kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: «Туған өлке»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Туған өлке»

Сабақтың мақсаты: «Отан», «Сүйіспеншілік», «Туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Туған өлкенің табиғатын, өсімдіктері мен жануарларын білуге, қоршаған ортаны қорғай білуге баулу. Баланың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыпын құрметтеуге тәрбиелеу. Балаларды ізгілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Маңғыстау туралы бейнефильмдер көру, өлкетану мұражайына саяхатқа бару (мүмкіншілікке қарай) Маңғыстау жануарлары, өсімдіктері атты альбомдарды балалармен бірге қарау, туған жер туралы мақал-мәтелдер, тақпақтар жаттау, дидактикалық материалдар, ойындар жинақтау.

Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, дидиактикалық ойындар, интербелсенді тақта, тақпақтар, тыйым-сөздер, мақал-мәтелдер.

Көрнекі құралдар: Слайд, суреттер, үнтаспа, ақ түсті шарлар, өлкеміздің жануарлары мен өсімдіктерінің суреттері, шығармашылық жұмысқа арналған құралдар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: «Туған өлке»»

«Туған өлке»

Сабақтың мақсаты: «Отан», «Сүйіспеншілік», «Туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Туған өлкенің табиғатын, өсімдіктері мен жануарларын білуге, қоршаған ортаны қорғай білуге баулу. Баланың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыпын құрметтеуге тәрбиелеу. Балаларды ізгілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Маңғыстау туралы бейнефильмдер көру, өлкетану мұражайына саяхатқа бару (мүмкіншілікке қарай) Маңғыстау жануарлары, өсімдіктері атты альбомдарды балалармен бірге қарау, туған жер туралы мақал-мәтелдер, тақпақтар жаттау, дидактикалық материалдар, ойындар жинақтау.

Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, дидиактикалық ойындар, интербелсенді тақта, тақпақтар, тыйым-сөздер, мақал-мәтелдер.

Көрнекі құралдар: Слайд, суреттер, үнтаспа, ақ түсті шарлар, өлкеміздің жануарлары мен өсімдіктерінің суреттері, шығармашылық жұмысқа арналған құралдар.

Сабақтың барысы: Балалар залға кіріп жарты шеңбер құрайды.

Балалар: Сәләмәтсәзбе! Сәндігүл Жарылғапбергенқызы!

Тәрбиеші: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын! Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біз «Туған өлкеге» саяхатқа барамыз. Алдымен бір-бірімізбен, қонақтармен ізгі сөздер айтып сәлемдесейік.

Арайлап атты таңымыз,

Жарқырайды күніміз!

Қайырлы күн достарым,

Сәлеметсізбе қонақтар!

Тәрбиеші:Саяхатқа аттанбас бұрын, біз Туған өлке туралы әңгімелесіп алайық.

Т:Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

Б:Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Т:Ал біздің бас қаламыз қай қала?

Б:Біздің бас қаламыз, Астана қаласы.

Т:Біз қай обылыста тұрамыз?

Б:Біз Маңғыстау облысында тұрамыз.

Т:Жарайсыңдар, ал қай қалада тұрамыз?

Б: Біз Ақтау қаласында тұрамыз.

Т:Дұрыс, бәрін біледі екенсіңдер! Жарайсыңдар! Біз қандай халықпыз?

Б: Біз жомарт халықпыз, біз қазақ халқымыз.

Т:Ал қазақ екендігімізді қайдан білеміз?

Б:Біз қазақ екендігімізді тілімізден білеміз. Салт-дәстүрімізден, әдеп-ғұрыпымыздан білеміз.

Т: Жарайсыңдар балалар, ендеше біз саяхатымызды бастаймыз.

Ана жерде, ҚУАНЫШ тауы етегінде, КАСПИЙ теңізінің жағасында, КҮЛІМДЕГЕН алаңқай мен қалың ҚАМҚОРЛЫҚ бағында ТУҒАН ӨЛКЕ орналасқан.

-Балалар, бұл өлкеге біз КЕҢПЕЙІЛДІ бұлттармен ұшып барамыз. Бұлттардан мықтап ұстаңдар, көздеріңді жұмып,терең дем алыңдар. Аспанға көтеріліп ұшып бара жатқандай сезінейік, жел соғады, бұлттар аспанға көтеріліп ұшты, жел бетімізге желпіді. Күннің қасынан ұшып өттік, оның жылылығын сезіндік, бұлттар бізді жерге жақындатты................жеттік.(тақтада слайд, Маңғыстау табиғаты, гүлдер алаңы, балалар қолдарындағы бұлттарды жіберіп қалады.)

Осы кезде әуенмен ортаға Түймедақ келеді.

Түймедақ:Сәлеметсіздерме? Туған өлкеге қош келдіңдер! Мен Түймедақпын, сиқырлы гүлмін. Менің әрбір гүл күлтелерімде сендерге арналған тапсырмалар бар, сендер менің барлық тапсырмаларымды нақты, мұқият орындап шықсаңдар, сиқырлы сөзімді шешесіңдер. Дайынсыңдарма?

Б: Дайынбыз!

Түймедақ: Ендеше көздеріңді жұмыңдар.(Түймедақ экранға қолын сілтеп, шығып кетеді, экранда түймедақ суреті пайда болады.)

Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы, біздің түймедақ шынында да, сиқырлы екен. Ендеше түймедақтың бірінші күлтесіндегі тапсырманы орындайық.

1-тапсырма:

Анамызды біз неліктен құрметтейміз, қадірлейміз?

Туған жерді неліктен «Анамыздай» қастерлейміз?

Туған жер туралы мақал-мәтел білесіңдерме?

Т: Дұрыс айтасыңдар балалар, ал «Атамекен», «Туған өлке» дегенді біздің үйдегі үлкендеріміз қалай түсінеді екен. Тақтаға назар аударайық.

Т: Балалар міне Түймедақтың 1-ші тапсырмасын орындадық, тақтада алғашқы әріп пайда болды? Ол қандай әріп?

Б: О әріпі.

2-ші тапсырма:

«Маңғыстауда мекендейтін жануарларды білесің бе?»

Т: Балалар, тағы да экранға назар аударайық мұндағы жануарларды мұқият қарап, бізге таныс, Маңғыстауда мекендейтін жануарлар туралы айтып, оларды тақтадағы Маңғыстаудың картасына орналастырамыз.

Балалар тапсырманы орындайды.

Т:Бұл тапсырманы да орындадық, балалар қараңдаршы қандай әріп ашылды?

Б: Т әріпі.

Сергіту сәті: Киіз үй.

3-ші тапсырма:

«Туған өлкенің емдік өсімдіктерін білесіңдер ме?»

Т: Балалар, бұл тапсырманы «Жасыл дәріхана» атты қойылыммен сахналап айтып берейік.

Т: Жарайсыңдар балалар! Ал сендер табиғатқа қатысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

Б:

- Көкті жұлма!

-Ағашты сындырма!

-Суды орынсыз төкпе

-Аққуды атпа

-Суға түкірме

-Құстың ұясын бұзба!

Т: Жарайсыңдар, балалар! Тақтада тағы бір әріп ашылды. Қандай әріп екен?

Б: А әріпі.

4-ші тапсырма:

«Әдеппен атаға амандас»

(Ортаға ата келеді, Жанболат әдеппен сәлем береді)

Жанболат: Ассалаумағалейкум!

Ата: Уағалейкумассалам!

Ж:Аман-есенсізбе, Ата?

А:Құдайға шүкір, балам, жүріп жатырмын.

Ж: Бала-шағаңыз аман ба?

А:Дұрыс тәрбиелеп, жақсы өсірген бала адамға қартайғанда, бақыт екен. Балаларымның қызығын көріп отырмын.

Ата: Сәлем берген- саулық береді, сәлем беру- әдептілік, инабаттылық, көрегендік, мәдениеттілік белгісі. Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға, ат үстінде келе жатқан адам арқан бауы жақындағанда, аттан түсіп айырықша, құрметпен сәлем беретін болған.

Т: Балалар, ештеңе айтпай сәлемдесуге болады ма?, кәнеки бір-біріміздің қолымызды алып, құшақтасып,бетімізді тигізіп амандасайық. Осылай сәлемдесу сендерге ұнайды ма?

Б: Ия!

Т: Ата, біздің балалар өте әдепті, мәдениетті балалар, қазір сізге әдептілік туралы тақпақтарын айтып берсін.

Екі бала тақпақ оқиды.

Т:Жарайсыңдар, балалар! Тақтада қандай сөз пайда болды?

Б: «ОТАН»

Т: Балалар, біз барлық тапсырмаларды орындадық, қараңдаршы «Туған өлкемізге» келіппіз. Міне қызық, мұнда той болып жатыр екен.

Ата: Балалар, сендер қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

Т: Ата, біздің балалар салт-дәстүрлердің бәрін біледі. Қазір сізге өздері айтып береді. Балалар, тақтаға назар аударыңдар, мына суреттегі қандай салт-дәстүр екен?

(интербелсенді тақтада «Бесік той», «Тұсау кесер», «Келін түсіру», «Қыз ұзату», «Сүндет той», «Бет ашар».

Ата: Жарайсыңдар, балалар ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлерімізді жақсы біледі екенсіңдер. Бәрін дұрыс айттыңдар.

-балалар, бүгін біздің ауылда үлкен той, немерем жасқа толып, «Тұсау кесер» тойы болып жатыр, төрлетіңдер, тойымыздың қадірлі қонақтары болыңыздар.

«Тұсау кесу» дәстүрін тамашалау.

(Әжесі балалармен қонақтармен амандасып,немересін ортаға әкеліп, ақ мата жайып, тұсауын кеседі)

Жібек естім, теңге тестім,

Жүйрік бол деп тұсау кестім

Бастың қадам, бол жақсы адам.

Ел жұртыңа болсын бағаң.

Қаз, қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң қуанам,

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін.

Биссмиләхир, рахманир, рахим!

Әже : Айналайын, құлыным,

Қадамың құтты болсын!(әже қонақтарға шашу шашады.)

Ата: Ал, балаларым қолдарыңды жая қойыңдар, мен батамды берейін!

Бата:

Азамат болып ер жетсін,

Ақсақал болып төрлетсін!

Азамат болсын көрікті,

Ғұмыры ұзын берікті

Азамат болсын ардақты,

Мінезі болсын салмақты

Өнері болсын жан жақты,

Осы айтқанның бәрі келіп

Алла берсін, зор бақты!

Әумин!

Тәрбиеші: Балалар біз де қарап тұрмайық, бүгін жасқа толған сәбиге қазақ өрнектерінен әшекей жасап берейік.(шығармашылық жұмыс)

(балалар жасаған жұмыстарын балаға, қонақтарға тарту етеді)

Тәрбиеші: Балалар өте жақсы, жақсы тілектер айтып қонақтарға сыйлықтарымызды тарту етейік.

-Аспанымыз ашық болсын!

-Деніңіз сау болсын!

-Бақытты болыңыз!

-Мейірімді болыңыз!т.б.

Ата:Балалар мына Туған өлкенің махаббат шамын, сіздерге сыйлаймын. Сендердің жүректеріңде Отанға, Туған өлкеге деген махаббат, сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдері ешқашан сөнбесін! «Отанды сүю, отбасынан басталады» - Отанға деген ыстық сезім жақындарыңа, туған-туыстарыңа деген сүйіспеншіліктен басталады. Бір-біріңді сыйлап, қорғап, адал болыңдар! Отбасында бір- бірін құрметтеген адам, ол Отанды да құрметтеп сүйеді.

Тәрбиеші: Рахмет, ата! Балалар «Махаббат» шамын бір-бірімізге беріп, тілектер айтайық.

-Мейірімді бол!

-Қамқор бол!

-Сабырлы бол!

-Кішіпейіл бол!

-Отанымызды сүйіп өтейік!

-Тату болайық!

-Батыл бол!

-Еліміз тыныш болсын!

-Үлкенді сыйлап жүр!

-Бақыт тілеймін!

-Адал бол!

-Әдепті болайық!

-Тәртіпті болайық!

-Ізетті болайық!т.б.

(ата,әже балалармен қоштасып, кетіп қалады)

Тәрбиеші:-Балалар, бүгін біз қайда саяхатқа бардық?

-Туған өлкемізде мекендейтін, қандай жануарларды көрдік?

-Қандай шөптерді білдік?

-Қандай салт-дәстүрмен таныстық?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар біз Туған өлке туралы, ондағы жануарлар мен өсімдіктер жайында білдік. Салт-дәстүрімізді, тілімізді, әдеп – ғұрыпымызды құрметтеп, қастерлеу керек екендігін білдік.

Жарты шеңбер құрып, өлең жолдарын оқиды.


Ата-бабам жанын қиып қорғаған,

Ақ тілегін ұрпағына арнаған.

Қазақстан – алтын ұя Отаным,

Жайнай берші, мәңгі гүлдеп әрқашан.

Тәрбиеші: Құрметті, қонақтар,ұстаздар, осымен біздің сабағымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сабақтың тақырыбы: «Туған өлке»

Автор: Битанова Сания Исламбердыевна

Дата: 26.04.2018

Номер свидетельства: 467733

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "конспект урока "Ту?ан ?лке" ?орытынды саба? "
    ["seo_title"] => string(45) "konspiekt-uroka-tug-an-olkie-k-orytyndy-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "169610"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423425845"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "?дебиеттік о?у.Та?ырып Ту?ан жер туралы жыр "
    ["seo_title"] => string(50) "diebiiettik-ok-u-tak-yryp-tug-an-zhier-turaly-zhyr"
    ["file_id"] => string(6) "154506"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421163537"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Туған өлке табиғатын сақтауды үйренеміз"
    ["seo_title"] => string(45) "tug_an_olkie_tabig_atyn_sak_taudy_uirieniemiz"
    ["file_id"] => string(6) "466353"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1523856012"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Саба?ты? та?ырыбы: Зат есім ?аза? тілі"
    ["seo_title"] => string(41) "sabak-tyn-tak-yryby-zat-iesim-k-azak-tili"
    ["file_id"] => string(6) "297586"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456219973"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Саба?ты? та?ырыбы:  А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаев"
    ["seo_title"] => string(42) "sabaktyntakyrybyakiykakynmukagalimakataiev"
    ["file_id"] => string(6) "306429"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458128813"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства