Іздену ұйымдастыру шы | -Балалар мынау кім? -Дұрыс, ол көп ертегі білетін әже. Казір мен сол көп ертегілерден біреуін айтып беремін, ал сендер маған көмектесесіңдер. «Тіл туралы ертегі» Ерте, ерте, ертеде Бір тіл болыпты. Ол өз үйін жақсы көріпті, Таңертең тұрып үйінің шаңын сүртіпті. -Сендер қалай ойлайсындар, оның үйі қалай аталады? -Дұрыс, айтасыңдар, ауыз. Тіл шаңды қалай сүрткенін көрсетейік. Таңертең тіл оянды, Қараса кілем шаң екен. Қолына шаңсоққышты алып, кілемді қақты. Тық –тық –тық Кілем тазарды, тіл оны төседі. Ол жұмыс істеп болғасын, тамақ ішкісі келді. Тәтті және дәмді жүзім жеді. Ім –ім-ім Тәтті жүзім. Тіл тамағын жеп алды, шаршағанын сезді, ал, біз шаршаған жоқпыз! Біз әрі қарай жүреміз. Балалар, біз орама жіпті әрі қарай домалатамыз. (интерактивті тақтада қуыршақ, машинаның кузовында қапшық). -Балалар, бұл не? -Ол не әкеле жатыр? -Машинаның кузовында не бар? -Дорбаның ішінде не бар екенін білгілерін келе ме? -Балалар менде сиқырлы таяқша бар, казір мен сиқырласам осы дорба бізде болады. Көзімізді жұмамыз. -Қараңдаршы, балалар, сиқырлы дорба менде. Ал машинаның кузовында ол бар ма? Сиқырлы дорбада не бар екені қараймыз ба?! Тәрбиеші ойыншықты сипап – сезу арқылы анықтауды ұсынады. Мансур мынау мен? Машинада не бар? Балалар машинаның кабинасының түсі қандай? Кабинаның пішіні қандай? Ал, кузовы қандай түсті? Доңғалағы қандай түсті? Балалар, доңғалақтың пішіні қандай? Мерей мынау не? Қуыршақ қандай? Қуыршақта не бар? Шашы қандай түсті? Үстінде қандай киімі бар? Қуыршақпен не істейміз? Жарайсыңдар, балалар! Әмір мынау не? Доп қандай? Балалар допты сипап көрейікші, ол қандай? Доптың сырты тегіс. Қайталаймыз. Жарайсындар, балалар! Тәрбиеші ойыншықтарға көрсетіп, қорытынды сұрақ қояды – Мынау не? Балалар, доп, машина, қуыршақ бір сөзбен қалай айтуға болады. Балалар кәне бәріміз қатты айтайық, ойыншықтар. Ал, енді ақырын айтамыз. Балалар сендер доппен ойнауды жақсы көресіңдер ме?! Сергіту сәті: Доп, доп Топ, топ Теуіп қалдым допты Доп жоғалды, Доп жоқ. Қап - қап Тап – тап «Не жоғалды?» ойын ойнайық. Балалар, біз сиқырлы дорбамен ойнадық, ал енді оны қайтадан қуыршаққа берейік. | -Әже Тыңдайды, қайталайды. -Ауыз Артикуляциялық жаттығу жасайды. (тілін ауыз ішінде айналдырады). Балалар қайталайды. Мұқият тыңдайды. Қызығушылықтарын білдіреді. -Мынау қуыршақ. -Ол машинаны әкеліп жатыр. -Дорба бар. -Иә Балалар қарайды. Көздерінді жұмады. - Машинаның кузовында ол жоқ. -Иә, қараймыз. Мынау машина. Кабина, кузов, доңғалағы. - Машинаның кабинасы жасыл. -Шаршы - Кузовы сары түсті. -Доңғалақтары қара түсті. Пішіні дөңгелек Мынау қуыршақ. Қуыршақ сұлу, әдімі. Аяғы, қолы, басы, шашы бар т.б. Шашы ақ түсті. Үстінде әдемі көйлегі бар. Қуыршақпен ойнаймыз, тамақ береміз т.б. -Доп үлкен, түрлі түсті домалақ. Мынау доп, мынау қуыршақ, мынау машина Ойыншықтар Қатты айтады. Ақырын айтады. -Иә, жақсы көреміз. Сергіту сәтін қимылмен орындайды. Балалар ойынды ойнайды. Ойыншықтарды жинайды. |