kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шұбар тауық оқиғасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұнайлы ауданы

№6 орта мектеп жанындағы шағын орталық

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

(Ашық сабақ)

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Құлыншақ» ІІ-сәбилер тобы

Өткізген тәрбиеші: Елшибекова Айгерим Джексенбаевна

 

 

 

Мақсаты: Балаларды ертегіні зейін қойып, аяғына дейін тыңдауға үйрету.     Тәрбиешінің сұрақтарына анық жауап беруге, бір-бірінің жауабын тыңдауға, өз - өздеріне сенімділікке, кейіпкерлерге деген мейірімділік, аяушылық сезімге тәрбиелеу. Белсенді сөздік қорларын, дамыту. Түстерді, геометриялық пішіндерді ажыратып, құрастыруға деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиеші: Балалар, біз бәріміз бір үйдің балаларындай татумыз, доспыз. Қане бәріміз бір болып шеңберге тұрайық, қонақтарымызбен амандасайық.

 

Шаттық шеңбері:

Жадыраған күндейміз

Жайнап өскен гүлдейміз.

Жарқырасын қаламыз

Жарқырасын даламыз.

Сәлеметсіздер ме, жарқын жүзді қонақтар!

 

Тәрбиеші: Балалар, сендер үй құстарын суреттеріне қарап, аттарын атап бересіңдер ме?

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Неге бұларды үй құстары деп атайды? Олар адамға қандай пайда әкеледі?

Балалар:  Себебі, олар адамдармен бір аулада тұрады. Адамдарға үйренген.Оларға адамдар жем, су береді, қамқорлық көрсетеді,қорада ұстайды.

Олар адамдарға жұмыртқа береді, етінен сорпа жасайды, мамығынан жастық жасайды.

Тәрбиеші: Үй құстарыда адамдар сияқты сөйлей білмесе де, өздеріне тән дыбыстар шығарады, бір-бірін түсінеді.

Дыбыстық-артикуляция жаттығуы:

-Қыт,қыт,қыт.

-Ку-ка-ре-ку.

-Га-га-га.

-Кря,кря,кря.

Естуге арналған ойын-жаттығу: «Қай құстың дауысы?»

Үй құстарының дауыстарын үнтаспа арқылы табады.

Тәрбиеші тапсырмасы: берілген суреттердің ішінен үй құсын тап.

Балалардың жауабы: тауық.

Тәрбиеші: Ендеше мен сендерге балалар, тауыққа байланысты орыс халық ертегісін айтып берейін.

«Шұбар тауық» ертегісін әңгімелеп беру.

-Балалар, ертегі не туралы?

-Алтын жұмыртқа туралы.

-Онда қандай кейіпкерлер бар?

-Ата,әже, тауық, тышқан.

-Балалар, жұмыртқаның пішіні қандай? Түсі қандай?

-Пішіні сопақ. Түсі ақ.

Осы уақытта тауықтың дауысы естіледі.

Тәрбиеші: Балалар, тыңдандаршы кімнің даусы естіледі? Тауық кіреді

Шұбар тауық: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, қыт - қыт - қыт.

Балалар: - Сәлеметсіз бе!

Шұбар тауық: - Мені таныдыңдар ма?

Балалар: - Иә, таныдық, Шұбар тауықсың.

Шұбар тауық: - Мен сендерге ойындар әкелдім. Егер ойындарды дұрыс ойнасаңдар, менің мына жұмыртқаларым ашылады.

Тәрбиеші: - Шұбар тауық, біздің балалар ойын ойнағанды ұнатады.

 Дидактикалық ойын: «Суретті ретімен қойып, әңгімеле»

(«Шұбар тауық» ертегісі бойынша бейнеленген суреттерді ретімен қойып, әңгімелеп береді.

 

Тәрбиеші: (жұмыртқаны қолына алып ) – Ой, балалар, мына жұмыртқадан бір дауыс шығады – деп қолына алады. (Ішінен шиқылдап, балапан шығады)

 

 

 

Балалар: - Балапан. (балалар таңданады)

Шұбар тауық қыт - қыттап рахмет айтады.

Дидактикалық ойын: «Геометриялық пішіндерді ата және сипатта»

2 - ші жұмыртқа ашылып, балапан шығады.

 Дидактикалық ойын: «Балапанды пішіндерден құрастыр»

3 - ші жұмыртқа ашылып, балапан шығады.

Дидактикалық ойын: «Неше балапан, неше жұмыртқа»(санау)

- Шұбар тауық: - Жарайсыңдар, балалар, жұмыртқаларымды ашуға көмектескендеріңе рахмет!

Тәрбиеші: -Балалар, шұбар тауықпен бірге, ән айтып би билейік.

Ән «Шөжелерім» (музыкамен)

Шеп-шеп, шеп-шеп шөжелерім,

Сары алтындай балапаным.

Тез жетіңдер жем беремін,

Дәнге толы алақаным.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!

Қане бәріміз шеңберге келейік:

  • Балалар бүгін біз қандай ертегімен таныстық?
  • «Шұбар тауық» орыс халық ертегісі.

Жылулық шеңбері:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шұбар тауық оқиғасы»


Балабақшадағы тіл мерекесі

Тақырыбы:

«Жаса мәңгі – ана тілім»

Мақсаты:балаларға туған тіліміз қазақ тілі, тарихымыз, кең байтақ жерімізді құрметтеуғе бағыттау және үйрету. Ана тілімізде еркін сөйлеуге және балалалдың сана -сезімін, ақыл- ойын дамыту. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілктер: безендірілген мерекелік зал, рәміздердің суреттері, плакаттар, шарлар,гүлдер т.б

I-бөлім

Жүргізуші: Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Қайырлы күн! Құрметті де қадірлі өнер сүйер қауым! №6 орта мектеп жанындағы шағын орталықта болып өтетін «Тіл мерекесіне» арналған кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалаңыздар. Балалар қолдарына жалаушаларына ұстап, залға кіреді.












Жүргізуші:

Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайың білімдердің

Кешегі анаң айтқан,бабаң айтқан

Тіліне зер салыңдар бұрынғының

Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білу заңдылық

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік

-Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп отыр.

  • Балалар біздің Республикамыз қалай аталады?

  • ҚАЗАҚСТАН

  • Біздің бас қаламызды атаңдаршы?

  • АСТАНА

  • Біздің ұлтымыз не?

  • Қазақ

  • Біз бір-бірімізбен қай тілде сөйлесеміз?

  • Қазақ тілінде сөйлесеміз

Жарайсыңдар! Өте ақылды балалар екенсіңдер. Балалар егер сендер білсеңдер, әр елдің өзінің әнұраны, ел таңбасы,туы болады. Ендіше қазір Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаймыз.

Бақыт, бірлік –күн талабы,

Тоқтамайды дүбір әні.

Мәңгі бақишырқалады.

Республика әнұраны.

Балалар ән ұранды орындайды

Жүргізуші: Құрметті қонақтар біздің балалардың өздері жаттаған тіл және Отан туралы өлең тақпақтары бар!


Мейрамбек: Ақбота

Ойланайық қазақтың баласы боп! Ана тілің біліп қой,

Ойланайық халықтың данасы боп! Еркіңдігің, теңдігін

Ана тілі, әрі ана, әрі сәби ана тілің біліп қой

Қорғайық қамқор әке панасы боп! Мақтанышы елімнің

Басқа елдің мұндай байтақ даласы жоқ.

Ешкімнің бұған сірә таласы жоқ

Қырынан қазақ тілі естілмесе

Қалар ма ол қазақтың даласы боп

Рысбек Динара

Ана тілің арың бұл Ақыл- ойын дананың

Ұятың боп тұр бетте, Ана тілден аламын

Өзге тілдің бәрін біл! Ана тілім ардақты

Өз тіліңді құрметте! Ақ сүтіндей ананың

Дәулетали Құндыз

Туған тілім - айбыным Сүйесің өз тіліңді

Жарқырайды ай-күнім, боласың білімді

Тілім жерге қараса Өз тіліңі үйретер

Керегің не байлығың! Өнерді ғылымды

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! тіл және отан туралы көп тақпақтар біледі екенсіңдер!

Бишілерге өнер көп,

Билейді биді мәнерлеп

Ұлттық биді көріңдер,

Өнерге баға беріңдер

«Саржайлау» биін орындайтын қызымыз Нарбай Іңкәрды ортаға шақырамыз!






II-бөлім





Жүргізуші: ойын- ойнап ән салмай,

Өсер бала боларма

Қазақтың ұлттық ойыны «Тақия тастамақ»

Ойыншылыр шеңберге тұрып, балалар арасынан жүргізуші таңдалады. Оның қолына тақия беріледі. Балалар шеңбер болып отырады. Жүргізуші балаларды айналып тақияны «аспаймын, саспаймын тақияны басыңа тастаймын» деп бір баланың басына тастайды.сол бала жүргізушіні шеңберді айнала қуып ұстап алуы тиіс. Жүргізуші жылдам сол баланың орнына шеңберді екі айналып отыру керек. Егер ұсталып қалса балалардың қалауын орындайды.

Жарайсыңдар балалар ойынды өте тамаша ойнадыңдар! Балалар біздің ата бабаларымыз Отан және тіл туралы көптеген мақал-мәтелдер қалдырған, ендіше мақал- мәтел айтып жарысайық.

Алтынбек: Ана тілі ойды өсіреді,

Ана сүті бойды өсіреді

Нұргүл: Өнер алды қызыл тіл!

Айшабибі: Тіл тас жарады

Тас жармаса бас жарады!

Әлихан: Т іл қылыштанда өткір

Айбек: Шебердің қолы ортақ

Шешеннің тілі ортақ






III-бөлім

«Атамекен» әнін орындайтын құлыншақ тобының бүлдіршіні Данярды ортамызға шақырымыз!


«Қарлығаш» тобының әдемі қыздары би билейді

Сахнаны жандандырған биіменен

Саусақтары майысып дөңгеленген.

Бір топ қызыңыз алдарыңда

Билейді әсем биді «Көңілді күн»деген

Жарайсыңдар балалар! Құрметті қонақтар тіл-тірегіміз,жүрегіміз ол біздің ана тіліміз. Тілімізге деген сүйіспеншілігіміз үстем болсын. Бүгінгі «Тіл мерекесіне» арналған іс-шарамыз аяқталды, назар салып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Сау сәлеметте болыңыздар!

Қорытындылау: А) Тәрбиеші

Б)балғындарға ақ тілек

1. ата-аналарға сөз беру

2. балабақша әдіскеріне сөз беру








Мұнайлы ауданы

№6орта мектеп жанындағы шағын орталық





Тіл мерекесі.








Орындаған:Рызаханова С

Тобы:Балдырған


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Шұбар тауық оқиғасы

Автор: Елшибекова Айгерим Джексенбаевна

Дата: 16.02.2018

Номер свидетельства: 457816

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Мейірімділік  -асыл ?асиет "
    ["seo_title"] => string(29) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet-4"
    ["file_id"] => string(6) "239286"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1444752176"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "?зін-?зі тану п?нінен ашы? саба?. Та?ырыбы "Адамгершілік - асыл ?асиет!""
    ["seo_title"] => string(74) "ozin-ozi-tanu-p-ninien-ashyk-sabak-tak-yryby-adamghiershilik-asyl-k-asiiet"
    ["file_id"] => string(6) "291652"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455175573"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Алғыс айту күні. Мейірімділік – асыл қасиет."
    ["seo_title"] => string(44) "alg_ys_aitu_kuni_mieiirimdilik_asyl_k_asiiet"
    ["file_id"] => string(6) "357894"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478884909"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Мейірімділік -асыл ?асиет, ?зін-?зі тану п?ні саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(51) "mieiirimdilikasylkasiietozinozitanupnisabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "282172"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453651513"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ертегі әлеміндегі ертекші әжеде қонақта"
    ["seo_title"] => string(51) "iertieghi_liemindieghi_iertiekshi_zhiedie_k_onak_ta"
    ["file_id"] => string(6) "460439"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519985649"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства