Себепті – қозғаушы Ұйымдастыру ізденіс | Шаттық шеңбері Жоғары қарап,күн көрдім Төмен қарап, жер көрдім Оңға,солға бұрылып, Егеменді ел көрдім Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс, неше ай бар? Атап баріңдерші? Қазір қай ай? Сәуір айында қандай мереке бар білесіңдер ме? - Ғарышкерлер мерекесі. Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз Қандай ғаламда өмір сүреміз? - Жер ғаламында өмір сүреміз. - Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер? - Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Сурет арқылы әңгімелеу. Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі. Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек. Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар. - Аспанда тағы нелер болады,балалар? Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар аспанға ұшып,аспан кеңістігін зерттейді екен.Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан. Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр киген.Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады. Жұмбақ:Ұшады қанатсыз, Зырлайды аяқсыз. -Зымыран не үшін қажет? -Ғарышқа кімдер ұшады? Ғарышкер-ғарыш кемесімен ғарышқа ұшатын ,аспан әлемін зертейтін адам. ғарышкер – косманавт – astronaut,ғарыш – космос-cosmos, ғаламшар – планета-planet Тыныштық сәт:Баяу музыка әуені ойналады.Балалар көздерін жұмып ,терең тыныстайды.Денелерін еркін ұстайды.Көз алдына аспан әлемін елестету. -Біз үшаққа отырамыз,жаймен аспанға көтерілеміз,аспанға көтерілдікү -Біз қалықтап ұшып жүрміз,ұшып жүрміз,жерге жаймен қонамыз,жерге қондық. -Көзімізді ашайық.Көңіл-күйлерін қалай болды?-Балар қалай ойлайсындар кез-келген адам ұша алады ма?Неліктен? Өз ойларында аспан әлемін қалай елестетесіндер ,қағаз бетіне сурет салу. Ұшақ ойыны:Балалар ұшаққа отырып ,ұшып көрейікші. Музыка әуені ойналады.Балалар ұшады,музыка аяқталғанда балар қонады. | Балалар өлең жолдарымен қимыл жасап бір біріне жылулық береді. -көктем Үш ай -сәуір -ғарышкерлер күні бар Балалар мәліметті мұқият тыңдайды. - Ұшақ,тікұшақ,зымыран. - - Күн,ай, бұлттар болады. -зымыран Ғарышқа ұшу үшін керек. -Ғарышкерлер ұшады. ғарышкер – косманавт – astronaut,ғарыш – космос-cosmos, ғаламшар – планета-planet Балалар өз ойларын айтады. Жоқ Ғарышқа кез-келген адам ұша бермейді,ол үшін дені сау,ақылды,арнайы білімі бар,батыр адам қажет. Өз ойларын ғарышкер туралы қағаз бетіне салады. Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. |