«Шырақ шамды пайдалану тәсілі»
Жұмыс істеу тәсілі: ақ қағаз бетіне шырақ шам арқылы нақты тақырыпта бейне салып, суреттің бетін акварельдің қажетті түсін қолдана отырып, қылқаламмен бояймыз.
«ТРИЗ-технология элементінің сулы тәсілін пайдалану»
Жұмыс істеу тәсілі: арнайы шыны бетіне сабын көпіршігін жағып, оның бетін әртүрлі бояу түстерімен бояп, ақ қағаз бетіне боялған шыныны бастырамыз. Шыққан суретті қылқаламмен өңдейміз.
«Жіппен сурет салу»
Жұмыс істеу тәсілі: ақ қағазды екіге бүктеп, жіпті қажетті түске бояп, қағаздың бір жақ бетіне қажеті бейнені салып, қағаздың екінші бетімен беттестіреміз.
«Түтікше және саусақ арқылы сурет салу»
Жұмыс істеу тәсілі: қылқалам арқылы қажет түсті алып қағаз бетіне бояуды тамызамыз. Тамызылған бояуды түтікшемен үрлеп, бейне шығарамыз. Саусақты бояуға батыра отырып, суретке қосымша өрнектер саламыз.
«Умаждалған қағазды қолдана отырып, сурет салу»
Жұмыс істеу тәсілі: бірінші қағазды алып, оны умаждаймыз. Содан кейін езілген қажетті бояуға батырып, ақ қағаз бетіне орналастырамыз. Шыққан бейнені қылқалам көмегімен қалыпқа келтіреміз.
Бұл ұсынылып отырған ТРИЗ технология элементерінің тағы да басқа түрлерін қолдануға болады.
Мысалы: қарындаш қалдықтарының және қолдың көмегімен сурет салу.т.б.