kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өнеге отбасынан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пән: Өзін өзі тануСынып : 7а

Сабақтың тақырыбы: Өнеге отбасынан

Мақсаты:

- отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру

- отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;

- отбасында жарамды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- өзара сыйластыққа тәрбиелеу

- халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

Көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.

Шаттық шеңбері:

Мұғалім сөзі:

Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі кездесуімізге, « Біздің үйге » қош келдіңіздер! Бүгін бізде ерекше сабақ болайын деп тұр. Бүгін біз «Өнегелі отбасы »тақырыбында әңгімелесетін боламыз.

Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.Олай болса сендер де бір сынып бір отбасы іспеттессіңдер.Осы ошақтан тараған шамшырақ әрқайсысымызға жылы тілек болып таралсын! ( деп мұғалім жағылған шырақты жанындағы балаға береді ол арман қарай жалғастырып келесі балаға өз тілегін ( шарты 3 сөзден аспауы керек) айтады)

Ендеше барлығымыз бірігіп « Қазақы дастархан » әнін орындайық.

Әңгімелесу

  • Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Ол кімдерге байланысты деп ойлайсыңдар?
  • Өз отбасың үшін алаңдайсың ба, жауапкершілік сезінесің бе?

Мұғалім оқушылардың осы сұрақтарға жауап іздестірулеріне көмектесу үшін көрнекі құралдарды пайдалануға жағдай жасайды. Оқушылар халық даналығын дәріптейтін кітаптар,альбомдар, энциклопедиялар, сөздіктер, фотосуреттерді қарап шығады. Оқушылар сұраққа жауап беріп, өз ойларын ортаға салған соң, мұғалім оқушылардың айтқандарын қорытындылайды.

Мәтінмен жұмыс Ақылды егінші

Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді.Тырбанып, еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып,онымен сөйлесуге ықыласы ауады.

Бірнеше сауалдан кейін патша егістігін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады.Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтынға шығатын еді.

Шаруа патшаның таң қалғанына қарап:

- Бұл қанағатшыл адамға тіпті көп те болады.Мен ақшамды үшке бөлемін.бір бөлігімен өмір сүремін.Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын,-дейді.

Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді.Ақкөңіл диқан күлімсіреп:

- Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенімде мынаны айтпақшы болдым. Бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін.Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда олар маған көмектеседі деп үміттенемін.Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын,-дейді.

Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін қаржыны өз мойнына алады.

Балалары да ер жеткен соң ата- анасына, халқына да қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіпті.

  • Егіншінің қанағаты мен бақытты күйінің сыры неде?
  • Сен өз ақшаңды қалай жұмсар едің?


Дәйексөз

« Үлкен алдында жас қарызы,

ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый »

Мұхтар Әуезов

Әңгімелесу

  • Халықтың өмір тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа қалайша жетіп отырған?
  • Халықтық дәстүрден қандай өнеге үлгі алуға болады?
  • Отбастарыңда қадір тұтатын қандай құндылықтар, дәстүрлер бар?

Оқу ақпараты

« Қазақ халқы – салт дәстүрге өте бай ел.Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт –дәстүрмен, өнегені әдеп-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым –тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отансүйгіштік, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы қасиеттер арқылы дарыған.

Әр халықтың өзінше дәстүрі бар.Дәстүрдің де жақсы-жаманы болады.Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады.

Қазақ дәстүрі ата-ананы,үлкенді сыйлауға баулиды.Үлкенге сәлем беру,жол беру,алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу,төрге шығару,жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас –жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді. »


Сахналау қазақтың ою өрнегін қиып көрсете отырып

Ата болып ақыл айтып көріңдер,

Әже болып ертегі айтып беріңдер.

Әке болып еркелетіп көріңдер,

Ана болып мейрімділік төгіңдер.

Аға болып үлгі көрсет кішіге,

Іні болып көмектес сен ісіне.

Әпке болып мейіріміңмен аяла,

Қарындас боп бауырыңда саяла.

Түйіндеме

Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын.

Тыныштық сәті   Мұғалімнің сөзі:

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шиаплы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
  • Оқушылар өз қалпына түскен соң, мұғалім сабақты жалғастырады

Сыңарын тап ойыны доппен  1-топқа

1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )

4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

2-топқа

1. Жығылып жатып……….(сүрінгенге күлме)

2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)

3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)

5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)

Тыйым сөздер

Әр топ 5-5 тыйым сөзден жазу

Сұрақ жауап

« Ою ойғанның ойы ұшқыр » демекші балалар сұраққа жауап бере отырып ою ою керек

  1. Жеті атаңды ата
  2. Ұлттық ойындарды атаңыз?
  3. «Елім-ай» әнінің шығу тарихын білесіз бе? (бір шумағын айтып беріңіз)

1. Төрт түліктің пірлерін ата?

2. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)

3. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев)

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Отбасы татулығы

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттықты бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады.Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.Сонда қарт үнсіз ғана жүз рет « сүйіспеншілік », жүз рет « кешірімділік », жүз рет « бірлік » деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

  • Осы –ақ па?
  • Ия, - деді ақсақал. –Бірлік жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, -деді, сәл ойланып, « және шыдамдылық » деген қосып қойды.

Сондықтан балалар, «Ұяда нені көрсең,ұшқанда соны ілерсің » дейді халқымыз. Сендер осы асыл қасиеттерді бойларыңа сіңіріп « Қара шаңыраққа » лайықты адам болуға тырысыңдар, талпыныңдар. Өйткені сендер бір-бір үйдің арқа сүйер ұлы және қызсыңдар. Нағыз «Өнегелі отбасы » осыдан басталады.

Жүректен жүрекке

Балалар шаңырыққа уықты байлап, бір-біріне 3 сөзден тқратын тілек айтады: Мысалы: инабатты қыз болайық,ибалы ұл болайық, еліміздің іргесі бүтін болсын тсс.

Сабақ соңында балалар «Ауылым » әнін орындайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өнеге отбасынан»



Пән: Өзін өзі тануСынып : 7а

Сабақтың тақырыбы: Өнеге отбасынан

Мақсаты:

- отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру

- отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;

- отбасында жарамды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- өзара сыйластыққа тәрбиелеу

- халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

Көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.

Шаттық шеңбері:

Мұғалім сөзі:

Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі кездесуімізге, « Біздің үйге » қош келдіңіздер! Бүгін бізде ерекше сабақ болайын деп тұр. Бүгін біз «Өнегелі отбасы »тақырыбында әңгімелесетін боламыз.

Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.Олай болса сендер де бір сынып бір отбасы іспеттессіңдер.Осы ошақтан тараған шамшырақ әрқайсысымызға жылы тілек болып таралсын! ( деп мұғалім жағылған шырақты жанындағы балаға береді ол арман қарай жалғастырып келесі балаға өз тілегін ( шарты 3 сөзден аспауы керек) айтады)

Ендеше барлығымыз бірігіп « Қазақы дастархан » әнін орындайық.

Әңгімелесу

  • Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ол кімдерге байланысты деп ойлайсыңдар?

  • Өз отбасың үшін алаңдайсың ба, жауапкершілік сезінесің бе?

Мұғалім оқушылардың осы сұрақтарға жауап іздестірулеріне көмектесу үшін көрнекі құралдарды пайдалануға жағдай жасайды. Оқушылар халық даналығын дәріптейтін кітаптар,альбомдар, энциклопедиялар, сөздіктер, фотосуреттерді қарап шығады. Оқушылар сұраққа жауап беріп, өз ойларын ортаға салған соң, мұғалім оқушылардың айтқандарын қорытындылайды.

Мәтінмен жұмыс Ақылды егінші

Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді.Тырбанып, еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып,онымен сөйлесуге ықыласы ауады.

Бірнеше сауалдан кейін патша егістігін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады.Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтынға шығатын еді.

Шаруа патшаның таң қалғанына қарап:

- Бұл қанағатшыл адамға тіпті көп те болады.Мен ақшамды үшке бөлемін.бір бөлігімен өмір сүремін.Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын,-дейді.

Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді.Ақкөңіл диқан күлімсіреп:

- Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенімде мынаны айтпақшы болдым. Бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін.Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда олар маған көмектеседі деп үміттенемін.Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын,-дейді.

Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін қаржыны өз мойнына алады.

Балалары да ер жеткен соң ата- анасына, халқына да қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіпті.

  • Егіншінің қанағаты мен бақытты күйінің сыры неде?

  • Сен өз ақшаңды қалай жұмсар едің?


Дәйексөз

« Үлкен алдында жас қарызы ,

ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый »

Мұхтар Әуезов

Әңгімелесу

  • Халықтың өмір тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа қалайша жетіп отырған?

  • Халықтық дәстүрден қандай өнеге үлгі алуға болады?

  • Отбастарыңда қадір тұтатын қандай құндылықтар, дәстүрлер бар?

Оқу ақпараты

« Қазақ халқы – салт дәстүрге өте бай ел.Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт –дәстүрмен, өнегені әдеп-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым –тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отансүйгіштік, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы қасиеттер арқылы дарыған.

Әр халықтың өзінше дәстүрі бар.Дәстүрдің де жақсы-жаманы болады.Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады.

Қазақ дәстүрі ата-ананы,үлкенді сыйлауға баулиды.Үлкенге сәлем беру,жол беру,алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу,төрге шығару,жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас –жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді. »


Сахналау қазақтың ою өрнегін қиып көрсете отырып

Ата болып ақыл айтып көріңдер,

Әже болып ертегі айтып беріңдер.

Әке болып еркелетіп көріңдер,

Ана болып мейрімділік төгіңдер.

Аға болып үлгі көрсет кішіге,

Іні болып көмектес сен ісіне.

Әпке болып мейіріміңмен аяла,

Қарындас боп бауырыңда саяла.

Түйіндеме

Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын.

Тыныштық сәті Мұғалімнің сөзі:

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар . Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шиаплы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

  • Оқушылар өз қалпына түскен соң, мұғалім сабақты жалғастырады

Сыңарын тап ойыны доппен 1-топқа

1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )

4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

2-топқа

1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)

2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)

3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)

5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)

Тыйым сөздер

Әр топ 5-5 тыйым сөзден жазу

Сұрақ жауап

« Ою ойғанның ойы ұшқыр » демекші балалар сұраққа жауап бере отырып ою ою керек

  1. Жеті атаңды ата

  2. Ұлттық ойындарды атаңыз?

  3. «Елім-ай» әнінің шығу тарихын білесіз бе? (бір шумағын айтып беріңіз)

1. Төрт түліктің пірлерін ата?

2. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)

3. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев)

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Отбасы татулығы

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттықты бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады.Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.Сонда қарт үнсіз ғана жүз рет « сүйіспеншілік », жүз рет « кешірімділік », жүз рет « бірлік » деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

  • Осы –ақ па?

  • Ия, - деді ақсақал. –Бірлік жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, -деді, сәл ойланып, « және шыдамдылық » деген қосып қойды.

Сондықтан балалар, «Ұяда нені көрсең ,ұшқанда соны ілерсің » дейді халқымыз. Сендер осы асыл қасиеттерді бойларыңа сіңіріп « Қара шаңыраққа » лайықты адам болуға тырысыңдар, талпыныңдар. Өйткені сендер бір-бір үйдің арқа сүйер ұлы және қызсыңдар. Нағыз «Өнегелі отбасы » осыдан басталады.

Жүректен жүрекке

Балалар шаңырыққа уықты байлап, бір-біріне 3 сөзден тқратын тілек айтады: Мысалы: инабатты қыз болайық ,ибалы ұл болайық , еліміздің іргесі бүтін болсын тсс.

Сабақ соңында балалар «Ауылым » әнін орындайды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Естествознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Өнеге отбасынан

Автор: Абишова Айгуль Турсуновна

Дата: 15.02.2018

Номер свидетельства: 457682

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "внеклассная работа на тему "?неге отбасынан""
    ["seo_title"] => string(43) "vnieklassnaiarabotanatiemuonieghieotbasynan"
    ["file_id"] => string(6) "275741"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452614524"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "«?неге отбасынан» ?зі-?зі тану ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(37) "onieghieotbasynanoziozitanuashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "292057"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455210166"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "?неге отбасынан т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(34) "onieghie-otbasynan-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "311604"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459236643"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "?неге отбасынан"
    ["seo_title"] => string(17) "onieghieotbasynan"
    ["file_id"] => string(6) "272870"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452079919"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ашы? саба?: " ?неге - отбасынан ""
    ["seo_title"] => string(30) "ashyk-sabak-onieghie-otbasynan"
    ["file_id"] => string(6) "301282"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456900438"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства