Я,Ахметова Асия Кунафияновна воспитатель.Образование высшее.по профессии,я учитель казахского языка и литературы.Но работаю данное время в детском саду "Балапан" воспитателем в младшей подгруппе. Хочу опубликовать свою разработку урока игра "Пальчики". Стаж работы 4 года. Люблю свою работу,и детей.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Разработка урока игра "Пальчики" »
Саусақ ойындары
Мақсаты: Саусақтар мен қолдың қимылына арналған жаттығулар баланың тілін дамытады.Балалардың ми қозғалысына әрекет етіп, ойлау қабілетін арттырады.
Міндеттері:Балалардың психикалық процестерін зейінін, есте сақтау, қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту.
-қолдың ұсақ моторикасын дамыту
-балалардың үрейленуін төмендетеді.
Керекті-құралдар: доп, қысқыш
Жылулық шеңбер: Балалардың амандасуы.Алақан арқылы өзерінің жылы лебіздерін білгізу.
Шаттық шеңберде өлең айту балалардың қайталауы.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едік екеуін
Болып шықты он саусақ
Ал қанеки оны санайық 1,2,3,4,5
Саусақты жаттығулары
Ал балалар біздің саусақтарымыздың атауын білейік.
Мынау кіші
Мынау нәзік
Мынау ұзын
Мынау күшті
Мынау жуан
Біріксек біз күш!
Балалар бәрекелді тамаша!
Саусақтар амандасады:
Ал балалар канеки енді саусақтарымыз бір-бірімен амандасады.Бас саусақ-бас саусақпен содан кейін балан үйрек-балан үйрекпен... мұқият болып дұрыс істейміз.
Бас бармақ
Балан үйрек
Ортан терек
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек
Ал қазір біз саусақтарымыз арқылы үйде нешеу екенбіз және әр саусақтың кім екенін білеміз.Ол үшін қазір тақпақ қайталаймыз.
Үйде нешеу екенбіз
Кел санайық екеуміз
Бас бармағым-әкем
Балаң үйрек-шешем
Ортан терек-ағам
Шылдыр шүмек-мен
Кішкене бөбек-сен
Бір үйде біз нешеуміз
Бір үйде біз бесеуміз
Жарайсыңдар балалар!
Ал енді ойын ойнайық.Ол үшін мен сендерге доп беремін.Қазір доп арқылы өзімізге алақан ортасына қойып массаж жасаймыз.
Ойын: доп арқылы алақанға массаж.
Ал балалар айтындаршы біз бес саусақ арқылы не жасаймыз?