Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі Кулсумакова Ханипа Жолдасбаевна мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі |
Сабақтың атауы | Өсімдік-тірі ағза |
Мақсаты | Сабақтың міндеттері: Оқушыларға өсімдіктердің топтарымен, түрлерімен және оның ерекшеліктерімен танысып, білімдерін кеңейтуге қолайлы орта туғызу; Балаларға мәтінмен таныса отырып, саралау, сипаттау, зерттеу, салыстыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу; Жеке, жұпта, топта жұмыс жасау арқылы бір - біріне ойын, пікірін ашық айтуға орта құру. Күтілетін нәтижелер: Сабақ соңында оқушылар өсімдік туралы білімдерін өзгелермен бөлісе алады. • Өсімдіктердің түрлерін, топтарын бір - бірінен ажырата алады. Олардың пайдасын, өмірде алатын орнын суреттеп бере алады. Сабақ, жапырақ, тамырдың қызметтері туралы айта алады. Жеке ойларын ортаға сала алады. Топқа ойын жеткізе алады. Нәтижені бағалау және тексеру: Алғашқы білімдерін толықтыру үшін ББҮ кестесін толтыру. Эссе арқылы бағалау. Алған білімдерін ортаға салады (топтағы басқа балалардың ойын жеткізеді). Қажетті материалдар: ИКТ, слайд - шоу, ватман, маркерлер, құмырадағы гүлдер, гүлдің тамыры, өсімдік құрылысына байланысты плакаттар. |
Күтілетін нәтиже |
Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту | Мұғалімнің сұрағы: Өсімдік туралы не білесіңдер? Балалар өз ойларын кестенің бірінші бағанына жазады. Жұпта талқылайды. Әр топтың ойларын мұғалім тақтаға жазады. Мұғалімнің сұрағы: Өсімдіктер туралы не білгілерің келеді? Балалар өз ойларын кестенің екінші бағанына жазады. Жұпта талқылайды. Әр топтың ойларын мұғалім тақтаға жазады. | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. |
Мағынаны тану | ІІ. Мағынаны ажырату сатысы: Оқулықпен жұмыс. Мұғалімнің нұсқауы: Оқушыларды топқа бөлеміз. Бұл – жанұя топтары. Жанұя топтары 1, 2, 3, 4 - ке саналып бөлінеді. Бірінші нөмірдегілердің барлығы бір топқа жиналады. Екінші нөмірдегілер екінші топқа жиналады. Келесі нөмірдегілер де осы тәртіппен жиналады. Бұл – жұмыс топтары. Мақсаты: Әрбір нөмірдегі бала жұмыс тобынан өз жанұяларына жаңа ақпарат алып келу керек. Өз жанұясына келген соң бірінші нөмірлі бала өзінің не үйреніп келгенін айтады. Екінші нөмірлі бала жалғастырады, т. с. с. (мұғалімге ескерту: жұмыс тобына келген баланың жауапкершілігі жоғары екенін айтуды ұмытпау керек). Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі. Оқулықта берілген мәтіндер. 1 - топ. Өсімдік – тірі ағза 2 - топ. Тамыр 3 - топ. Сабақ 4 - топ. Жапырақ Мәтінді жеке оқып, талқылап болған соң, өз жанұя топтарына келеді. Жанұя топтарында әрқайсысы өздерінің алған білімдерімен бөліседі. Әр топтан бір спикер өздерінің алған білімдерінен қорытынды шығарып, айтып береді. Өсімдіктер туралы слайд - шоу арқылы білімдерін толықтыру. |
Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? | Ой сергітеді,шашағандары басылады |
Ой толғаныс | ІІІ. Ой толғаныс сатысы: Кестенің үшінші бағанына сабақтың соңында балалар не үйренгендігін жазу. Сабақтың басындағы жазған алғашқы білімдерімен салыстырамыз. Сабақтың басында қойылған сұрақтарға қайта оралып, әр сұраққа тоқталамыз. Ашық қалған сұрақтарға үйде жауап іздейміз. Эссе жазу: «Мен өсімдікпін», «Мен сабақпын», «Мен жапырақпын», «Мен тамырмын» тақырыптарының біреуіне эссе жазады. |
Үйге тапсырма | Мазмұндау | Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс | | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |