kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сенсорика оқу қызметі. Тақырыбы: "Көкөністер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бірінші кіші топ балаларына дөңгелекті сопақшадан ажырата білуге, сәйкес ойықтарға пішіндерді орналастыра алу дағдыларын дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сенсорика оқу қызметі. Тақырыбы: "Көкөністер"»

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық.

Бөлімі: Сенсорика.

Тақырыбы: Көкөністер

Мақсаты: Дөңгелекті сопақшадан ажырата білуге, сәйкес ойықтарға пішінді орналастыра отырып,дөңгелекті (қызанақ) сопақшадан (қияр) ажырата іріктеуге үйрету.

Міндеттері:

  1. Затты пішініне қарай орналастыруға жаттықтыру.

  2. Қашықтықта заттарды салыстыруды, көз мөлшерді дамыту.

  3. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал жабдықтар: Қонжық ойыншық, себет толы көкөністер, қызанақ пен қиярдың суреттелген контуры, көкөніс муляждары, картоннан жасалған күн, таратпа материалдар.

Әдісі: Қол жаттығуы, ұжымдық жұмыс,жеке жұмыс, сәйкестендіру әдісі.

Сөздік жұмыс: қызанақ, қияр, көкөністер.

Билингвальды компонент. Қызанақ-помидор, қияр-огурец, көкөніс-овощы.

Барысы:

-Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне, бір-біріңді құшақтап амандасыңдаршы.

-Кәне, көздерімізге: «Қайырлы таң, көзім!» дейік.

-Қайырлы таң, көздерім, сендер ояндыңдар ма? (қабақтарын сипалайды)

-Қайырлы таң, құлақтарым, сендер ояндыңдар ма? (құлақтарын сипалайды)

-Қайырлы таң, бетім, сендер ояндыңдар ма? (беттерін сипалайды)

-Қайырлы таң, қолдарым, сендер ояндыңдар ма? (қолдарын сипалайды)

-Қайырлы таң, аяқтарым, сендер ояндыңдар ма? (аяқтарын сипалайды)

-Қайырлы таң, алтын күн! Біз ояндық және күлімдедік!

(қолдарын жоғары созып, күлімдейді)

-Балалар, біз күнге өлең айтып беріп, амандасайықшы.

Күн терезеден қарады,

Тобымызды жылытты.

Алақанды соққылап,

Біз қуанып, шаттандық,

Күнге риза боламыз. (Балалар қолдарын шапалақтайды).

-Балалар, біреу жылап тұр ма? Жылаған дыбыс естіледі. Бұл жылап тұрған күн ғой. Күнге шапағынсыз көңілсіз екен. Күнге көмектесейікші.

(Балалар кілемге отырып, күннің шапағын қыстырғыш арқылы бекітеді)

-Жарайсыңдар! Күнге енді көңілді. Сендерге күліп қарап тұр. Біздің күніміздің түсі қандай?

-Балалар, біз күнге көмектесіп жатқанда, бізге қонаққа қонжық кеп қапты. Ол бізге бірдеме әкелген сияқты. (Қонжықтың қолындағы себетті аламын) Кәне, көрейікші, бізге қонжық не әкелген екен? –Ой, мыналар не? –Балалар, бұл не? (қызанақ) –Ал, мынау ше? (қияр). Бұларды бір сөзбен-көкөністер деп айтамыз.

Сөздік жұмыс: қызанақ, қияр, көкөністер.

Билингвальды компонент. Қызанақ-помидор, қияр-огурец, көкөніс-овощы.

(Балаларға көкөністерді таратып беремін)

-Менде де қызанақ пен қияр бар. Менде неше қызанақ бар? (Біреу)

-Ал, енді сендер көрсетіңдерші? Сендерде неше қызанақ, неше қияр бар? (Көп)

Кәне, енді қияр мен қызанақты салыстырайық. Менің қызанағым қандай? Қиярым ше? (Үлкен)

-Ал, сендердің бәрілеріңде қандай қызанақ пен қияр? (Кішкентай)

-Қызанақтың түсі қандай? (Қызыл). Пішіні қандай? (дөңгелек)

-Қиярдың түсі ше? (Жасыл) Пішіні қандай? (Сопақша)

-Балалар, сендермен «Көкөністерді жасырып қой» ойынын ойнайық.

-Бұл-қызанақтар (дөңгелектер), ал мынау-қиярлар (сопақша)

Шарты: Қияр мен қызанақты сәйкес келетін ойықтарға салуы керек.

(Балалар ойықтарға сәйкестендіріп салады)

Қиналған балалармен жеке жұмыс жасалады.

Сергіту сәті:

Бақшамызда өседі,

Керек тағам деседі.

Бар қызыл, көк, сарысы

Ащы-тұщы бәрісі.

-Балалар, біз сендермен қиярды, қызанақты айтып жатқанда біздің қонжықтың көңілі түсіп қапты. Қонжық өзіне үлкен қияр мен қызанақты сыйлыққа алғысы келеді екен. Міне, қараңдаршы, бізде мынандай үлкен киімі жоқ қызанақ пен қияр бар екен. Мен қазір, бұл суретке желім жағамын. Ал сендер мына ұсақ қағаз арқылы қияр мен қызанақты киіндіріп шығасыңдар. (тәрбиеші балалармен бірге суреттерге қағаздарды себу арқылы жапсырып шығады. Балалар бірге орындайды).

-балалар, қараңдаршы, сендер қандай әдемі үлкен қызанақ пен қиярды жапсырып шықтыңдар. Мынау- саған қонжық. Біз тырысып жасадық.

-Қонжыққа сендердің сыйлықтарың ұнады. Қонжықта өзінің дайындап әкелген сыйлығын сыйға тартпақшы. (Музыка ойналады).

-Балалар, қонжықпен қоштасайық. (Балалар қоштасады).

















«Еркетай» І кіші топ тәрбиешісі Иргизбаева Перизат Кадирбековнаның

Сенсорика оқу іс-әрекеті бойынша өткізген ашық оқу іс-әрекетіне талдауы.

Мерзімі: 15.11.2016 ж.

Уақыты: 9:00-9:10

Қатысқан бала саны: 12

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: Көкөністер

Мақсаты: Дөңгелекті сопақшадан ажырата білуге, сәйкес ойықтарға пішінді орналастыра отырып,дөңгелекті (қызанақ) сопақшадан (қияр) ажырата іріктеуге үйрету.

Міндеттері:

  1. Затты пішініне қарай орналастыруға жаттықтыру.

  2. Қашықтықта заттарды салыстыруды, көз мөлшерді дамыту.

  3. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Ашық оқу іс-әрекетін балалардың қызығушылығын ояту мақсатында «Күнге» көмектесумен бастадым.

Таратпа материалмен жұмыс кезінде уақыт көп кетіп қалды. Уақыттың тығыздығына байланысты сергіту сәті орындалмады. Балалар бір орында отырып қалмай, қозғалыста болды. Балаларға берілген тапсырмалар әртүрлі болуына байланысты, қызығушылықтары өте жақсы деп айтуға болады. Баламен жеке жұмыс, таратпа материалмен жұмыс, сөздік жұмыс, биллингвальды компоненттер өте ұтымды шықты. Оқу іс-әрекетінде жапсыру оқу іс-әрекетімен байланыс жасалып, көкөністердің схема суреттерін ұсақ қағазды үрлеу арқылы жапсыру әдісі өте ұтымды шықты.

Оқу іс-әрекеті өте қызықты өткізілді деп ойлаймын. Оқу іс-әрекетін құрған кезде балалардың жас ерекшелігін ескеріп, жастарына қарай ақпараттық технология арқылы көрнекіліктерді қолдандым. Топтағы балалардың қызығушылықтары өте жоғары. Қойылған сұрақтарға жауап береді. Көздеген мақсатыма жете алдым.



Тәрбиеші: П.К.Иргизбаева


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сенсорика оқу қызметі. Тақырыбы: "Көкөністер"

Автор: Иргизбаева Перизат Кадирбековна

Дата: 21.05.2017

Номер свидетельства: 417281

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Ұйымдастырылған оқу қызметі"
    ["seo_title"] => string(32) "u_iymdastyrylg_an_ok_u_k_yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "404330"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490721583"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(192) "Ата-аналарға арналған шеберлік сыныбы. Тақырыбы: "Үй жағдайында кіші жастағы балалардың сенсорлық дамуы""
    ["seo_title"] => string(80) "ata_analarg_a_arnalg_an_shiebierlik_synyby_tak_yryby_ui_zhag_daiynda_kishi_zhast"
    ["file_id"] => string(6) "351866"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1477326456"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) ""Қызыл - сары көбелек" ашық ұйысдастырылған оұу қызметі"
    ["seo_title"] => string(60) "k_yzyl_sary_kobieliek_ashyk_u_iysdastyrylg_an_ou_u_k_yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "463621"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1522082903"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Оқу қызметі "Кірпілер""
    ["seo_title"] => string(24) "ok_u_k_yzmieti_kirpilier"
    ["file_id"] => string(6) "419148"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1496028936"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Ұйымдастырылған оқу қызметі: таным"
    ["seo_title"] => string(33) "uiymdastyrylgan_oku_kyzmeti_tanym"
    ["file_id"] => string(6) "488262"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1543507357"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства