7-күн
Сабақ жоспары:
1-2-сабақтар
Тақырыбы:
1-сабақ:Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау.
2-сабақ:Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары.
Мақсаты:
Мұғалімдер оқуда туындауы мүмкін барлық кедергілерге талдау жасайды және оларды шешу жолдарын ұсынады.
Оқунәтижесі:
Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі негізінде кедергілерді азайтудың әдістерін әзірлейді.
Түйіндіидеялар:
Сынып жағдайында оқытудағы кедергілерді білу.
Оқушыларды оқытудың тиімділігін қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.
Оқушылардың оң көзқарасы мен оң күйі оқу үдерісінің сапасына белгілі бір жағдайда әсер етеді.
Сабақбарысы:
Сабақ кезеңдері.
Уақыты
Тренердің іс-әрекеті
Тыңдаушының іс-әрекеті
Сергіту сәті. (10 минут)
Тыңдаушыларға шаттық шеңберін құруды сұрайды.Сергіту сәтінің шарты түсіндіріледі. Екі тыңдаушы сыртқа шығарылады. Басқа қатысушылар осы екі тыңдаушыға кедергілер жасауы керек. Бірақ көмекшілер сол кедергіден шығу жолдарын сілтеп тұрады.
Тыңдаушылар шаттық шеңберін құрады.
Ортаға бір тыңдаушы көзін байлап, кедергілерден басқа тыңдаушылардың көмегімен шығуға тырысады.
Топқа бөлу
(5 минут)
Топ мүшелерінен өз армандарын сұрайды. «Кедергілерді жеңіп өз армандарыңызға қол жеткізіңіздер» деген тілек білдіреді.
Армандары сәйкес келген топ мүшелері бірге топтасады
Миға шабуыл
(5 минут)
«Кедергі» сөзін естігенде сіздің ойыңызға нелер келеді.
Топ мүшелері «Кедергі» сөзін талдайды.
«Ой толғау»
(10 минут)
«Оқудағы қиындықтарды анықтау» презентациямен таныстырады.
«Оқудағы қиындықтарды анықтау» презентациямен таныса отырып, топтар өз ойларымен бөліседі.
Постер жасау
(20 минут)
1 топ. Білім сапасын арттыруда оқушылар тарапынан кездесетін кедергілер мен олардан шығу жолдарына постер жасау. Әр кедергіге екі шығу жолын жазу керек.
2 топ. Ата - аналар тарапынан қандай кедергілер бар оларды қалай жоюға болады? Постерге жасау.
3 топ. Мұғалім тарапынан кездесетін кедергілермен олардан шығу жолдарына постер жасау.
Тапсырмаға сай постер жасап, топ мүшелері қорғайды.
«Эссе жазу»
(15 минут)
«Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау» бойынша эссе жазуды сұрайды.
«Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау» тақырыбында эссе жазады.
Кері байланыс
(5 минут)
БББ стратегиясын пайдаланып кері байланыс жасауды сұрайды.
БББ стратегиясын пайдаланып кері байланыс жасайды
7-күн
3-4-сабақтар
Сергіту сәті.
Саябақтағы орындық.
(10 минут)
Сергітудің шартымен таныстырады.
Бір адам бақтағы жалғыз орындыққа отырады. Өзгелері жартылай шеңбер жасап айнала отырады. Басқалардың міндеті: орындықта отырған адамды орнын босатып беруіне көндіру. Орындықта отырған адам өзін жайлы сезінеді, оған қолайлы жағдай тумайынша орнын босатып беруге асықпайды.
«Көндірушілер» өз мақсатына жету үшін әртүрлі рөлдерді қолдана алады. Мысалы; полиция немесе мүгедек адам, т.б. сияқты рөлдер.
«Отырған» адам рас жауап беруі керек.
Тыңдаушылар сергіту шартымен танысып, орындыққа отырудың қамын жасайды. Кедергілерден шығудың тиімді жолдарын қарастырады.
Постер қорғау
(20 минут)
- Таным және оқу
Мынадай тұжырымдарды талқылаңыздар:
Мұғалімнің рөлі оқушыларға:
- Пәнді түсінуін дамытуға;
● ақпаратты сақтауға және толықтыруға (жады);
● мәтінді оқудағы, жазудағы және математикалық есептегі қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беру деген тұжырыммен келісесіз бе?
Мынадай тұжырымдарды талқылаңыздар:
Сіз оқушылардың дағдылары мен баламалы қарым-қатынас әдістерін дамыта отырып, топтық және ұжымдық тапсырмаларға қатысуға мүмкіндік беру арқылы мұғалімдер оқушылардың оқуын бақылап отыруы керек деген көзқараспен келісесіз бе?
Мынадай тұжырымдарды талқылаңыздар:
Оқушылар белгілі бір жағдайларда неліктен өздерін олай ұстайтынын түсіну үшін мұғалім олардың әлеуметтік және эмоциялық дамуы туралы мейлінше толық хабардар болуы тиіс дегенмен келісесіз бе?
Берілген тапсырмалар бойынша постер жасап, топпен талқылау, талдау.
«Сократ семинары»
(20 минут)
АҚШ-та жүргізілген профессор Двэктің зерттеуі.
АҚШ-та жүргізілген зерттеу: оқушылардың табандылығын дамыту.
Зерттеу жайлы мәтінді топқа бөліп береді.
Зерттеу жайлы мәтінді топпен талдайды және сауалнаманы толтырып талқылау жүргізеді.
«Тіл үйрену» стратегиялары
(20 минут)
Оқылымға байланысты стратегиялар:
Оқудың алдында мен.
Оқып отырғанда мен.
Оқығаннан кейін мен.
Тыңдалымға байланысты стратегиялар:
Тыңдаудың алдында мен.
Тыңдап отырғанда мен.
Тыңдағаннан кейін мен.
Жазылымға байланысты стратегиялар:
Жазудың алдында мен.
Жазып отырғанда мен.
Жазғаннан кейін мен.
Айтылымға байланысты стратегиялар:
Айтудың алдында мен.
Айтып отырғанда мен.
Айтқаннан кейін мен.
Тіл үйренуде стратегияларды қолдануға мысалдар келтіреді, топпен талдайды.
«Жалғасын тап»
(10 минут)
Жадыны дамытуға арналған тапсырмалар:
Кеспе қағаздарға тапсырмалар беріліп, шарты түсіндіріледі.
Тапсырмаларды жеке орындап, топпен талдайды.
Рефлексия
(10 минут)
«Мен үшін бүгін. құнды болды, себебі.»
«Мен үшін бүгін. ойланатын жайлар болды, себебі.»
«Мен үшін бүгін. түсініксіз жайлар болды, себебі.»