Сабақ бойынша мұғалім жазбалары: Ұйымдастыру кезеңі: а)Психологиялық дайындық: «Амандасу рәсімі» әр елдің амандасу салтымен амандасу Бағдаршамның көздері бойынша 3 топқа бөліну Жаңа сабақ: Балалар! Бүгінгі біздің сабағымызға мемлекеттік автоинспекция қызметінен жас автоинспектор келіпті. Біз оны ортаға шақырып, сөз кезегін берейік. (МАИ қызметкерінің формасын кигке бала ортаға шығады) -Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер алдымен менің жұмбағымды шешіп беріңдер: Сөйлеуді ол білмейді, Бірақ, тоқта, жүр дейді. -Бағдаршам! -Жарайсыңдар, балалар!Ендеше, бағдаршамға назар аударайық.Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол белгілері ортаға келейік, өздеріңді таныстырыңдар! -Мынау қандай белгі? Сақтандыру, ескерту белгісі. (Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген үшбұрыш) Тыйым салу белгісі. ( Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек Міндеттеу белгісі. (Көк түсті дөңгелек) Нұсқау (көрсеткіш) белгісі. (Көк түсті төртбұрышты) Автоинспектор: Балалар! Сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін мына тұрған балалардың есіне салып көріңдер. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. Жолды жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт. Егер жолдан өтуге үлгірмесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара. Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме. Автоинспектор: Ал, балалар, бағдаршамның көздері туралы айтып беріңдерші. 2-тапсырма: Суреттер бойынша ауылдағы және қаладағы жолда жүру ерекшеліктерін анықтау 3-« тапсырма: Автоинспектор: Ал, қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. (Балалармен бірге жолдан өтеді) -Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар! (Орнына тұрады) Мұғалім: Ал, балалар! Міне, сендер жолда жүру ережесін еске түсіріп, жолдан өту қауіпсіздігін сақтауды үйрендіңдер. Жолда, көшеде барлық ережелерді есте сақтаймыз ба? 5 -тапсырма «Ыстық орындық» бір оқушы орындыққа отырады, қалғандары тақырып бойынша сұрақтар қояды |