kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналарға арналған шеберлік сыныбы. Тақырыбы: "Үй жағдайында кіші жастағы балалардың сенсорлық дамуы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналарға арналған шеберлік сыныбы  «Үй жағдайында кіші жастағы балалардың сенсорлық дамуы».

Шеберлік сыныбының мақсаты: ата-аналардың үй жағдайында көп күш пен уақыт жұмсамай кіші жас  балаларының ұсақ қол моторикасы мен сенсорлық дамуын қалыптастыруға көмектесу.

Шеберлік сыныбының міндеттері:

  1. Ата-аналарды сенсорлық тәрбие ұғымымен таныстыру;
  2. Үй жағдайында ұйымдастыруға болатын сенсорлық қалыптасу мен ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойындар және жаттығулармен таныстыру;
  3. Отбасы мен мектепке дейінгі мекеме арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға жағдай жасау және ата-аналар мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

           Сенсорлық даму - балалардың кіші жастағы жалпы дамуының негізін құрайтын басты бөлігі болып табылады.

           Баланың  бойына ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой, еңбек мәдениетін дамыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады. Сенсорлық тәрбие арқылы бала айналадағы заттардың жеке қасиеттерін, яғни көлемі, түсі, кеңістіктегі орны, дәмі, иісі және т.с.с. таниды.

          Сенсорика баланың даму үдерісінде сыртқы ортаны қабылдап және айналадағы болып жатқан заттарды, қоршаған ортадағы өзгерістерді көз алдына елестетіп, сезінуіне бағытталған.

          Сенсорлық тәрбиенің маңыздылығы мынада:

  • Интеллектуалды дамудың негізі болып табылады;
  • Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезінде алынған түсініксіздіктерді ретке келтіру;
  • Байқағыштықтарын дамыту;
  • Шынайы өмірге дайындайды;
  • Эстетикалық сезіміне белсенді түрде әсер етеді;
  • Қиялдың дамуна негіз болып табылады;
  • Зейінін дамытады;
  • Балаға жаңа пән-танымдылық қызмет тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді;
  • Сенсорлық үлгі-өнегені игеруді қамтамасыз етеді;
  • Оқу қызметінің дағдыларын қамтамасыз етеді;
  • Баланың сөздік қорының ұлғаюына әсер етеді;
  • Көру, есту, бейнелі және т.б. есте сақтау түрлерінің дамуына әсер етеді.

Әр жастың сенсорлық тәрбие алдында өзіндік міндеттері бар.Ерте жастан-ақ түс, пішін, мөлшер туралы ой елестері көбейе түседі. Осы ой елестерінің әртүрлі болуы маңызды. Бұл баланы түрлі сапалы түс спектрларымен, геометриялық пішіндермен, шеңбер, сопақ, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, текше, кірпіштермен таныстыру керектігін түсіндірелі.Танымдық және сөздік шеберлігін дамыту, көру, сезу, қозғалу, салыстыру арқылы түсті, пішінді, өлшемді анықтау. Түсіну және де сөйлегенде көлем мен пішін атауларын қолдану.

          Баланың ең сүйікті ісі не? Әрине, ойын! Балалар үйде, аулада, балабақшада, қонақта да ойнайды. Ойын арқылы қоршаған ортаны, өзінің ішкі әлемін танып біледі.Кіші жаста ойын арқылы сәбидің сезім мүшелері дамиды. Оның есту, көру,  дәм сезу әсерлері күшее түседі. Бұл кезеңде зерттеу әрекеті мен қозғалыс белсенділігінің  негізі қаланады. Сәби заттардың қасиеттерін  бар мүмкіншілігін пайдалана отырып, аса белсенділікпен зерттейді. Затты қозғап, ұстап көреді, аузына салып, дәмін көреді.

Құрметті ата-аналар, мен бүгін сіздердің назарларыңызға өте қарапайым, сонымен қатар өте қызықты ойындар ұсынамын. Бұл ойындарды сәбилеріңізбен тура ас бөлмесінде ұйымдастыра аласыздар. Негізгісі бұл ойындар аса дайындықты талап етпейді. Ойын құралдары ретінде әр үйден табылатын заттар қолданылады.

  1.  «Жас суретші» ойыны. Әдемі ашық түстен тұратын тәйпақ тәрелке немесе поднос алыңыз. Тәрелкенің түбіне жұқалап кез-келген жарманы шашыңыз. Баланың саусағымен жармадан сызып өтіңіз. Әдемі сызықша пайда болды. Бөбегіңіздің өз бетімен сызықшалар жасауына мүмкіндік беріңіз. Кейін бірге түрлі бейнелер жасаңыздар(шарбақ,  жаңбыр тамшылары, толқындар, әріптер т.б). Бұндай жаттығулар сәбиіңіздің ұсақ қол моторикасын ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар саусақтарына массаж жасайды. Оған қоса қиялы мен шығармашылығын дамытады.
  2. «Мозайка» ойыны. Түстері әртүрлі және түрлі көлемді түймелерді таңдап алыңыз. Пластикалық бөтелкелердің тығындарын да қолдануға болады. Алдымен өзіңіз сурет құрастырып көріңіз, кейін сәбиіңізді өз бетінше дәл сондай сурет құрастыруын өтініңіз. Балаңыз сіздің көмегіңізсіз сурет салып үйренгеннен кейін одан басқа суреттер ойлап табуды өтініңіз.Түйме мозайкасынан  құламайтын қуыршақ, көбелек, аққала, доп, моншақ және т.б. құрастыруға болады.                                                                                                                                                Бұл ойын арқылы баланың түс пен пішінді қабылдауы бекітіледі.
  3. «Шаңғышылар жарысы» ойыны. Пластикалық бөтелкелердің тығындарын алысқа жинаудың қажеті жоқ. Олар ұсақ қол моторикасы мен саусақ бұлшықеттерінің дамуына көмегі тиеді. Екі тығынды бұрандасымен жоғары қойыңыз. Бұл - «шаңғылар». Сұқ және ортаңғы саусақтармен олардың ішіне аяқ сияқты тұрамыз. «Шаңғылармен» алға жылжимыз.
  4. Саусақ жаттығулары. Саусақтарымыз мұндай жүрістен шаршады ма?! Олар да дем алулары керек қой. Мен сіздерге сәбилеріңіз сүйіп орындайтын саусақ жаттығуын жасауды ұсынамын. Ол үшін бізге кәдімгі кірқыстырғыштар қажет болады. Кірқыстырғыштармен ( олар қатты болмауы тиіс, өздеріңіздің саусақтарыңызға тексеріп алыңыздар) бас бармақтан бастап шынашаққа дейін және кейін кезекпен тырнақтың үстінен «тістелейміз».

Марғау- аңқау білмейді,

Тышқан деп ойлап саусақты

Қатты келіп тістейді.

                Қолды ауыстырады. Егер картон шеңбер алып оған кірқыстырғыштарды қыстырып шықса не шығады? – Күн! Ал күн қандай? – дөңгелек! Ал түсі қандай? – сары!

               Бар қиялыңызды оятып түрлі пішіндерден кірқыстырғыштарды қыстыра отырып нелер жасауға болатынын ойлап табыңыз.

 

  1. Жармалармен ойындар. Балалар жармалармен ойнағанды жақсы көреді. Бұл әрине тек қызықты ойын және өзіндік массаж ғана емес, сонымен қатар аздап көңіл көтеру. Біз ұсақ жармалармен жұмыс істегеннен кейін техника қауіпсіздігін де ұмытпаған жөн. Ойын барысында сәбилер ештеңені ауыздарына салмауын қадағалау керек. Сондықтан мен өз жұмысымда көбіне үрмебұршағын қолдануға тырысамын.

Сонымен аздап ойнап алайық. Шұңғыл ыдысқа үрмебұршағын саламыз да нан илегендей кейіп танытамыз. Ал егер екі түсті үрмебұршағын салсақ, екеуін айырып алуды ұсынамыз. Бұл әрине тағы да- сенсорика.

Мен алдында атап өткендей сенсорлық даму мен ұсақ қол моторикасының дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Қазір бір үрмебұршағын алып алдымен бас бармақ пен сұқ саусақ, сосын бас бармақ пен ортан саусақ, сосын бас бармақ пен аты жоқ саусақпен алып көріңіз.қалай? ал балаларға оны жасау тіпті қиын. Үйде осындай жаттығулар жасасаңыздар сіздің сәбиіңіздің ұсақ қол моторикасы әлде қалай қарқынды дамитын болады. Ал егер ойын соңында балаңыз «тосын сый»(кішкентай ойыншық немесе кәмпит) тауып алса, бала қуанышында шық болмасына сенемін.

Мен бүгін сіздерді балаңыздың бос уақытын пайдалы етудің аз ғана мөлшерімен таныстырдым. Өздеріңіздің бар мүмкіншіліктеріңіз бен шығармашылығыңызды пайдаланыңыз және ең негізгісі,балаңызбен әрдайым сөйлесіп,  табиғат құбылысын, түстер мен пішіндерді, өзіңіздің бар әрекетіңізді атымен атаңыз. Бала әрдайым түрлі ақпарат алып отырсын, шаршап қалады деп қобалжымаңыз. Оқыту неғұрлым еркін болса, соғұрлым оңай, әрі жеңіл өтеді. Сәбиіңізбен дамытушы және көңілді ойындар ойнаңыз. Ойын барысына қатысып отырыңыз. Бұл балаңыз бен сіздің араңыздағы байланысты күшейте түседі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналарға арналған шеберлік сыныбы. Тақырыбы: "Үй жағдайында кіші жастағы балалардың сенсорлық дамуы"»

Басыгарина Айгүл

Нұрмағамбетқызы

«Балауса» шағын орталығының әдіскері









Ата-аналарға арналған шеберлік сыныбы «Үй жағдайында кіші жастағы балалардың сенсорлық дамуы».

Шеберлік сыныбының мақсаты: ата-аналардың үй жағдайында көп күш пен уақыт жұмсамай кіші жас балаларының ұсақ қол моторикасы мен сенсорлық дамуын қалыптастыруға көмектесу.

Шеберлік сыныбының міндеттері:

  1. Ата-аналарды сенсорлық тәрбие ұғымымен таныстыру;

  2. Үй жағдайында ұйымдастыруға болатын сенсорлық қалыптасу мен ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойындар және жаттығулармен таныстыру;

  3. Отбасы мен мектепке дейінгі мекеме арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға жағдай жасау және ата-аналар мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сенсорлық даму - балалардың кіші жастағы жалпы дамуының негізін құрайтын басты бөлігі болып табылады.

Баланың бойына ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой, еңбек мәдениетін дамыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады. Сенсорлық тәрбие арқылы бала айналадағы заттардың жеке қасиеттерін, яғни көлемі, түсі, кеңістіктегі орны, дәмі, иісі және т.с.с. таниды.

Сенсорика баланың даму үдерісінде сыртқы ортаны қабылдап және айналадағы болып жатқан заттарды, қоршаған ортадағы өзгерістерді көз алдына елестетіп, сезінуіне бағытталған.

Сенсорлық тәрбиенің маңыздылығы мынада:

  • Интеллектуалды дамудың негізі болып табылады;

  • Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезінде алынған түсініксіздіктерді ретке келтіру;

  • Байқағыштықтарын дамыту;

  • Шынайы өмірге дайындайды;

  • Эстетикалық сезіміне белсенді түрде әсер етеді;

  • Қиялдың дамуна негіз болып табылады;

  • Зейінін дамытады;

  • Балаға жаңа пән-танымдылық қызмет тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді;

  • Сенсорлық үлгі-өнегені игеруді қамтамасыз етеді;

  • Оқу қызметінің дағдыларын қамтамасыз етеді;

  • Баланың сөздік қорының ұлғаюына әсер етеді;

  • Көру, есту, бейнелі және т.б. есте сақтау түрлерінің дамуына әсер етеді.



Әр жастың сенсорлық тәрбие алдында өзіндік міндеттері бар.Ерте жастан-ақ түс, пішін, мөлшер туралы ой елестері көбейе түседі. Осы ой елестерінің әртүрлі болуы маңызды. Бұл баланы түрлі сапалы түс спектрларымен, геометриялық пішіндермен, шеңбер, сопақ, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, текше, кірпіштермен таныстыру керектігін түсіндірелі.Танымдық және сөздік шеберлігін дамыту, көру, сезу, қозғалу, салыстыру арқылы түсті, пішінді, өлшемді анықтау. Түсіну және де сөйлегенде көлем мен пішін атауларын қолдану.

Баланың ең сүйікті ісі не? Әрине, ойын! Балалар үйде, аулада, балабақшада, қонақта да ойнайды. Ойын арқылы қоршаған ортаны, өзінің ішкі әлемін танып біледі.Кіші жаста ойын арқылы сәбидің сезім мүшелері дамиды. Оның есту, көру, дәм сезу әсерлері күшее түседі. Бұл кезеңде зерттеу әрекеті мен қозғалыс белсенділігінің негізі қаланады. Сәби заттардың қасиеттерін бар мүмкіншілігін пайдалана отырып, аса белсенділікпен зерттейді. Затты қозғап, ұстап көреді, аузына салып, дәмін көреді.

Құрметті ата-аналар, мен бүгін сіздердің назарларыңызға өте қарапайым, сонымен қатар өте қызықты ойындар ұсынамын. Бұл ойындарды сәбилеріңізбен тура ас бөлмесінде ұйымдастыра аласыздар. Негізгісі бұл ойындар аса дайындықты талап етпейді. Ойын құралдары ретінде әр үйден табылатын заттар қолданылады.

  1. «Жас суретші» ойыны. Әдемі ашық түстен тұратын тәйпақ тәрелке немесе поднос алыңыз. Тәрелкенің түбіне жұқалап кез-келген жарманы шашыңыз. Баланың саусағымен жармадан сызып өтіңіз. Әдемі сызықша пайда болды. Бөбегіңіздің өз бетімен сызықшалар жасауына мүмкіндік беріңіз. Кейін бірге түрлі бейнелер жасаңыздар(шарбақ, жаңбыр тамшылары, толқындар, әріптер т.б). Бұндай жаттығулар сәбиіңіздің ұсақ қол моторикасын ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар саусақтарына массаж жасайды. Оған қоса қиялы мен шығармашылығын дамытады.

  2. «Мозайка» ойыны. Түстері әртүрлі және түрлі көлемді түймелерді таңдап алыңыз. Пластикалық бөтелкелердің тығындарын да қолдануға болады. Алдымен өзіңіз сурет құрастырып көріңіз, кейін сәбиіңізді өз бетінше дәл сондай сурет құрастыруын өтініңіз. Балаңыз сіздің көмегіңізсіз сурет салып үйренгеннен кейін одан басқа суреттер ойлап табуды өтініңіз.Түйме мозайкасынан құламайтын қуыршақ, көбелек, аққала, доп, моншақ және т.б. құрастыруға болады. Бұл ойын арқылы баланың түс пен пішінді қабылдауы бекітіледі.

  3. «Шаңғышылар жарысы» ойыны. Пластикалық бөтелкелердің тығындарын алысқа жинаудың қажеті жоқ. Олар ұсақ қол моторикасы мен саусақ бұлшықеттерінің дамуына көмегі тиеді. Екі тығынды бұрандасымен жоғары қойыңыз. Бұл - «шаңғылар». Сұқ және ортаңғы саусақтармен олардың ішіне аяқ сияқты тұрамыз. «Шаңғылармен» алға жылжимыз.

  4. Саусақ жаттығулары. Саусақтарымыз мұндай жүрістен шаршады ма?! Олар да дем алулары керек қой. Мен сіздерге сәбилеріңіз сүйіп орындайтын саусақ жаттығуын жасауды ұсынамын. Ол үшін бізге кәдімгі кірқыстырғыштар қажет болады. Кірқыстырғыштармен ( олар қатты болмауы тиіс, өздеріңіздің саусақтарыңызға тексеріп алыңыздар) бас бармақтан бастап шынашаққа дейін және кейін кезекпен тырнақтың үстінен «тістелейміз».

Марғау- аңқау білмейді,

Тышқан деп ойлап саусақты

Қатты келіп тістейді.

Қолды ауыстырады. Егер картон шеңбер алып оған кірқыстырғыштарды қыстырып шықса не шығады? – Күн! Ал күн қандай? – дөңгелек! Ал түсі қандай? – сары!

Бар қиялыңызды оятып түрлі пішіндерден кірқыстырғыштарды қыстыра отырып нелер жасауға болатынын ойлап табыңыз.



  1. Жармалармен ойындар. Балалар жармалармен ойнағанды жақсы көреді. Бұл әрине тек қызықты ойын және өзіндік массаж ғана емес, сонымен қатар аздап көңіл көтеру. Біз ұсақ жармалармен жұмыс істегеннен кейін техника қауіпсіздігін де ұмытпаған жөн. Ойын барысында сәбилер ештеңені ауыздарына салмауын қадағалау керек. Сондықтан мен өз жұмысымда көбіне үрмебұршағын қолдануға тырысамын.

Сонымен аздап ойнап алайық. Шұңғыл ыдысқа үрмебұршағын саламыз да нан илегендей кейіп танытамыз. Ал егер екі түсті үрмебұршағын салсақ, екеуін айырып алуды ұсынамыз. Бұл әрине тағы да- сенсорика.

Мен алдында атап өткендей сенсорлық даму мен ұсақ қол моторикасының дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Қазір бір үрмебұршағын алып алдымен бас бармақ пен сұқ саусақ, сосын бас бармақ пен ортан саусақ, сосын бас бармақ пен аты жоқ саусақпен алып көріңіз...қалай? ал балаларға оны жасау тіпті қиын. Үйде осындай жаттығулар жасасаңыздар сіздің сәбиіңіздің ұсақ қол моторикасы әлде қалай қарқынды дамитын болады. Ал егер ойын соңында балаңыз «тосын сый»(кішкентай ойыншық немесе кәмпит) тауып алса, бала қуанышында шық болмасына сенемін.

Мен бүгін сіздерді балаңыздың бос уақытын пайдалы етудің аз ғана мөлшерімен таныстырдым. Өздеріңіздің бар мүмкіншіліктеріңіз бен шығармашылығыңызды пайдаланыңыз және ең негізгісі,балаңызбен әрдайым сөйлесіп, табиғат құбылысын, түстер мен пішіндерді, өзіңіздің бар әрекетіңізді атымен атаңыз. Бала әрдайым түрлі ақпарат алып отырсын, шаршап қалады деп қобалжымаңыз. Оқыту неғұрлым еркін болса, соғұрлым оңай, әрі жеңіл өтеді. Сәбиіңізбен дамытушы және көңілді ойындар ойнаңыз. Ойын барысына қатысып отырыңыз. Бұл балаңыз бен сіздің араңыздағы байланысты күшейте түседі.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ветрова В. В. «3 жасқа дейін бала немен ойнау керек?». ТЦ М. 2011.

  2. Громова О.Н. Прокопенко Т.А. : «Баланың ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойындар» М. 2001.

  3. Давыдова О.И. «Балабақшада ата-аналармен жұмыс» ТЦ Сфера. 2005.

  4. Колдина Д.Н. «2-3 жастағы балаларға аналған ойын әрекеттері» ТЦ М. 2011.

  5. Пилюгина Э.Г. «Ерте жастағы балалардың заттың түсін, көлемін, қалпын қабылдауға арналған ойындар. Сәбидің сенсорлық дамуы.».    М., 1996.



































М.Ахметбеков атындағы орта мектепке қарасты

«Балауса» шағын орталығы















Ата-аналарға арналған шеберлік сыныбы

«Үй жағдайында кіші жастағы балалардың сенсорлық дамуы».













Өткізген: Басыгарина Айгүл

Нұрмағамбетқызы

«Балауса» шағын орталығының

тәрбиешісі





2016-2017 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Басыгарина Айгуль Нурмагамбетовна

Дата: 24.10.2016

Номер свидетельства: 351866


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства