Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. 15.11.2016ж.
«Ботақан» І кіші тобы.
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Сенсорика.
Тақырыбы: « Кірпілер».
Мақсаты: «көп», «аз», «біреу», ұғымдарын қалыптастыру,заттарды түстері бойынша топтастыруды,заттың көлемін ажыратуды үйрету.
Жалпы және ұсақ моториканы дамыту.
Жануарларға деген қамқорлық қатынас пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: ойыншық кірпі,ермексаздан жасалған кірпінің балалары,тақтайша,сіріңке шилері.
Сөздік жұмыс: тікенектер.
Балингвальды компонент: кірпі-ежик.
Оқу қызметінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
Шаттық шеңбер.
Біздің топтың үл-қыздары,
Тату-тәтті ойнайды.
Әлемдегі барша жанға
Тек жақсылық сыйлайды.
-Балалар, қараңдаршы, кірпі-ана бізге қонаққа келді.
-Кірпі-ежик-деп қайталайық.
Бірақ ол көңілсіз сияқты.Қалай ойлайсыңдар,неліктен?
Кірпі-ана маған кішкентай балаларының одан тығылып қалғандарын айтты.Ол балаларын табуға сендерден көмек сұрайды.
-Кірпінің балаларын табуға көмектесесіңдер ме?
-Олар қайда жасырындып қалған, бәріміз іздейік.
Балалар шеңберге тұрып,тақпақты қайталап айтады.
Кірпі анаға назарлары ауады.
Кірпі-ежик-деп қайталап айтып үйренеді.
Ия, көмектесеміз.
Ұйымдастырушылық- ізденістік.
Рефлексиялық- түзетушілік.
«Кірпінің балаларын тап» дидактикалық ойыны.
-Балалар,қорапқа жасырынған кірпінің балаларын тауып алады.
«Кірпілер қандай?»дид.ойы.
-Кірпі-ана қандай?
-Ал кірпінің балалары қандай?
-Кішкентай кірпілер қанша?
-Ал, кірпі-ана қандай?
-Кірпі-ана қанша?
-Қараңдаршы,жасыл көгалда қанша кірпі отыр?
-Кірпі-ана біреу, ол аз.
-Балалар, кірпілер қайда өмір сүреді?
Сергіту сәті:
Тікенекті кірпі келді,
Шыршаға ұқсап жайқала.
Жинап жеміс –жидекті,
Асығар үй-жайына!
Сөздік жұмыс: тікенекті.
-Балалар, кірпі-ана әлі көңілсіз,ол балаларының үстіндегі тікенектерінің жоқ екенін айтып тұр.Кішкентай кірпілерге тікенек жапсырып берейікпе?Онда шиден тікенектер
жапсырып береміз.
-Балалар кірпілерді қорапшаға орналастырайық, олар Аналарымен бірге орманда өмір сүрсін, олар жеміс-жидектерді жақсы көреді. Оларға қамқорлық жасайық.
-Кірпі-ана қандай?
-Кірпінің балалары қандай?
-үлкен кірпі нешеу?
-Кішкентай кірпілер нешеу?
-Кірпілерге не жапсырып бердік?.
-Өте жақсы балалар,сендер кірпілерге жақсы көмек көрсеттіңдер.Кірпі-ана сендерге риза болып,рахмет айытты.
Балалар кірпінің балаларын іздейді(үстелдің, орындықтардың астынан, шкафтардың ішінен)
-Үлкен.
-Кішкентай.
-Көп.
-Біреу.
Көп.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар кірпілерде тікенек жоқ екенін байқайды.
Кірпілерге дәннен тікенек жасайды.
-Үлкен.
-кішкентай.
-біреу.
-көп.
-тікенектер жапсырдық.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: кірпінің тікенектерін.
Түсінеді: кірпі тікенекті болатынын; «көп», «аз», «біреу» ұғымдарын.
Қолданады: кірпі туралы және өмір сүру ортасы туралы білімді.
Өткізген тәрбиеші: Едильбаева.М.З.
Тексерген: Әдіскер Шакенова. Г.И.