!



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сөйлеуді дамыту "Ертегілер еліне саяхат"

Автор: Ахметкалиева Райхангуль Зинатуллановна

Дата: 20.12.2018

Номер свидетельства: 491871

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Білім беру саласы: Коммуникация. Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: "Ертегілер еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(80) "bilim_bieru_salasy_kommunikatsiia_soilieudi_damytu_tak_yryby_iertieghilier_ielin"
    ["file_id"] => string(6) "408295"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491883466"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру"
    ["seo_title"] => string(80) "iertieghilier_ark_yly_miektiep_zhasyna_dieiinghi_balalardyn_tanymdyk_dag_dylaryn"
    ["file_id"] => string(6) "375638"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483617438"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Ғажайып ертегілер әлемі""
    ["seo_title"] => string(23) "gazhaiyp_ertegiler_lemi"
    ["file_id"] => string(6) "475025"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1531716977"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Ғажайыптар әлемі"
    ["seo_title"] => string(16) "gazhaiyptar_lemi"
    ["file_id"] => string(6) "549742"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1589477727"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Шешендік ?нер" ?йірмесіні? ба?дарламасы"
    ["seo_title"] => string(41) "shieshiendikonieruiirmiesininbagdarlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "308164"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458536025"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства