Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. | -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс айтасыңдар, орыс тілінде весна, ағылшын тілінде spring деп атайды. - Көктем мезгілі несімен ерекше? Олай болса балалар көктем келді - деп тілімізді жаттықтырып үш тілде айтып жіберейікші. Весна пришла, Spring is come Көктем келді, Spring is come Балалар жаңа сендер гүлдер шығады деген едіңдер, енді мен сендерге гүлдер туралы түсінік беріп өтейін. Гүлдер екі топқа бөлінеді: дала гүлдері, бөлме гүлдері. Орыс тілінде гүлді цветок, ағылшын тілінде flower деп айтамыз. Дала гүлдері: бәйшешек, раушан, қызғалдақ, бақбақ.Бұл гүлдер көктемде, жазда өседі. Бөлме гүлдері: әйел бақыты, доллар гүлі, кактус, фикус, пальма. Бұл гүлдер бөлмеде өседі.біздер бүгін көктемнің алғашқы гүлдері бәшешек және қызғалдақ гүлдерімен танысатын боламыз. Мынау бәйшешек гүлі. – Ол ерте көктемде қар еріп жатқан кезде тауда гүлдейді. Түсі қандай балалар? Жапырағының түсі қандай? Мынау қызғалдақ гүлі. – Ол қырда өседі. Түсі қандай? Жапырағының түсі қандай? Қызғалдақ – тьюлпан Бәйшешек - подснежник Гүлдер адамдарға жақсы көңіл - күй сыйлайды. Интерактивті тақтадан гүл туралы видеоролик қарау. Ал енді жаңа бізден Айша көмек сұраған болатын көмектесемізбе? Ия балалар көмек сұраған адамға көмектесу адамгершіліктің,сыйластықтың белгісі болып табылады. Айша көктемнің гүлдерінің бірі қызғалдақ гүлін жақсы көреді екен. Сондықтан біз қызғалдақ гүлінің суретін Айшаға дәстүрден тыс сурет салу әдісі бойынша саламыз. Бәйшешек пен қызғалдақтың суретін әртүрлі түстерге боялған күрішті пайдаланып бейнелейтін боламыз. Сергіту сәті. Шаршағанда ырғалып, Цветок болып демалам. Жапырағымды бір қағып, Flower болып жайқалам Ойын: «Көлеңкеден тап!» Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. | Балалар жауабы: -Қазір жылдың көктем мезгілі. Балалар қайталап айтады. -Көктемде қар еріп жер жаңарады, жерге гүлдер шығып, ағаштар бүршік жарады, жануарлар індерінен шығып, құстар қайтып келеді. Балалар тәрбиешіні зейін қойып тыңдап видеороликті тамашалады. Ақ Жасыл Қызыл Жасыл Видеороликті қызығушылықпен қарады. Ия көмектесеміз Балаларға сурет салуға қажетті құралдар таратылып, тапсырмаға белсене қызығушылықпен қатысты. Сергіту сәті. Шаршағанда ырғалып, Цветок болып демалам. Жапырағымды бір қағып, Flower болып жайқалам Ойынға қызығушылықпен қатысады. |
Іс-әрекет- тің бағалау кезеңі. | - Жарайсыңдар балалар! Сендер қандай гүлдермен таныстыңдар? Жапырақтарының түсі қандай? Сендер кімге көмектестіңдер? Өте жақсы, бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметіне барлығыңыз да өте жақсы қатыстыңыздар! Гүлдердің суретінде әдемі етіп салдыңдар. Айшамен қоштасу. | Балалар жауабы: Бәйшешек, қызғалдақ. - Жасыл Айшаға. |