Мотивация-лық кезең Ізденіс ұйымдас- тыру кезеңі Рефлексия | 1.Шаттық шеңбері: Кіп-кішкентай болсам да, Мен тәртіпті баламын. Үлкендерді мен сыйлаймын, Бәрін де жақсы көремін! 2.Әңгімелесу: А.Меңжанова «Болайықшы осындай» Жақсы бала еңбекшіл, Ер азамат болады. Қиындықты жеңіп кіл, Құшағы гүлге толады. Еңбекшіл осындай Болайықшы,досым-ай. -Өлеңдегі бала қандай бала екен? -Сендер өздеріңді қандай баламын деп ойлайсыңдар? -Адамның қандай істері оның жақсы екенін көрсетеді? -Айналасындағыларға көмектесетін адамды қайырымды деп айта аламыз ба? 3.Жағдаяттарды талдау: а)Самат ертеңгісін топқа келгенде тәрбиешіге,достарына бір сөзді айтуды ұмытып кетті.Ол қандай сөз? Б)Топтағы бөлме гүлдерін сұғарамыз деп Айгүл мен Айжан байқаусызда гүлдің бір бұтасын сындырып ал-ды.Ертеңінде оны байқаған апай: «Балалар,мына гүлді кім сындырды?»-деп сұрады... -Сендер Айгүл мен Айжанның орнында болсаңдар,осы сұраққа қалай жауап берер едіңдер? В)Сәуле ойыншықтарын жинап қойып еді,Аслан оны қай-тадан шашып тастады. Сәуле мен Асланды қандай балалар деп айтуға болады? 4.Сергіту сәті: Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз,күлеміз. Бірге балық аулаймыз, Міне,біздер қандаймыз! 5.Дәйексөз: «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен». 6.Шығармашылық жұмыс. Жоба-коллаж. 7.Ғажайып сөздер: -Мен жақсы баламын. - Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен. 8.Қортындылау -Балалар,бүгін нені үйрендік? -Жақсы,еңбекқор бала қандай болады? -Бүгінгі істі ертеңге қалдыруға бола ма? -Қамқор бала қандай бала? 9.Жүректен жүрекке: балалар шеңберге тұрып құшақ-тасып, бір-біріне жасаған қамқорлығы,сыйлаған қуанышы үшін алғыстарын білдіреді. Мысалы: Ойыншықтарды бө-ліскенің үшін рахмет! Көмектескенің үшін рахмет! | -бірге қайталайды. -өлең жолдарын тыңдап, сұрақтарға жауап береді. -жағдаяттарды шешеді. -өлең жолдарын қимылмен көрсетіп отырады. -газет шығарады. -сөздерді естеріне түсіріп қайталап айтады. -сұрақтарға жауап береді. -сыйқырлы сөздер айтады. | | |