kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сезім мүшелері біздің көмекшілеріміз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша балаларына  ересектер тобына арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметі,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сезім мүшелері біздің көмекшілеріміз"»

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Балалар қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң аңға да,құсқа да!

Қайырлы таң жайдарлы жанға да!

Қайырлы таң шуақ шашқан күнге де!

Қайырлы таң барша қонақтарға да!

Шеңбер жасаймыз.

Тәрбиеші:Балалар қазір қандай мезгіл?

Көктемде қандай өзгерістер болады?

Қандай құстарды білесіңдер?

Ұялы телефоннан музыка естілу.Балалар менің ұялы телефоныма хабарлама келген.Бұл хабарламада денсаулық сақтау орталығына саяхат болып жатқанын хабарлайды.

Балалар:Алақай-деп,қол шапалақтап қуанады.

Тәрбиеші:Балалар бүгін біздер денсаулық сақтау орталығына саяхатқа барайық.Онда біздер әртүрлі сезім мүшелерін зерттейтін зертханаларда боламыз.

Балалар сендер қандай сезім мүшелерін білесіңдер?

(көз,құлақ,мұрын,тіл,қолмен сипап сезу)

Дұрыс-ақ балалар!Олар біздің қоршаған ортаны танып-білудегі көмекшілеріміз.

Бірінші зертханаға кіру.

Тәрбиеші:Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер оның жауабын тапсаңдар,бұл зертханада қандай сезім мүшесі зерттелетінін білесіңдер?

Жұмбақ

Түнге қарай екі шырақ,

Өзінен өзі жабылады.

Күн нұрының шығуымен,

Өзінен-өзі ашылады.

(Көз)

Иә,балалар,бұл зертханада көз көру мүшесін зерттейді.Адамға көз не үшін керек?

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,біз көзімізбен әлемді,жан-жағымызды,қоршаған ортаны,досымызды көреміз.(тақпақ)

Көзің-екі жанарың

Көз көреді,барлайды

Оны кірпік қабағының

Шаң мен желден қорғайды.

Көзді сақта қоқыстан,

Жарыққа тік қарама.

Соғып алма оқыстан

Зақым келер жанарға.

Тәрбиеші:Балалар, көздің бізге арнайы тапсырма хаты бар екен.Қане ашып қарайық.

Математикалық есептер

1.Мақсаты:1-ден 5-ке дейін сандарды ретімен орналастыру.

2.Көршілес сандарды тап.

3.Заттардың санын анықтау.

4.Заттарды көлеміне қарай орналастыру.

Тәрбиеші:Балалар,көзіміз жақсы көру үшін көзге арнайы жаттығулар жасауымыз керек екен.

Көзге арналған жаттығу.

1.Көзімізді 3-5секунд жауып,көзімізді кеңірек ашамыз 3-4 рет қайталау.

2.10-15секунд аралығында көзімізді тез-тез жыпылықтату.Жаттығуды 3рет 7-10 секунд аралығымен қайталау.

3.Алақанымызды бір-біріне ысып алып,көзімізді жұмып,алақанымызбен көзімізді 10 секунд жауып тұрамыз.Содан соң қолымызды түсіріп,көзімізді ашамыз.

Тәрбиеші:Балалар енді келесі зертханаға кірейік.

Жұмбақ

Екі ағайынды бір баста өмір сүреді,

Бәрін де естиді,бірақ бірін-бірі көрмейді.

(Құлақ)

Иә,балалар,бұл зертханада есту мүшесі-құлақты зерттейді.

Ол дыбысты өткізер,

Ішкі,ортанғы құлаққа,

Ал ол миға жеткізер,

Ұқсап сылдыр бұлаққа.

Қолдарыңды көтеріңдер!(жаймен).Балалар қолдарын көтереді.

Тәрбиеші:Балалар қолдарыңды неге көтердіңдер?

Балалар:Өйткені,біз сіздің қолдарыңды көтер дегеніңізді естідік.

Тәрбиеші:Бұны (қалай) немен естідіңдер?

Балалар:Құлақпен.

Тәрбиеші:Балалар сіздер құлақтарың жақсы естуі мен ауырмауы үшін қандай ережелер сақтайсыңдар?

Құлақ арқылы біз адамның сөзін,малдардың дауысын,музыканы,сыбдыр мен сылдырды айыра аламыз.Құлақ- есту мүшесі.

Құлағыңды таза ұста.

Құлақ қуысын күнде жуып тұр.

Құлағыңды суықтан және қатты желден сақта.

«Дауыс арқылы тану» ойыны

Балалар шеңбер жасап тұрады,ортада ойыншы бала,балалар шеңберді айнала әндетеді

Қарақат,(Мереке,Айнат т.б.)

Сен ортада тұрсын

«Ау»-деп біз сені шақырамыз

Көзіңді жұмып,

Кім екенін тауып көр.

Ойыншы көзін жұмады.Ойынға қатысушылардың бірі оның атын айтады.Ойыншы дауыс арқылы,оны кім шақырғанын анықтауы тиіс.

«Не қалай дыбыстайды?» ойыны

Маса-ыззз

Жел-ыш ыш

Жылан-ыссс

Матор-ыррр



«Қандай музыкалық аспап екенін тап» ойыны.

Тәрбиеші:үстел үстіне барабан,сылдырмақ,металлофон, қоңырау,гормошка қойып,аспапты ұрады,балалар қандай аспап екенін табады.

Тәрбиеші:Сергіту сәті

Аппақ болып таң атып,

Түтін тіке шығады.

Қарлығаштар қанатын,

Самғап биікке ұшады.

Биші бұралып билейді,

Күйші домбыра тартады.

Спортшы жүгіріп секірсе,

Балалар далада ойнайды.

Тәрбиеші:Балалар енді келесі зертханаға өтейік.Мұнда немен айналысатынын білу үшін,жұмбақты шешейік.

Мөлдіреп екі көл жатыр,

Ортасында дөңес бел жатыр.(мұрын)

Балалар жұмбақты шешіп,мұрынның адам баласына не үшін керек екеніне жауап береді.

Танау-мұрын қуысы,

Дем алатын адамдар

Маңызды оның жұмысы,

Сүзгіше ауа жаңалар

Кең болсын деп тынысың

Шаң тозаңнан тазалар.

Адам мұрынымен иісті ажыратады және тыныс алады.Мұрын – иіс сезу мүшесі.

Ойын: «Иіс арқылы тап.»

Жуа

Апельсин

Сарымсақ

Тыныс алу жаттығуы

Балалар енді мұрынымызға арналған тыныс алу жаттығуын жасайықшы.

1.Мұрынымызбен терең дем алып,дем шығарғанда екі шетін сұқ саусақпен сипалау керек.

2.Сұқ саусақпен сол жақ мұрынымыздың тесігін басып деміміз шығарған кезде екінші тесікті ұру.

3.Мұрынды кезекпен басып 8-10 рет терең дем алу алмастыру.



Келесі зертханаға өту.

Тәрбиеші:Балалар көрмей-ақ,оны тағы қалай айыра аламыз?(Дәміне қарай)

Жұмбақ

Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат,

Байлауынан бір босамас қызық-ақ.(Тіл)

Иә,балалар бұл зертханада дәм сезу мүшесі-тілді зерттейді екен.

Тіл дәм сезу мүшесі,тілмен ащы,тәтті,қышқыл және тұзды тамақтарды ажыратамыз.

Таңдағандай киімді,

Тамақтанған тиімді

Аса суық,ыстықта

Болмасын ас абайла.

Балалар айта қойыңдаршы қандай тамақ ащы,тәтті,қышқыл,тұзды болады.(шоколад,жуа,лимон).

«Дәміне қарай ажырат» ойыны

Балалар енді көзімізді жұмып,қандай дәм екенін табайық.

Алма

Банан

Лимон

Артикуляциялық гимнастика.

Сағат

Алтыбақан

Ат

Жаңғақ

Балалар,біз сендермен соңғы зертханаға келдік.

Жұмбақ

Оң жағымда бес сарбаз,

Сол жағымда бес сарбаз.(Қол)

Бұл зертханада (теріні) қолмен сипап сезу мүшесі зерттеледі.Тері арқылы заттың денеге жанасқанын,жылы,суық екенін сеземіз.

Тері-сезім мүшесі,

Маңызды оның үлесі

Сол арқылы білесің

Сезіп затты,ыстықты

Қатты,жұмсақ,суықты.

Ойын: «Қатты-жұмсақ».

Салыстыру.Тас қатты.(қарындаш,қалам,ағаштан жасалған пішіндер.)

Мақта жұмсақ.(жүн,гупк а,синтифон)

Саусақ гимнастикасы.

Көпірден біз өтеміз,

Көлде жүзген аққуларды көреміз

Қақпамызды ашамыз,

Үйге көзді саламыз.

Үйіміз біздің қандайды!

Қарасаң көзің талмайды.

Оң жағына қарасаң ,

Әсем ағаш өсіп тұр.

Сол жағыңа қарасаң,

Жайқалып өскен гүлдер мен ағаштар.

Ағашқа қонған торғайды,

Мысық көзін қысып алдайды.

Күшік қуды мысықты,

Мысық үйге зып етті.

Күшіктен қорқып мысығым,

Үйді құлыппен кілттеді.

Жүгіріп келген мысығым,

Отырғышқа келіп жайғасты.

Балалар барлық зертханаларда болдық.Әр сезім мүшесінің қандай қызмет атқаратынын меңгердік.

Балалар біздер зертханалардан өзіміздің көрген, естіген, сезген үйренген білгендерімізді сызба арқылы сызып көрсетейік.

Сезім мүшелерін сызба арқылы сызып көрсету.(плакат)

Балалар шеңбер жасап тұрады.

«Не үшін керек?»

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін!

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін!

Құлақ деген не үшін керек?

Ақыл кеңес тыңдау үшін!

Жүрек деген не үшін керек?

Жаулардан қорықпау үшін!

Тіл мен жағың не үшін керек?

Ақиқатты айту үшін!

Ал аяғың!...

Шетте жүрсем,

Туған елге қайту үшін!

Балалар біздің денсаулық сақтау орталығына саяхатымыз аяқталды.Біз сезім мүшелерінің қаншалықты маңызды екенін және де біздің өмірімізге қаншалықты қажет екенін білдік.Сезім мүшелері-біздің көмекшіміз!

Шеңбер жасап қолымыздан ұстап тұру.

Қане,енді күлімдейік

Қолымызды ұстап біз!

Қоштасарда бәріміз де

Жылы тілек айтайық!

Балалар тілектерін айтады.

Аспанымыз ашық болсын!

Елімізде бейбітшілік болсын!

Денсаулығымыз мықты болсын!

Нанымыз көп болсын!

Көк туымыз биік болсын!

Күніміз жарық болсын!

Ата-анамыз аман болсын!

Болашағымыз жарқын болсын!

Тәрбиеші:Балалар осы тілектеріміздің қабыл болуына тілекшімін.

Қонақтармен қоштасу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Сезім мүшелері біздің көмекшілеріміз"

Автор: Балмагамбетова Эльмира Абдыгазиевна

Дата: 18.02.2017

Номер свидетельства: 393278

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Д?ниетану     Саба?ты? та?ырыбы:   Сезім м?шелері"
    ["seo_title"] => string(49) "duniietanu-sabak-tyn-tak-yryby-siezim-mushielieri"
    ["file_id"] => string(6) "306822"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458207439"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Оқудағы кедергілер"
    ["seo_title"] => string(24) "ok_udag_y_kiedierghilier"
    ["file_id"] => string(6) "391347"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486997295"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Ашы? саба? " ?ке, шешем ж?не мен" "
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk-sabak-kie-shieshiem-zh-nie-mien"
    ["file_id"] => string(6) "185338"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426171684"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Ашы? саба? "Еліктеуіш с?здер туралы т?сінік. ?айталау ""
    ["seo_title"] => string(50) "ashyksabakieliktieuishsozdierturalytusinikkaitalau"
    ["file_id"] => string(6) "287869"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454561049"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) "С?йлем со?ына ?ойылатын тыныс белгілері. (Н?кте, с?рау белгісі, леп белгісі,к?п н?кте.)"
    ["seo_title"] => string(95) "soiliem-son-yna-k-oiylatyn-tynys-bielghilieri-nuktie-su-rau-bielghisi-liep-bielghisi-kop-nuktie"
    ["file_id"] => string(6) "311911"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459264292"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства