Ұйымдастыру іздену Жұмбақ шешу. Сергіту сәті. Тіл ұстарту. Дәптермен жұмыс. Дидактикалық ойын. Жұмбақ шешу. | -Дыбыс дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты дыбыстар қалай айтылады? -Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? Ш дыбысы және әрпімен таныстыру. -Балалар, кім ш дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді? Зулап түсіп төменге, Шыға алмас менсіз бөгенге. (ШАНА) Шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды. -Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? Ш дыбысының баспа түрін көрсетіп, ауада жазып көрсету. Отырып-ақ орнымда, Айдын көлді кешемін. Сен білмесең егерде, Былай ескек есейін. Шы-шы-шы Әкем менің аңшы. Ш дыбысына байланысты берілген суреттердің аттарын атап, оларға дыбыстық талдау жасайды. Қайшы, шаңырақ, ағаш сөздерінде ш дыбысы қай жерде тұрғанын талдайды. Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің баспа түрін жазады. Торкөздегі ш дыбысының орналасқан орнына қарай сөз құрастырту. Сөзжұмбақ шешкізу. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Тікен-тікен тік пісте Қысы-жазы бір түсте. | Кеспе әріптер, вагондар. Шана, шырша суреттері. Қайшы, киіз үй, әліппе дәптер. | Сұрақ тарға жауап береді. Ш дыбысымен танысады. Тақпақ, жаңылтпаш айтады. Жұмбақ шешеді. Ш дыбысы естіліп тұр. Ауада жазады. Қимылмен көрсетеді. Қайталайды. Тапсырмаларды орындайды Ойын ойнайды. Жұмбақ шешеді. (ШЫРША) |