kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Есімдік. Есімдікті? т?рлері. ?йтеке би

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасыны? Білім ж?не ?ылым министірлігі

Шы?ыс ?аза?стан облысы ?кімдігі білім бас?армасы

«К?лік колледжі» коммуналды? мемлекеттік ?азыналы? к?сіпорны

 

№ 25 саба?

П?н аты: ?аза? тілі ж?не ?дебиеті

Топ: 11 ЭА

О?ытушы: Мукашева Э.М.

Саба?ты? та?ырыбы: Есімдік. Есімдікті? т?рлері. ?йтеке би.

Саба?ты? ма?саты: білім алушылар?а ке? жазира ?аза? даласыны? ата?ты билері туралы ма?л?мат беру, ?лыларды? ?мірі ж?не ерлік істерімен танысу, ел ?амын ойлап, «ту?ан жер»-деп ?ткен билер туралы сыр шерту.
с?здік ?орын    молайту.

Саба?ты?  міндеттері:

Білімділік: о?ушыларды? есімдік оны? т?рлері та?ырыбы бойынша білімдерін на?тылау, ж?йелеу, жина?тау;

Дамытушылы?: ?з ойларын еркін жеткізе білуге да?дыландыру,ауызекі с?йлеу да?дысын жетілдіру, о?ушыны? д?ниетанымын ке?ейту, ауызша ойлау с?йлеу да?дысын ?алыптастыру, с?здік ?орын, тіл байлы?ын дамыту;

Т?рбиелік: о?ушыны? мемлекеттік тілге ??рметпен ?арау?а, оны сапалы да ерікті т?рде ме?геруге, адамгершгершілік пен жауапкершілікке, ?лы билерді? ?мірін, е?бегін ?лгі ете отырып, ту?ан хал?ы ?шін аянбай е?бек етуге, мейірімділікке, ?ділдікке, адалды??а, ерлікке, еліні? адал перзенті болу?а т?рбиелеу.

Саба?ты? типі: т?жірибелік (біліктілік пен да?дыны ?алыптастыру).

Саба?ты? ?дісі:  т?сіндіру, с?ра?-жауап, тал?ылау, топты? ж?мыс.

?олданылатын к?рнекіліктер: ?лестірмелі ?а?аздарда тапсырмалар,  о?улы?, с?здік, ба?алау пара?ы, фишкалар, слайдтар.

П?наралы? байланыс: ?аза? ?дебиеті, тарих, орыс тілі.

?олданылатын технология: а?паратты? - коммуникативтік технологиясы, сын т?р?ысынан ойлау, ойын технологиясыны? элементтері.

Саба?ты? ??рылымы:

І

?йымдастыру кезе?і

2 минут

ІІ

Саба? ма?сатымен таныстыру

3 минут

ІІІ

?й тапсырмасы

20 минут

І?

Жа?а та?ырып

50 минут

?

Бекіту

10 минут

Ба?алау

3 минут

?ІІ

?й тапсырмасы

2 минут

?олданыл?ан ?дебиеттер:

  1. Ш.?.Бект?ров. ?аза? тілі. Алматы. Атам?ра. 2006 жыл
  2. Ш.?.Бект?ров, А.Ш.Бект?рова. казахский язык для всех. Алматы. Атам?ра. 2004
  3. М.А.?араев. ?аза? тілі. Алматы. Ана тілі. 1993 жыл
  4. Х.?ожахметова. ?аза? тілі. Алматы. Мектеп. 2004 жыл
  5. Ж.Адамбаева Ф.Оразбаева К.О?албаева - ?аза? тілі. Астана «Фолиант» 2006 ж

6. С.Д?йсебаев Г.Байтилеуова - ?аза? тілі. Астана «Фолиант» 2007 ж

С?здіктер:

  1. Ш.Ш.Сарыбаева. ?ыс?аша орысша-?аза?ша с?здік. Алматы. 1980 жыл
  2. М.Д?кенбаева. ?аза?ша-орысша студенттер с?здігі. Алматы. Рауан. 1990 жыл
  3. Б.Исмаглова. ?ыс?аша орысша-?аза?ша с?здік. Алматы.2002 жыл

Жорналдар:

  1. ?аза? тілі мен ?дебиеті орыс мектептерінде. Жорнал. Алматы. 2000-2014 жыл
  2. ?аза? тілі мен ?дебиеті. Жорнал. 2000-2014 жыл
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Есімдік. Есімдікті? т?рлері. ?йтеке би»




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


25 сабақ


Пән аты: Қазақ тілі және әдебиеті

Топ: 11 ЭА

Оқытушы: Мукашева Э.М.

Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Есімдіктің түрлері. Әйтеке би.

Сабақтың мақсаты: білім алушыларға кең жазира қазақ даласының атақты билері туралы мағлұмат беру, ұлылардың өмірі және ерлік істерімен танысу, ел қамын ойлап, «туған жер»-деп өткен билер туралы сыр шерту.
сөздік қорын молайту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушылардың есімдік оның түрлері тақырыбы бойынша білімдерін нақтылау, жүйелеу, жинақтау;

Дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру,ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, оқушының дүниетанымын кеңейту, ауызша ойлау сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;

Тәрбиелік: оқушының мемлекеттік тілге құрметпен қарауға, оны сапалы да ерікті түрде меңгеруге, адамгершгершілік пен жауапкершілікке, ұлы билердің өмірін, еңбегін үлгі ете отырып, туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, мейірімділікке, әділдікке, адалдыққа, ерлікке, елінің адал перзенті болуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: тәжірибелік (біліктілік пен дағдыны қалыптастыру).

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талқылау, топтық жұмыс.

Қолданылатын көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздарда тапсырмалар, оқулық, сөздік, бағалау парағы, фишкалар, слайдтар. Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, орыс тілі.

Қолданылатын технология: ақпараттық - коммуникативтік технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, ойын технологиясының элементтері.

Сабақтың құрылымы:

І

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

ІІ

Сабақ мақсатымен таныстыру

3 минут

ІІІ

Үй тапсырмасы

20 минут

ІҮ

Жаңа тақырып

50 минут

Ү

Бекіту

10 минут

ҮІ

Бағалау

3 минут

ҮІІ

Үй тапсырмасы

2 минут


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ш.Қ.Бектұров. Қазақ тілі. Алматы. Атамұра. 2006 жыл

  2. Ш.Қ.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. казахский язык для всех. Алматы. Атамұра. 2004

  3. М.А.Қараев. Қазақ тілі. Алматы. Ана тілі. 1993 жыл

  4. Х.Қожахметова. Қазақ тілі. Алматы. Мектеп. 2004 жыл

  5. Ж.Адамбаева Ф.Оразбаева К.Оңалбаева - Қазақ тілі. Астана «Фолиант» 2006 ж

6. С.Дүйсебаев Г.Байтилеуова - Қазақ тілі. Астана «Фолиант» 2007 ж

Сөздіктер:

  1. Ш.Ш.Сарыбаева. Қысқаша орысша-қазақша сөздік. Алматы. 1980 жыл

  2. М.Дүкенбаева. Қазақша-орысша студенттер сөздігі. Алматы. Рауан. 1990 жыл

  3. Б.Исмаглова. Қысқаша орысша-қазақша сөздік. Алматы.2002 жыл

Жорналдар:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде. Жорнал. Алматы. 2000-2014 жыл

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті. Жорнал. 2000-2014 жыл


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, киім үлгілерін қадағалау, жоқ балаларды белгілеп журнал толтыру. Топ үш топқа бөлініп отырғызу.

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Бүгін сабақ барысында грамматикалық тақырып бойынша есімдік оның түрлері олардың жазылу ретімен, ерекшеліктерімен танысамыз, лексикалық тақырып бойынша мәтінді талқылап,сөздік жұмыс жасаймыз, тапсырмалар орындаймыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Сан есім. Сан есімнің түрлері. Сан есімнің емлесі. Қазбек би тақырыбы бойынша.

1. Сұрақ- жауап арқылы тексеру.

І. Қызығушылықты ояту.

1. Ғасырға неше жыл кіреді? (100)

2. Бір жылда неше жыл мезгілі бар? (4)

3. Бір жыл мезгілінде неше ай бар? (3)

4. Бір аптада неше күн бар? (7)

5. Бір тәулікте неше күн бар? (24)

6. Бір сағатта неше минут бар? (60)

7. Бір минутта неше секунд бар? (60)

8. Бүгін нешінші күн? (2-ші)

9. Қазан нешінші ай? (оныншы)

10. Бүгін ешесі? (25-сі)

ІІ. Сан есімнің мағналық түрлерін сипаттау (сұрақ-жауап)

1. Сан есімнің қандай мағыналық түрлері бар?

2. Күрделі сан есімдер қалай жасалады?

3. Есептік сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

4. Реттік сан есім нені білдіреді? Емлесі қандай?

5. Жинақтық сан есімнің ерекшелігі неде?

6. Болжалдық сан есім нені білдіреді және қалай жасалады?

7. Топтау сан есімнің ерекшелігі неде?

8. Бөлшектік сан есім деген не? Қандай түрлері бар?

2. Үйге берілген тапсырманы дәптерлерінен тексеру

3. Қазбек би туралы сұрау

4. Сөзжұмбақ шешу


ІV. Жаңа тақырып: Слайдтар арқылы көрсету

1. Есімдік. Есімдіктің түрлері.

Есімдік есім сөздердің: зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6)болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.

1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.

2. Сілтеу есімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.

3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т. б.

4. Өздік есімдігіне әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөзжатады. Өз есімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері, септеліп:өзімнің түрінде қолданылады.

5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.

6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан,ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздықмағынаны білдіретін сөздер жатады.

7. Белгісіздік есімдігі – затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін сөздер. Белгісіздік есімдігіне: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше;

әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан;әр, әркім, әрне, әрқашан, әрқандай, әрқайсысы, әрбір, әрбіреу, кімде-кімдеген сөздер жатады.

Есімдіктер – есім сөздердің орнына жүретін сөз табы болғандықтан, көптеліп те,жіктеліп те, тәуелденіп те, септеліп те қолданылады.


2. Лексикалық тақырыпты түсіндіру.

1 . Сұрақ - жауап кезеңі.
- Қазақ елінің атақты билерін атайық?
- Ұлы жүзде - Төле би, Орта жүзде – Қазыбек би, Кіші жүзде - Әйтеке би, сондай - ақ, Саққұлақ би, Бапан би, Сырым би, Байдалы би, Мөңке би.
- Билерге тән басты қасиеттерді ата?
- Әділдік, шыншылдық, батылдық, ақындық, шешендік, әдептілік, көріпкелдік, болжай білу.
- Билердің батырлығы неде?
- Олардың қолдарына қару алып жау шабуда емес, дұшпан алдында именбей, өткір тілмен турап түсетін әділетті сөз айтуында.
- Билер кімдерге кеңесші болған?
- Билер хан - сұлтандарға кеңесші болған.

Жаңа сөздер:

Би- бий, представитель власти, судья

Билік айту- разрешать споры

Көрнекті – видный

Шешен – оратор, острослов

Әділ - справедливый

Үлес қосу- вносить вклад

Ат салысу – поддерживать, помогать

Толғау- стихотворение- размышление

Ықпал -влияние

Дау – раздор, спор

Түз –степь, поле

Әр топқа мәтін тарату

І- топқа


Әйтеке би Бәйбекұлы - Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүзді басқарған би, қазақтың атақты билерінің бірі. Әйтеке би Кіші жүздегі Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан шыққан.

1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Әйтеке би осы жарғыны шығаруға зор үлес қосты. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.

Ол өте ақылды, шешен болған. Бір орталыққа бағынатын қазақ хандығын құруға ат салысты. Әйтеке бидің барлық ел арасында кең тараған толғаулары, шағын әңгімелері өте көп.


ІІ- топқа


Әйтеке бидің шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Ол жеті жасынан бастап Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды.

21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.

Әйтеке бидің есімі бұрын халық аузында ғана айтылып жүрсе, бұл күндері оған ескерткіштер қойылып, көшелердің аты берілді.


ІІІ- топқа


Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
- Ассалаумағалейкум, ағалар! - деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.
Жолаушының жасы үлкені:
- Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?

- Сейітқұл аулы.

- Өзің кімнің баласысың? – Бәйбектің баласымын

- Атың кім? - Қосуақ бидің үйі қайсы?

- Анау қырдың астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? - деп, сұрайды бала.

- Даулы болып келеміз, - дейді әлгі қарт жолаушы.

- Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:

- Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін күн, жабықта тепсе - жарты күн, түзде тепсе - төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын - дейді.
Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Өздерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың айтқанын айтып, балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін аласын- деп, әлгі даулап барғандарды риза етіпті. Сонда өлген баланың әкесі:

  • Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.


Тапсырмалар орындау

1. Мәтіннен есімдік түрлерін тауып, ажырату.

2. «Кім тапқыр» ойыны.

а) Жұмбақ шешу, берілген жұмбақтан есімдіктерді айту.

ә) Берілген шешен сөздер қай би айтқанын тауып, есімдіктерді

айту.

3. «Біліміңді сынап көр» ойыны

Берілген тапсырмаларды топпен орындайды.

4. «Бұл да қызық» сөзжұмбақ шешу.



V. Бекіту: «Зымыран сұрақтар» арқылы


VІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың жұмыстарын тексеріп бағалау.

VІІ. Үй тапсырмасы: Тапсырмалар орындау. №2, 487 бет


Оқытушының қолы:






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Есімдік. Есімдікті? т?рлері. ?йтеке би

Автор: Мукашева Эльмира Мукашевна

Дата: 11.03.2016

Номер свидетельства: 304196


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства