kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сиқырлы дорба ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Сиқырлы дорба" ашық сабақ жоспары.

Екінші кіші топқа арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сиқырлы дорба ашық сабақ»

Әдіскері: Ауганбаева Ш.Р.----------------


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Тіл дамыту.

Күні: 23.04.2018

Тақырыбы: «Сиқырлы дорба»

Білімділік міндеті: Жыл бойы алған білімдерің бекіту.Жолдан кездескен Сиқырлы дорбаның тапсырмаларын орындап,сөйлеу мәдинетін, сөздік қорларын байыта отырып, ойын арқылы білімдерін бекіту.тілдің грамматикасын сақтау және дыбыстық артикулясяны толық айту дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық міндеті: Сөйлеу барысында сөздерді қолдану,сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:балаларды табиғатты аялауға.еңбекқорлыққа,ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Топтын іші безендіріледі,көктемнің суретті,дорба, ұй жануарлардың суреттері және доп.

Блингвалды компанент: Сиыр-корова,Жылқы –лошадь,Қой –баран.

Қолданылған әдіс тәсіл: Сұрақ жауап.Ойын.

Балалар музыкамен кіреді.(үш тілде амандасып кіреді)

Тәрбиеші:Ал балақайлар бір бірімізге ізгі тілекпен, шаттық шеңберімізді құрайық.

Балалар:

Жарқырап күнде ашылды

Айналаға шашылды

Қайырлы күн балалар!

Қайырлы күн апайлар!

Тәрбиеші:(Тарбиеші балалардын назарын өзіне аударады) Балалар мен таңертемен балалбақшаға келе жатқам,қарасам бір нарсе жатқан сияқты бұл не зат екен. ( дорбаны көрсетеді)

Балалар:Ия бұл дорба .

Тәрбиеші:Балалар қарандаршы бұл дорба жай дорба емес, сиқырлы дорба сияқты. (сол кезде дорбаға жан бітіп сөйлей кетеді)

Сиқырлы дорба:Салеметсіндер ме Балалар! Мен жай дорба емес Сиқырлы дорбамын. Мені тауып алғандарына рахмет.

Дорбамның аузы ашылсын

Ішінен жібек шашылсын.

Менің сендерге бірнеше тапсырмам бар. Егер сендер менің тапсырмамды мүдірмей орындасандар сендерге арналған тосын сыйым бар.

Тәрбиеші: Ооо балалар қандай тосын сый екен а? Балалар Сиқырлы дорбанын тапсырмасын орындаймыз ба ?

Балалар: ия орындаймыз.

Тәрбиеші: «Бұл қай кезде болады» атты жұмбақ жасырады тәрбиеші жұмбақты оқиды.

Қар,мұз еріп,

Су көбейіп,

Бүршік жарып,

Бәйшешектер басады

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Бұл Көктем мезгілі.

Тәрбиеші: Дурыс айтасындар балалар,әрине Көктем мезгілі.

Көктемнің қандай ерекшіліктерін білесіңдер?

Балалар:

-Қар еріп,жерден шөптер шығады.

-Жылғалардан су ағады.

-Жылы жақтан құстар ұшып келеді.

-Көктемнің алғашқы гүлдері Қызғалдақ,Бәйшешек.

-Ағаштардан бүршік жарып шығады.

-Көктемде күн күркіреп жаңбыр жауады.

Тәрбиеші;

Олай болса табиғат құбылысына байланысты кім тақпақ айтады:

-Инабат:

Күн,сен неге күркірейсің?

Көктем келді,көктем келді.

Жаңбыр,неге сіркірейсің?

Көктем келді,көктем келді.

Бұлақ,неге сен сылдырлайсын?

Көктем келді,көктем келді.

Тәрбиеші

Жарайсын.тағы кім қандай тақпақ біледі?

Бекжан:

Көктем,көктем,көктемде,

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз

Ән мен қарсы аламыз.

Елдана:

Қар астында қыс қалды

Қар еріді су ақты

Алып келдім құстарды

Көктем келді шуақты.

Еркеназ.

Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда

Құлпыртып өңірді

Гүл ектік бақтарға.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!Сиқырлы дорбаның тапсырмасын жақсы орындадындар.

Сиқырлы дорба: Жарайсындар балалар! Сендер менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар.Енді менің келесі тапсырмам,менің сиқырлы кітабымда бар Сол кітаптан дыбыс естисіңдер,ол дыбыс қандай жануардікі және қандай жануардын төлі екенің атап беріндер?

Ойынның аты:«Дауысын тап ойыны».

Тәрбиеші: Балалар келіндер тапсырманы орындауға көмектесейік.

Балалар:

-Дауысын естіп... Бұл Сиыр.Сиырдын төлі бұзау.

Адамдар еті мен сүтін азық етеді, Сүттен май,құрт,ірімшік жасайды.

-Дауысын естіп... Бұл Жылқы. Жылқының төлін құлын.

Жылқының еттін азық етеміз, қымызын ішеміз.Қымыз денсаулыққа пайдалы.

-дауысын естіп... Бұл Қой. Қойдын төлін қозы дейміз.

Қойдын етін азық ретінде пайдаланады, және терісі мен жүнінең киімдер тігеді.

(Суреттер бойынша төлдерін тауып қояады да қысқаша айтып өтеді)

Балалар үй жануарларының дыбыстарын салып береді.

Сиыр –мө-мө-мө деп дыбыстайды.

Жылқы –кісінейді ихохо-ихо хо

Қой –мә-мә-мә деп дыбыстайды.

Блингвалды компанент: Сиыр-корова,Жылқы –лошадь,Қой –баран.

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар!Бұл тапсырманы да жаксы орындадындар.

Олай болса аланға барып ойын ойнасақ қайтеді.

(Балалар аланға барады)

Сергіту сәтті: «Ұшты ұшты» ойыны.

Ойын басталады:

- Ұшты, ұшты – қарлығаш ұшты! (ұшады),

- Ұшты, ұшты – жылқы ұшты! (ұшпайды),

- Ұшты, ұшты – үкі ұшты! (ұшады),

- Ұшты, ұшты – сиыр ұшты! (ұшпайды),

- Ұшты, ұшты – бүркіт ұшты! (ұшады),

- Ұшты, ұшты – күлкі ұшты! (ұшпайды),

- Ұшты, ұшты – ұшақ ұшты! (ұшады),

- Ұшты, ұшты – қой ұшты! (ұшпайды),

- Ұшты, ұшты – балалар ұшты! (ұшпайды),

Осы тәртіппен ойын жүргізіле береді.


Тәрбиеші: Жаксы балалар бойымыз сергіп демалып алдық.

Сиқырлы дорбамыз бізге тағы қандай тосын сый дайындап қойды екен. Ммм менің білгім келіп турғаны. Жарайды балалар онда келесі тапсырма қандай екенін білейік.

Сиқырлы дорба:Жарайсындар балалар! Сендердін қунып ойнағандарыңды көріп , менде бір сергіп қалдым. Балалар менің тосын сйымды алғыларын келсе, менің тағы бір тапсырмамды орындаңдар. Ол тапсырма анаууу жатқан допты алып бір-бірне беру арқылы қарама қарсы сөздер айтасындар?

Тәрбиеші: Олай болса ойынның шартын түсіндірейін. Біз бір-бірімізге допты беріп қарама-қарсы антоним сөздерді айтамыз.мысалы:Ашты-тәтті,

Үлкен-кіші деп атаймыз, қане олай болса бастайық.

Балалар: Жуан-жінішке, Биік-аласа, Ашты-тәтті, Үлкен-кіші Оңай-қиын, ыстық-суық Оң жақ-сол жақ, ащы-тұщы Қараңғы-жарық, алыс-жақын,

Тәрбиеші:-жарайсындар балалар тамаша ойнадық,сендерге ұнады ма?

Балалар: Ия ұнады.

Тәрбиеші: Онда балалар барлығымыз орынымызға жайғасайық.

Балалар сендерге Дорбаның тапсырмасы ұнады ма?

-Несімен қызықты болды?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Егер сендерге тапсырмалар ұнаса күліп тұрған кулегешті аламыз, ал біраз ұмытып қалдық десендер көңілсіз күлегешті аламыз.

(балалар күлегештерді таңдап алады)

-Балалар бұл күлегештер сендердің қаншалықты көңілді екендеріңді білдіреді.

Балалар:

-маған дорбаның келіп тапсырма орындатқаны ұнады.

-Маған Елданаңын көктем туралы тақпақ айтқаны ұнады.

-Маған ойындар ұнады.

-Маған Үй жануарлармен орындаған тапсырма ұнады.

-Маған Бекжаның сабақ айтқан іс-әрекетті ұнады.

Тәрбиеші: Жақсы балалар! Мағанда сендердін барлық тапсырмаларды орындап белсенділік танытқандарын ұнады.

Ой балалар бір дыбыс шығатын сияқты.(сол кезде сиқырлы дорба сөйлейді)

Сиқырлы дорба: Жарайсыңдар балалар! Сендер барлық тапсырмамды жақсы орыңдадындар.Сендер алғыр,білімді,ақылды балалар екенсіндер.Мен сендерге арнап тосын сый дайындағам .Соны берейін.

Қаптын аузы ашылсын,

Ішінең тосын сый шашылсын,.

Ал сау болыңдар балалар.

Балалар қоштасады.









Өскемен қаласы әкімдігінің «№100 балабақша бөбекжайы» КМҚК










Сиқырлы дорба.

Жылдық қортындыға арналған ашық сабақ.



№6 «Бөбек» екінші кіші тобы.








Тәрбиеші: Тохтарова Ә Т

Тексерген әдіскер : Ауганбаева Ш. Р.








Өскемен қаласы 2018ж.




Сараптама.

Сөйлеуді дамытудан жылдық қортынды.

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметіне сараптама.

№6 «Бөбек» екінші кіші топ.

Тәрбиеші: Тохтарова Әсем Тұрсынбайқызы.

Күні: 25.04.2018 ж.

Тақырыбы: «Сиқырлы дорба»

Білімділік міндеті: Жыл бойы алған білімдерің бекіту.Жолдан кездескен Сиқырлы дорбаның тапсырмаларын орындап,сөйлеу мәдинетін, сөздік қорларын байыта отырып, ойын арқылы білімдерін бекіту.тілдің грамматикасын сақтау және дыбыстық артикулясяны толық айту дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық міндеті: Сөйлеу барысында сөздерді қолдану,сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:балаларды табиғатты аялауға.еңбекқорлыққа,ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Топтын іші безендіріледі,көктемнің суретті,дорба, ұй жануарлардың суреттері және доп.


1.Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетті балалардың жас ерекшіліктері мен бағдарлама мазмұнына сәйкес құрылды.

2.Оқу әрекеті балалардын жыл көлемінде алған білімдерін бекіту негізінде ұйымдастырылды.

3.Сөйлеу қаблеттерін,шағын тақпақтарды жатқа айту дағдыларын бекіту.

Сөйлеу және ойлау қаблеттерің дамыту. Қамқорлыққа тәрбиелеу.

4. Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің, құрлымы,мазмұны қойған мақсаттарға сай, ұзақтығы балалардын жас ерекшіліктері мен МЖМБС

Талаптарына сай, топ бөлмесінде санитарлық гигеналық талаптар және қауіпсіздік ережелері сақталған.

5. Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінде ойын, сұрақ-жауап, көрсету,көрнекілік әдіс тәсілдері қолданды.

6. Жыл сонында Тіл дамыту бойынша бағдарламалық материялдарды меңгеру нәтижесінде

-барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтады.

-септік жалғауын қолданып сөз бен сөздің арасын байланыстыра алады.

-сұрақтарға жауап береді.

-сурет бойынша 3-4 құрастырған әңгімені айта алады.

7. Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінде қойылған мақсаттарға жете білдім, берілген материалды толықтай меңгерді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сиқырлы дорба ашық сабақ

Автор: Тохтарова Асем Турсынбаевна

Дата: 21.01.2019

Номер свидетельства: 496510

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "?аза? тілі п?нінен ашы? саба? "Сан есім" "
    ["seo_title"] => string(42) "k-azak-tili-p-ninien-ashyk-sabak-san-iesim"
    ["file_id"] => string(6) "204965"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429776118"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Ашық сабақ: "Геометриялық пішіндер елінде""
    ["seo_title"] => string(47) "ashyk_sabak_gieomietriialyk_pishindier_ielindie"
    ["file_id"] => string(6) "438731"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510644552"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ашы? саба?, Т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(27) "ashyk-sabak-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "129244"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415648887"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Рахмет са?ан  ?ліппе! "
    ["seo_title"] => string(24) "rakhmiet-sag-an-lippie-2"
    ["file_id"] => string(6) "193340"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427628575"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "С?т ж?не с?т та?амдары "
    ["seo_title"] => string(25) "sut-zh-nie-sut-tag-amdary"
    ["file_id"] => string(6) "213703"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432123665"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства