Іздену ұйымдастырушылық | II. Шығармашылық жұмыс. Әңгімелесу. Балалар, қазір орындалған «Не деу керек?» өлеңінен не түсіндіңдер? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл өлеңнен Сыпайылық және әдептілікті білдіретін сөздерді есімізге түсірдік. Сендердің өлеңдегі бала сияқты жолдастарың бар ма? Болса оларға қандай ақыл айтасыңдар? Отбастарында ата- аналарың немесе туысқандарың сендерге қандай жақсы, ылы сөздер айтады.? Біз бүгінгі сабағымызда біздің әрбір сөзіміз айналамызға қалай әсер ететіндігі туралы адамдармен қалай сөйлесу керектігі жөнінде әңгімелесеміз. III. Әңгімелеу. Тәрбиеші балаларға сөздің күшін ұғындыру мақсатында «Сыпайылық қоян» ертегісін оқып береді. Ертегі желісі бойынша сұрақтар қойылады. Тәрбиеші балаларға қосымша Б. Әбіловтің «Жақсы мен жаман» әңгімесін әңгімелеп беруіне болады. Тәрбиеші қорытындылайды. IV. Дәйексөз. «Жақсы сөз- жанға қуат» деген нақыл сөзді тәрбиеші бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Айналамыздағы туған- туыстарымызды, отбасымызды, достарымызды, туған- жерімізді жақсы көру сүйіспеншілік деп аталады. Ал, сүйіспеншілік жүрегімізде туындайды. . V. Тыныштық сәті Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді, көздеріңді ашсаңдар да болады. Ойын: «Не деу керек?». Мақсаты: Тәрбиеші сабақта үйренгендерін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтыру мақсатында «Не деу керек?» ойынын ұйымдастыруына болады. VI. Дәптермен жұмыс. Балалар сурет бойынша әңгімелеп, дәптермен жұмыс жасайды. Сергіту сәті. «Сұр қоян» VII. Ғажайып сөздер. Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. . | Балалар жауаптары тыңдалады. Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытынды жасайды. Балалардың жауаптары тыңдалады. Сұрақтар бойынша балалардың жауаптары тыңдалады. Балалардың жауаптары тыңдалады. Балалар ойын ойнайды. Балалар өзсезімдерімен, ойларымен бөліседі. Тәрбиеші балалардың ойларын түйіндейді. Дәптермен жұмыс жасайды. Жолың болсын! Құтты болсын! Аман бол! Қайырлы күн! Күнің сәтті болсын! |
Рефлексифті түзетуші | Қорытындылау. Біз бүгінгі сабақта бір- бірімізге жақсы сөз айтудың қажеттігін ұғынып, жақсы сөздің адамға қуаныш, шаттық әкеліп, көңілін көтеретінін білдік. Сондықтан ылғи да әдепті сөйлеп, бір- бірімізге жақсы сөздер айтып жүрейік. VIII. Жүректен жүрекке. | Балалар бір- біріне жақсы тілектер айтады. |