kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: «Су – тіршілік көзі».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Денсаулық. Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология.

Сабақтың тақырыбы:  «Су – тіршілік көзі».

Сабақтың мақсаты:  1. Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. 2.Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. 3. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: «Су – тіршілік көзі».»

Білім беру саласы: Денсаулық. Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология.

Сабақтың тақырыбы: «Су – тіршілік көзі».

Сабақтың мақсаты:  1. Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. 2.Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. 3. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ – жауап,ойын, мадақтау.

Сабақтың көрнекілігі: глобус, слайд – шоу, су, қант, тұз, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер және т.б

Сөздік жұмыс: судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, қатты, сұйық, бу.

Технология: денсаулық сақтау технологиясы, зерттеушілік технологиясы.

Оқу қызмет барысы:

Балалар барлығымыз шаттық шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайықшы.

Тәрбиеші балалармен ортада жылулық шеңбер жасап тұрады.

Тәрбиеші: Бүгінгі оқу қызметінде көңіл-күйлерің жақсы болу үшін «Мен әйбат баламын» жаттығуын жасап жіберейік.

«Мен әйбат баламын» (Денсаулық технологиясы бойынша жаттығу)

Тәрбиеші балалармен бірге қайталап, белсенді нүктелерге массаж жасайды.

Міне, менің маңдайым (Маңдайын сипайды)

Жылтыраған бетімде (Бетін сипайды)

Міне, мұрным тәп-тәуір (Мұрнын сипайды)

Жарқыраған көзім де.

Алақаным жұп-жұмсақ (Алақанын кезекпен сипайды)

Міне, құлақ сақ-құлақ (Құлаққа нүкте бойымен массаж жасайды)

Әйбат болып өсемін! (Басын сипайды)

Өзімді жақсы көремін. (Өзін-өзі құшақтайды).

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Енді өзімізді жақсы көргеніміздей, бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді достарымызға алақанымызбен ауа арқылы үрлеп жіберейікші!

(Балалар шеңберде тұрып маңдайын, бетін, қолын сипау арқылы өз-өздерін жақсы көреді және бір-біріне қарап ауа арқылы сезімдерін үрлеп жібереді)

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырмақпын. Қанекей, мұқият тыңдайықшы. Жұмбағымыздың жауабы қандай болса, бүгінгі әңгімеміз де сол жайында болмақ.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

  1. Жылт-жылт етеді,

Жылғалардан өтеді.

(Су)

  1. Сылқ-сылқ күледі,

Аяғы жоқ жүреді.

(Су)

Балалар жұмбақтың жауабын шешеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Дұрыс таптыңдар! Жұмбағымыздың жауабы «су» екен. Ендеше, бүгінгі әңгімеміз де су жайында болмақ. Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Суды біз қайда кездестіреміз? Су бізге қаншалықты қажет?

Балалардың жауабы: Мұхиттарда, көлде, теңізде. Сумен кір жуамыз, шомыламыз және үй тазалауға пайдаланамыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сусыз адам да, жануар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Сондықтан «Су – тіршілік көзі» деп айтамыз.

Тәрбиеші: Балалар глобусқа назар аударыңдаршы. Бұл жер шары, назар салып қараңдаршы, жер шарында қандай түс көп екен?

Балалар: Көк түс көп екен.

Тәрбиеші: Бұл көк түстер – сулар, яғни көлдер, теңіздер, өзендер және мұхиттар.

Тәрбиеші: Балалар, суды біздің ата-бабаларымыз қадірлеп өткен. Ертеден келе жатқан су туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер бар. Оларды сендер де білесіңдер. Қазір мен сендермен «Жалғасын тап» деген ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты мынадай: мен бір мақалды немесе тыйым сөздің басын айтамын, ал сендер оны аяқтауларың қажет.

Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер су туралы мақал-мәтелдерді, тыйым сөздерді жақсы біледі екенсіңдер! Мен сендерге риза болып тұрмын.

Тәрбиеші: Ал, жақсы балалар сендер манадан көптеген сұрақтарға жауап бердіңдер. Мақал-мәтелдермен тыйым сөздерді айттыңдар. Ендеше орнымыздан тұрып бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

«Кап-кап, Тук-тук-тук».

(Әуенмен қимылдар жасайды)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп жер бетіне жаңбыр боп қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.Алдарыңыздағы шашақшаларды алып сілкілеп, үрлеп көріңдерші, жаңбырдың дауысы естіледі ме?

Тыныс алу жаттығуы (Денсаулық технологиясы бойынша)

Мұрынмен тыныс алып, шашақтарды үрлейді. 2-3 рет қайталайды. Міне, қызық. Шашақшаларды үрлегенде жаңбырдың дауысын естуге болады екен.

Үнтаспадан «Жаңбыр» әні әуені естіледі. Қонаққа Жаңбыр келеді.

Жаңбыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Тәрбиеші: Ой, балалар, бұл жаңбыр ғой. Кәне, амандасайық. Сәлеметсің бе, Жаңбыр! Біз осы жаңа ғана сіз жайында айтып жатыр едік.

Жаңбыр: Иә, сендердің су туралы әңгімелеріңді естіп келдім. Мен сендерді зертханаға шақырғым келіп тұр. Зертханаға барып зертханалық жұмыс жүргіземіз, бүгін сендер ғалым боласыңдар. Менімен зертхана баруға дайынсыңдар ма?

Тәрбиеші: Әрине, дайынбыз балалар, солай емеспе? Сендерге ғалым боп зертханада зерттеу жұмысын жасаған ұнай ма? Ендеше, ғалымдар біздер үш топқа бөлініп, суға зерттеу жұмысын жүргізейік.

Топта үш жерде бөлек зертханалар орналасып тұрады.

Дана бастаған ғалымдар тобы бірінші зертханаға барасыңдар. Ақбота бастаған ғалымдар тобы екінші зертханаға барасыңдар. Жасұлан бастаған ғалымдар тобы үшінші зертханаға барасыңдар.

Тәрбиеші: Жаңбыр, сіз үшінші топтағы ғалымдарға жетекші болыңыз. Ал, екінші топқа, ортамыздағы бізге қонаққа келіп отырған ата-ананы жетекші қылып сайлайық. Ал, бірінші топтағы ғалымдарға өзім жетекші боламын.

Бірінші зертханада ғалымдар судың қандай күйде кездесетінін зерттейтін болады. (Су, мұз, бу күйі)

Бұл топтағы ғалымдар судың мұз күйін және қайнап тұрған судан шыққан бу күйін көрсетеді. Мұз қайдан пайда болады?

Бала: Қатты суық жерде су мұз болып қатады.

Бала: Ал, мұз жылы жерде тұрса, су болып ериді.

Тәрбиеші: Су ыстық жерде тұра берсе, неге айналады?

Бала: Су қайнап буға айналып жоқ болады.

Тәрбиеші: Әрине, дұрыс айтасыңдар. Міне оған көз жеткізуге болады. (Еріп жатқан мұзды көрсетеді)

Ойын: «Мұз, бу, су»

Екінші судың дәмін бақылайтын зертханамыз.(Тәтті, ащы)

Ал, ата-ана жетекші болған ғалымдарды тыңдайық. Стакандағы таза суға бірінші қантты салып, екінші тұзды салып ішіп көреді. Судың дәмінің өзгергенін айтады.

Тәрбиеші: Судың дәмі қандай екен? Ащы ма, тәтті ме?

Бала: Жоқ, судың дәмі болмайды.

Бала: Суға қант салсақ,судың дәмі өзгеріп тәтті болады.

Бала: Тұз салсақ ащы дәмі болады.

«Су джок» терапиясы.

Ата-ана: Жаңбыр жауып орманда бір кірпі үйінен адасып қалыпты. Кірпінің үйін табуға көмектесеміз бе?

Балалар: Иә, көмектесеміз.

Ата-ана балаларға массажды доптарды үлестіреді.

«Міне, кірпі келеді, орман жолын аралап», деп бәрі бірге айтады.

Ата-ана: Алақанымыздағы допты сол қолымыздың, оң қолымыздың үстінен домалатып жүргіземіз.

«Тікені оның үп-үшкір алақанға кіреді».

Ата-ана: Допты алақан арасында домалатамыз.

«Кірпі кетті домалап, жол көрсете салайық,

Ормандағы үйіне біз кіргізіп қояйық!»

Ата-ана: Саусақтары салалы, ұл-қыздарым ақылды,- деп үстел шетіне допты қояды.

Ал, үшінші үстелдегі ғалымдарымыз судың түсін зерттейді.

Жаңбыр: Таза суы бар стаканның ішіне қасықты салып көріңдерші қасық көріне ме? Суымыздың түсі қандай екен? Таза су түссіз, мөлдір болады екен. Ал енді осы суға бояғыш араластырып көреміз. Алдарыңдағы бояғышты қылқаламмен суға араластырайық жаңағы салған касыққа қарайық көрінеді ме? Олай болса қалай айтамыз судың өзінің түсі болмайды, таза суға бояғыш қосқанда ғана түсі өзгереді.

Жаңбыр: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Қолшатырмен ойын ойнайсыңдар ма?

Қимылды-қозғалыс ойыны: «Қолшатыр» ойыны.

Шарты: Балаларға қолшатыр үлестіріледі. Әуенмен билеп, қолшатырды жерге қояды. Балалар қолшатырды айналып жүргенде, әуен тоқтайды,балалар қолшатырды тездетіп алуы керек. Кімге қолшатыр жетпесе, ол ойыннан шығады. Ойын 2-3рет қайталанады. Соңында бір қолшатырға ие болған бала жеңімпаз атанады.

Жаңбыр балалармен қоштасып, балаларға арналған сыйлықтарын тәрбиешіге тапсырады.

Ата-ананыда өз орнына шығарып саламыз.

Тәрбиеші: Ал, енді мына суреттерге қарап суға байланысты алған өз пікірлерімізді жеткізейік.(слайд көрсету)

(Тақтаға қарап балалар өз пікірлерін айтады).

Тәрбиеші: Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнадыма? Біз бүгін не туралы әңгімелестік? Қонаққа кім келді? Жаңбырмен қайда бардық? Зерханада қандай зертханалық тәжірибе жасадық?

Балалардың жауабы: Зертханада жұмыс жасадық. Судың түсін білдік. Дәмін татып көрдік.

Балалардың жауабын толықтырып, мақтап, мадақтайды. Оқу қызметін аяқтайды. Тосын сыйларын таратады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Су туралы. Судың қасиеті туралы.

Нені игереді: Суға тәжірибе жасау арқылы судың қасиетімен танысады.

Нені біледі: қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамай таза ұстауға.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сабақтың тақырыбы: «Су – тіршілік көзі».

Автор: Битанова Сания Исламбердыевна

Дата: 26.04.2018

Номер свидетельства: 467732

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Саба?ты? та?ырыбы:« ?зен» (Ыбырай Алтынсарин) "
    ["seo_title"] => string(43) "sabak-tyn-tak-yryby-ozien-ybyrai-altynsarin"
    ["file_id"] => string(6) "211034"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431532699"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(254) "Саба?ты? та?ырыбы:                   ?ліп біткен ?осмекенділер,?осмекенділерді? шы?у      тегі,?осмекенділерді? таби?атта?ы ж?не адам ?міріндегі    ма?ызы."
    ["seo_title"] => string(153) "sabak-tyn-tak-yryby-olip-bitkien-k-osmiekiendilier-k-osmiekiendilierdin-shyg-u-tieghi-k-osmiekiendilierdin-tabig-attag-y-zh-nie-adam-omirindieghi-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "297435"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456201072"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Саба?ты? та?ырыбы:  Ауа – Жерді? ?ор?аны. Ауаны ?ор?ау. "
    ["seo_title"] => string(57) "sabak-tyn-tak-yryby-aua-zhierdin-k-org-any-auany-k-org-au"
    ["file_id"] => string(6) "171416"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423670549"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Саба?ты? та?ырыбы: "Мас??т" поэмасы "
    ["seo_title"] => string(36) "sabak-tyn-tak-yryby-masg-u-t-poemasy"
    ["file_id"] => string(6) "211510"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431625784"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Саба?ты? та?ырыбы: ??стар.Балы?тар. ?осмекенділер.Жор?алаушылар "
    ["seo_title"] => string(73) "sabak-tyn-tak-yryby-k-u-star-balyk-tar-k-osmiekiendilier-zhorg-alaushylar"
    ["file_id"] => string(6) "182163"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425473563"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства