kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отан - мен сені? бота?

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                             Т?рбие   са?атыТа?ырыбы: Отан– мен сені? бота?!Саба?ты? ма?саты: Балаларды отанды с?юге, ?аза?стан Республикасыны? р?міздерін ?астерлеуге, еліне, ту?ан жеріне деген с?йіспеншіліктерін арттыру ма?сатында оларды? с?здік ?орларын к?бейтіп, танымды? ?ызы?ушылы?тарын арттыру.Керекті ??ралдар: ?аза?станны? картасы, елбасыны? суреті, ?аза?стан Республикасыны? р?міздері, «Мені? Отаным - ?аза?стан» презентация.Шатты? ше?бер: Армысы? шапа?атты к?німіз,Армысы? мейірімді жеріміз,Армысы? таби?ат анамыз,?деппен бас иер анамыз.Т?рбиеші: Бейбіт та?дар арайланып атады,                  Ту?ан жерді аймалады шапа?ы,                  Байта? елім, ?аза?стан!                  Е? ба?ытты балаларды? Отаны.Балалар, ал біз т?ратын мемлекет ?алай аталады?Балалар: ?аза?стан

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отан - мен сені? бота?»

Тәрбие сағаты


Тақырыбы: Отан– мен сенің ботаң!

Сабақтың мақсаты: Балаларды отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қазақстан Республикасының рәміздері, «Менің Отаным - Қазақстан» презентация.


Шаттық шеңбер:

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз,

Армысың табиғат анамыз,

Әдеппен бас иер анамыз.


Тәрбиеші: Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалады шапағы,

Байтақ елім, Қазақстан!

Ең бақытты балалардың Отаны.

Балалар, ал біз тұратын мемлекет қалай аталады?

Балалар: Қазақстан

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан елінде тұрамыз! Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз. Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз. Осы картадан басты еліміздің қалаларын кім көрсетеді? (балалар еліміздің басты қалаларын айтады.)


Тәрбиеші: Біз картаға қарап байтақ жерімізбен таныстық. Ендеше осы Отанымыз Қазақстан картасын құрастырайық. (балалар картаны құрастырады.)

Тәрбиеші: Қазақстан туралы тақпақтарды айтып еске түсірейік.

  1. Менің елім Қазақстан

Бар ғой онда бәрі де:

Өзен де бар, көл де бар,

Орман да бар, тау да бар,

Жайнаған сансыз қаласы бар,

Жайқалған жомарт даласы бар.

  1. Байтақ дала – туған жердің,

Қымбат маған әр тасы.

Өзен, көлі, самал желі

Асқар тауы, баршасы.

  1. Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлы, неткен көркем

Осы менің туған өлкем.

  1. Ен даласын егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан,

Менің елім, туған жерім.

Күн сәулелі, Қазақстан.

  1. Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте досым, Қазақстан жерін.

Қамбаға жылда мол астық құйған

Қазақстан – Республикам менің.

Тәрбиеші: Қазақтардың өз елі, өз жері бар. Қазақтардың елтаңбасы жарқырайды, туы желбірейді. Кенет есікті біреудің соғып тұрғаны естіледі.

Тілші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерден сұхбат алуға Қазақстанның бас қаласынан келдім.

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Тілші: Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана жайында қысқаша слайд)

Астана – арман қала

Астана –сұлу қала

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында.

Тілші: Балалар, әр мемлекеттің өз президенті және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің елбасымыз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (Елбасы жайында қысқаша слайд)

Елбасы жайында тақпақ айту.

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасы,

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

Ән: «Мәңгі жаса отаным»

Тілші: Ал еліміздің мемлекеттік рәміздерін кім атайды?

Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Тілші: Еліміздің туында қандай элементтер бар? (Ту жайында слайд)

Әсем. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы бар, астында қыран құс ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қырандай самғай берсін дегені, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.

Тілші: Ал қазір демалатын уақыт келді. Үзіліс «қазақ биі»

(Шар ұшып келеді. Конверті бар)

Тәрбиеші: Көрейік! Не бар екен?! Мынау суретті құрастырсақ, кім қонаққа келеді екенін білеміз.

Жиренше шешен: Сәлеметсіңдер ме, балалар! мен жер аралап жүріп көптеген қызықты нәрселер көрдім. Ұзынкөл туралы естідім. Сондықтан сендерге қонаққа келдім. Мен сендердің ауылдарыңды аралап жүріп, маған ұнаған жерлердің барлығын суретке түсірдім, бірақ не екенін білмеймін. Сендер өз ауылдарыңды жақсы білесіңдер, сондықтан сендер керемет экскурсия жетекшісі болып, келген қонақтарға өте қызықты көптеген жерлерді жерлерді айтып бере алады деп ойлаймын. (Ұзынкөл ауылының суреттерін көрсетеді, балалар атымен атайды)

Тәрбиеші: Жиренше шешен сіз көп ел аралайсыз, көптеген аңыздарды білесіз, біреуін айтып беріңізші.

Жиренше: Мен көптеген аңыздарды білемін, қазақта «Көп білген емес, көп көрген біледі» деп бекер айтпайды. Онда тыңдар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы.

Елтаңбаның ортақ элементі шаңырақ. Шаңырақ басталуы – отбасы ошағын бейнелейді.

Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдыз болуы керек.

Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.


Тәрбиеші: Рәміздер жайында толықтырып тақпақтар айтайық.

  1. Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Дидактикалық ойын «Туды жинау»

  1. Елтаңба

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Ортада аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

  1. Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Дидактикалық ойын «Басқа әндердің ішінен өз әнұраныңды тап»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!Ал енді біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл болады? (Балалар жауабы: мемлекеттік тіл – қазақ тілі).

Тақпақтар

  1. Жарық біздің күніміз,

Біз өмірдің гүліміз.

Қазақстан – жан Отан.

Қазақ тілі – тіліміз.

  1. Бақыт құсы қонды ғой,

Менің туған еліме.

Тіліміз бен дініміз.

Қайта келді еліме.

Сергіту сәті:

Жоғары қарап күн көрдім.

Төмен қарап жер көрдім

Оңға, солға бұрылдым.

Егеменді ел көрдім.


Тәрбиеші: Біздің Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Олар қалай тұрады екен?


Балалар: Олар бір – бірімен дос, тату тұрады.

Ортақ бізге бір Отан,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы.

Достығымыз жарасқан.


Тәрбиеші: Балалар естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілін құрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқыңа адал еңбек ету керек. Сонда ғана адал азамат азаматша болып ер жетесіңдер.

М. Әлімбаев «Не үшін?»

Ән: «Атамекен»

Тәрбиеші: Қазақстан әрі қарай бұдан да жақсы көркейуі үшін сендермен мына «Әулие ағашына» өз тілектеріңді тілеп, мата қиындысын алып байлайық.

Бабамның да арманы

Осы еді ғой аңсаған

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік берік ұстадым.

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным.

Би : «Қара жорға»

Ән: «Балғын бақ»


Тәрбиеші: «Менің – Отаным Қазақстан» арналған сабағымызды, баяғы ата – бабаларымыздан қалған мемлекеттік тілімізге негіз болған ұлы мұра сөздермен аяқтағым келеді. «Шаңырағың биік болсын, керегең кең болсын» Туған жерім, Қазақстан!


Балалар: Мемлекетіміз – Қазақстан

Тәуелсіз – Қазақстан

Еркіндік – Қазақстан

Күн нұры – Қазақстан

Жеңіс қанаты - Қазақстан




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Отан - мен сені? бота?

Автор: Аллаярова Калима Ахметкалиевна

Дата: 19.01.2016

Номер свидетельства: 279386

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Т?рбие са?ат. " Мені?   Отаным - ?аза?стан"""
    ["seo_title"] => string(32) "trbiiesagatmieninotanymkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "321609"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1461333657"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Мені? Отаным -?аза?стан""
    ["seo_title"] => string(28) "mienin-otanym-k-azak-stan-19"
    ["file_id"] => string(6) "254616"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447780396"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Мені? елім - ?аза?стан ""
    ["seo_title"] => string(26) "mienin-ielim-k-azak-stan-8"
    ["file_id"] => string(6) "307098"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458243824"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "МЕН ТА?ДА?АН ?МІР  ТРЕНИНГ САБА?  8-9 СЫНЫПТАР "
    ["seo_title"] => string(48) "mien-tan-dag-an-omir-triening-sabak-8-9-synyptar"
    ["file_id"] => string(6) "178323"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424801777"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Мені? -Отаным ?аза?станым"
    ["seo_title"] => string(23) "mieninotanymkazakstanym"
    ["file_id"] => string(6) "262462"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449333639"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства